+8 дауыс
1.2k көрілді
Ютубтан бір видео көрдім, көрдім де өте қатты ашуланып, бізге қарсыларды атып, жер бетінен түп-тамырымен жойып тастағым келді, әттең.. қолымда билік, қару жоқ.... Мына видеоны көріңіздерші, түсінесіздер.. Видеоны көрсеңіздер, қандай ойға баттыңыз, қандай күйде болдыңыз? Бойыңызды қандай сезім биледі? Мұндай жағдайларға қалай тосқауыл қоюға болады? Неге "қазағым" дейтін ҚАЗАҚТАР азайып кеткен? Неге қазақтар "шибөріге" айналып кетті? Қазақ халқына "кімдер" керек? Басқалар қазақтарды неге басына береді?... Оянайық, қалың қазағым, Бабаларымыз біз үшін тартты қанша азабын. Тез-тез қазақ, оянып, Берейік, малғұндардың жазасын...!
Сұрақтың жабылу себебі: жауап керек емес, пікір қоса беріңдер!
"Бораттың дауы" өтіп кеткені қай заман.
ұлттық намысы жоқ екен кейбір жауапберушілердің #meddi

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

бір құмалақ бір қарын майды шірітеді деген сөз осыған келеді. мен өткенде Қазақ қыздарының Қытай елінде жасаған істері туралы оқып кірерге тесік таппадым. Шынымды айтсам өзім қазақ болмасам қазақ қыздары не деген арсыз дер едім. Әттең өз арамыздан солай шығып жатыр. Оқуға деп жіберіп отырған қыздарымыз сондай тірлік істеп жүрген соң қазақ қыздарына намыс бар деп басқа елдер ойламас. Басқа елдер біз туралы жақсы ойлау үшін жақсы жұмыстар жасау керек, шетелге тәрбиелі жастарды жіберу керек. Өз елімізді масқара қылатын жастарды шығарып кімге ренжиміз. Қазақстанға келмей ақ сондай адамдарды көріп бізді арсыз деп ойлап кетеді. Шын мәнінді арын күзеткен қазақ қыздарының бар екенін олар қайдан білсін. 

Одан кейін қазақтың көре алмаушылық қасиеті бар. Өз ішімізден бір талант шықса, бәріміз жабылып оны тығуға тырысамыз. Мәселен Қайрат Нұртас. Түк жазығы жоқ болса да оны жек көрушілер көп. Неге екенін өздері білмейді. Қанат Смалов та осының айғағы. Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан тусын. Айта берсең көп.  Біз бір бақталас көрсек содан озып шығудың амалын емес, соны құртудың амалын қарастырамыз. 

Біреудің қаңсығы - біреуге таңсық болыпты деген бар. Шетелден біреу келсе соның асты үстіне түсіп кетеміз. шын мәнінде ол Қазақтарды менсінбейтін біреу болса да бізге бәрі бір. Жоғары жаққа да соларды отырғызып қойғанбыз.(Карим Масимов) Қазақша ән айтып, қазақша  сөйлесе соған мәзбіз. Ертең басымызға күн түссе солардың бірінші қашары анық. Қазақ атын әлемге танытып жатқан өзге ұлт өкілдері барын мойындаймын. Сонда да қазақтың аты қазақ.

Руға бөлінушілік бар. Бір кісі айтыпты(нақты есімі есімде жоқ) Қазақты жаулап алу үшін үш жүзге бөліп қойсаң болғаны деп. Біреу қазақты жамандап жатса үндемей, руы туралы айтса жаны шығып кететіні рас. Осының бәрі ұлтқа деген сүйіспеншіліктің жоқтығынан. 

Осы қасиеттер жоқ болғанда мүмкін қазақ мазақ болмас па еді. Бізге қазір нағыз патриоттар керек. Ұлт жанашырлары керек. Қазір қазақ туралыы айтылған әр сөзге қарсы шығып қарсыласудың орнына олардың қате ойлайтынын іспен дәлелдеуіміз керек. Өзге ұлт өкілдері қанша өтірік сөзге сенсе де, біз іспен дәлелдесек ұтамыз. Сөз таластырып, төбелес шығарып ақымақпен ақымақ болудың қажеті шамалы.

–2 дауыс
Не болды сонша ашуланып? )) Арамызда ұлттық намысы жоқ қазақтар баршылық. Олардан гөрі қазақша ән айтып жүрген басқа ұлт өкілдерін "бауырым" дегеніміз жақсы.

P.S. Өтініш, жауап жазушылар, дінді қозғамай-ақ қояйық.
не болды сонша ашуланып?? сонда сізге бұл ешқандай да әсер еткен жоқпа? бөлтірікті қанша асырасаң да тауға қарап ұлитынын естен шығармаңыз. Әркім қазақша ән айтып, қазақпын деп айта береді. ертең қазақтың басына күн түскенде соларды іздеп көріңіз. Қазаққа қазақтан басқа ешкім көмектесе алмайды.
дінді кез келген жерде қозғаймын, адам қайда болса да дінін ұмытпау керек, басымды кесіп алсандар да, сонғы сөйлемін жаман нервыма тиді, жүрегім қатты соғып кетті жыным келіп! Үлкен болым иманға шақырмай, жап-жас болып мен айтуым керек па, осының бәрі ұлтты кекету де, мазақтауы да иманның жоқтығынан, басқа түк жауап жоқ, Франциядағы теракт дұрыс емес келісем адам өлтіру деген ең үлкен күнә, бір риза болғаным енді Пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) туралы жазар алдырында ойлансын, ойланбай жаза ма вот франциядағыдай болады, неше жерден қорғалған офисте отырса да. Тақырыптан ауысып кеттім, бәрін бір жерге жазғаным просто. Дінімді қозғайм кез келген жерде, отвечаю осы үшін басым кетсе де дінімді қозғайм
+3 дауыс
Трагедия жасаудың қажеті жоқ. Бұл сюжет арзанқол атаққа әуес журналисттердің шедеврі ғой, өз аттарын жұртқа осылай аударып, жұрт назарын осындай арзан пафоспен аударғысы келетіндер мен осындай сюжетті көріп алып өз басымен емес, сюжеттен алған әсерімен өмір сүретін марионеткаларға күлуден басқа вариант жоқ. Бұндай иттікке иттікпен жауап беріп те қажет емес. Бұл тек провокация, яғни бір адам жақсы жетістікке жетіп жатса, көре алмағандар аяғынан шалу үшін, назарын түрлі әрекеттермен аударуға тырысады: мазақтайды, келеке етеді немесе алдайды. Бұндайды дер кезінде түсініп, тиісті жауабын беру керек, яғни барып төбелесу немесе өзі сияқты әрекетке бару мақсат емес, сауатты жолмен шешуге немесе жәй ғана назардан тыс қалдыру керек.

Мысалы, биік таудан жоғары жылдамдықпен сырғанап келе жатқан шаңғышының жолына тот басқан темірді қойып қойса, шаңғышы оның үстінен өте шыға алады немесе ол кедергіден секіріп өтеді, бірақ сол тот басқан темірдің жанына келіп тоқтай қалып, мынау маған кедергі келтіріп тұр деп шағымданатын болсақ, бұл дұрыс емес қой, қайта қарсыластар осыны қалап тұрғандай, жаныңнан өте шығады.
0 дауыс
Амал жоқ жетесіз өскен ұрпаққа.Негізі бұның бәрі қазақтардың кінәсі осындай жағдай болса халықта билікте үнсіз қалады
0 дауыс
Бір жағынан, көре алмаушылықтар көп болса, онда жағдайымыздың дұрысталып келе жатқаны) Бекболат Тілеуханов ағамызға қосыламын)

Ұқсас сұрақтар

+6 дауыс
3 жауап
+2 дауыс
2 жауап
...