+2 дауыс
2.2k көрілді
Құс тұмауы қай елден шықты? Ал шошқа тұмауы қай елден шығып еді? Қайсысы өте қауіпті? Қайсысы тез тарайды? Айырмашылығы қандай?

1 жауап

0 дауыс
Құс тұмауының вирусы алғаш ХХ ғасырдың басында Италияда анықталған және ұзақ бойы адамдар үшін қауіпсіз деп есептелінген. Құс тұмауының вирустары жабайы және үй құстарында, жылқыларда, шошқаларда кездеседі. Жабайы құстар (әсіресе суда жүзетінүйрек, қаз, аққу және т. б.) әдетте құс тұмауымен ауырмайды, бірақ індеттің таралу көздері болып табылады. Үй құстарды құс тұмауына шалдыққан жағдайда ауру жасырын түрде өтіп, құстардың өліміне соқтырады. Құс тұмауының вирусын адамдардың алғаш жұқтыруы 1997 жылы Гонконгта тіркелген. Онда құс тұмауы вирусының Н5N1 түрімен 18 адам науқастанып, алтауы қайтыс болған. 2003 жылы құс тұмауы Вьетнамда, Камбоджада, Қытайда, Индонезияда, Лаоста, Пәкістанда, Кореяда, Таиландта, Тайвань мен Жапонияда тараған.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныңмәліметтері бойынша, 2003 жылдан бері құс тұмауымен 100 адам сырқаттанған, олардың жартысының көбі өлген. Ресми деректер бойынша, 2005 жылдың 7 айында әлемде құс тұмауына шалдыққан 67 адам тіркелген, аталған кеселге негізін 25 жасқа дейінгі жастар шалдыққан, ол кеселге шалдыққандардың 70% құрайды. Оның ішінде 25 адам өлген. Осы уақытқа дейін вирустың адамнан адамға жұғуы анықталмаған. Сырқаттанғандардың бәрі ауруды құстардан жұқтырған. Вирустың мутациялық өзгерістерге ұшырауына байланысты оның вирулентігі күшейген. Құс тұмауының вирусының таралуы жабайы құстардың көктемге және күзге ұшу бағытына байланысты. Қазақстан Республикасының 24 ауданы, оның ішінде Оңтістік Қазақстан облысының Шардара, Мақтарал, Сарыағаш және Арал аудандары суда жүзетін құстардың күзге ұшу жолында орналасқан. Осы аудандарда құс тұмауы вирусының таралуы қаупі жоғары. Құс тұмауына шалдыққан науқаста байқалатын белгілер кәдімгі тұмаудың белгілеріне ұқсас. Үйреншікті зертханалық тексерулермен вирус Н5N1 штаммы анықталмайды, сондықтан дұрыс нақтама кеш қойылуы мүмкін. Нақтама қойылғанға дейінгі аралықта ауру асқынып, геморрагиялықпневмония, өкпе-жүрек жеткіліксіздігі, өкпенің қабынуы, энцефалопатия белгіліері байқалады. 1997-1999 жылдардағы індеттерден кейін құс тұмауына қарсы вакциналар дайындала басталды, олар клиникалық сынақтардан өтуде. Ем шаралары жүргізілген кезде құс тұмауын емдеуде кәдімгі адам тұмауына қарсы дәрі-дәрмектер жақсы нәтиже берген. Құс тұмауы вирусының "амантадин" және "ремантадин"ге сезімталдығы анықталған. Оған қосымша "санамивир" және "озельтамивир" дәрілерінің құс тұмауын емдеуде тиімділігі өте жоғары. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында құс тұмауының таралуының алдын алу үшін төмендегі іс-шаралар жүргізілуде. Құс фермаларында ветеринарлық қадағалау, залалсыздандыру талаптары күшейтілген, құс тұмауына күдікті 5000 құс өртелінді. Шетелдерден және құс тұмауы тіркелген аудандардан құс өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған. Жеке шаруашылықта үй құстарын күтүде арнайы киім, тұмылдырық кию, оларды күнделікте залалсыздандыру, құс тұмауына күдікті, ауырған құстарды басқаларынан жеке оқшаулап, мал дәрігеріне хабарлау, өлген құстарды өртеу, мұздатылған құс өнімдерін асқа пайдаланғанда гигиеналық және аспапты талаптарды қатаң орындау қажет.
...