+4 дауыс
446 көрілді

Бәрініз куәсіздер кеше мен "Сайтқа алғасым және сайттың қатесі" деген сұрақ жазғанмын.Оны қолданушы, әрі модератор jako скрытый қылып жіберіпті.Мен көптеген модертаорлардың әділетсіздігін жаздым бүкіл қолданушы білсін деп.Ал не болды енді?Жауап беріндер.Модератор болсандар билік бізде деп ойлайтын шығарсындар бірақ дүние жүзінде 1000000 даған сайт болса сендер солардың ішіндегі біреуінде модератор атанып білгендерінді қылып жүрсіндер.Бұны да скрытый қылып жіберіндер...Мен тағы жазам.Ерінбеймін.Банға салу керек болса оған да көнемін 

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Асқар өзімнің інім екенсің. Талабыңа нұр жаусын. Кеше жазғаныңды оқыдым. Біліміңе, ізденісіңіз ризашылығымды білдірсем. Сайттағы болып жатқан жағдайдың барлығынан мен хабардармын. Арасында ғана болмаса 24 сағат бойы сайтты бақылап отырмын. Бірақ....

Есіңде болсын Асқар. Шындап келгенде осы модераторлар, редакторлардың арқасында сайт осындай дәрежеге жетіп, көпшілікке пайдалы сайт болып отыр. Сайт ережесінде көрсетілгендей модераторлар ешкімнің алдында ақталуы міндетті емес, олардың дәрежесі сайт админімен бірдей. Сен айтып отқан Жако атамыз сайт ашылғаннан бері келе жатқан қолданушысы. Яғни биыл қазан айында СЖ сайтының 4 жылдығын бізбен бірге тойлайды. Ол кісі сайтқа не керек екенін жақсы біледі, себебі осы сайттың қиын да, қуанышты кезінде де біздің қасымыздан табылып қол ұшын берген жан. 

Мінсіз ешкім жоқ, сайт модераторларынан да менің де тарапымнан да қателіктер кетіп жатады. Бірақ біз ешкімнің алдында ақталуға міндетті емеспіз. Әрбір сайттың қолданушысымен біз мақтанамыз, қуанамыз.  Пенде болған соң пендешікке барып қаламыз, бірақ ол біздің жаман екендігімізді білдірмейді. 

 Жазып жатқаным сайттың барлық қолданушысына тікелей байланысты. Жасы кіші демеңдер, ақылы асса аға ғой деген сөз бар. Ешкімді бөліп жарып қарамаймыз. Мен жалғызбын, кейде шаршаймын. Жалғыз өзім сайтты толық бақылап отыра алмаймын. Осындайда үлкен көмек қолын созып отқан модераторларымыз бар. Мен ешқайсына ақы төлеп отқан жоқпын, сондықтан ешқайсын сөге алмаймын, қайта алғысым шексіз. Сайттың тазалығы мен тәртібіне қарап отқанына. Сайтта жалпыға ортақ ереже бар. Барлығы сол тәртіпке бағынса жақсы болмақ. Бауыржан атамыз айтып кеткен: Тәртіпке бағынған құл болмайды! Сайттың тәртібіне бағынып, шу шығармай қолдансақ.

Кейбір жағдайларда бұлай жазбай, кері байланыс арқылы жазсаңдар мен шешуге тырысамын. Кері байланыс ол маған жеке хат жіберу почтама. Мен почтамды жиі қарап, тазалап отырамын. Яғни міндетті түрде оқимын деген сөз. Кей қолданушылардың хатына жауап бермеймін. Оны да мойындаймын, жауап бермеуімнің себебі ол қолданушы сұрап жатқан жәт сайт ережесінде жазылған. Оны қолданушы оқуға ерінеді. Сайт ережесі мен  FAQ оқып шықса, онда толық ақпарат берілген. Онда көрсетілмеген жағдай болса мен міндетті түрде жауап беруге дайынмын. 

Админге жеке хат жіберу деген жабық қой. Кейде 15тегі модератор-редакторлар шектеп шығып кетеді. Сайтта қаншама бос, ешқандай мағнасыз сұрақтар жүр. Солар неге жабылмайды?
Админге жеке хат жіберу деген ашық,жеке сұрақ қою дегені ғана жабық,Ержан!
+1 дауыс

Сенімен  келісемін.Менде  модеаторларға  қатты  ызыам  кеп  жүр.Тек  арасындағы  кейбіреулеріне  ғана

Рөнәлду сенің не жының бар модераторларда ?
+3 дауыс
Асқар бауырым сені түсінуге болады. Кез-келген қолданушы тіркеліп сұрақ қойып жауап берген соң одан да жалығып ақыл айтуға көшеді. Оған Құрметті Сұрақ-Жауап қолдаушылары деп басталатын сұрақтар дәлел. Ондай жағдай ақыл айту менде де болған. Кейбіреу шын көңілімен жазады ұсыныс ескертуді, кейбіреу жай ерігіп жазады. Тек бір күн сұрақ қоймай сайтты жаңартудан өткізейік деген болатынмын. Яғни ойым сайтта тазалап сұрақтарды жауаптарды өңдеу болатын. Алайда көптеген қолдаушылар қолдап жарайды дегенмен Админ қолдамады. Оның да өзіндік себебі бар. Бір күн бойы сұрақ қойылмай сайттың жабық болуы сайттың рейтінгіне басқа да жағдайларға әсер етеді. Сосын идексация деген бар. Яғни 2010, 2011, 2012 жылы қойылған сұрақтар. Оларды өңдесек сұрақтар қайта қалпына келу үшін кемі 20күн керек. Міне сол сияқты сайтта ескертуді жаза бергеннен гөрі ерінбей өңдей беру керек. Егер одан нәтиже шықпаса сұрақтың астына ескерту беру керек. Одан да түк шықпаса БАНмен шеше салмай модераторлар Админмен ақылдасса дұрыс шешімін айтады. Сол сияқты сұрақты жабу, жасыру, өшірудің себебі болады. Осы сайтқа тіркелгеніме осы айдың 28іне 6ай болады. Бірақ әлі үйренерім көп. Сайтқа қарапайым Java платформалы телефон Нокиа аша 200бен отырамын. Сайтқа кіруде қиыншылықтар орын алады. Сонда да сайт ұнайды. Себебі неде себебі Ерекеңнің сайты мені тарта білді. Біздің сайттың ерекшелігі Массагет сияқты ақпарат көзін орысшадан, ағылшыншадан басқа тілдегі сайттардан алмайды. Бірақ керек болып жатса алады. Алайда көбіне информацияны өзіміз саламыз. Сол үшін әбдеп ойланып саралап көр.
+1 дауыс

Иа алып тастапты шыдай алмағанғой солар мені баннға бергене бастап оларға жыным келеді итше сабап тастасағой сол мені берген модераторды Админ солардын арқасы дисіз онда неге олар бет албаты баннға береді айтнызшы неге олар қоданушынын  парақшасын бір уақыт қарап жақсы жауаптарын көтермейді  24сағат отырсаныз неге байқамайсыз?

...