+1 дауыс
1.1k көрілді
Көктем айлары келіп, жер құлпырып, гүлдер жайнап тұрған кештерде, қалайша көшеге серуендеуге шықпай тұрмасқа? Сол серуендердің бірінде аздап салқын суменен балмұздақтан дәм татып жүргенімізде жөтеліп, тұмауратқанда, бұл көктемгі тұмаудан арылу жолдарын білесіздерме ?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
ауру жайлы айтқанда ең бірінші аузымыға түсетін сөз: ''Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.''  Бірақ қанша дегенмен айтуға оңай ғой.

Мен білуімше тұмау жұқтырғанда лимонмен шәй ішкен өте пайдалы және бөлмені жиі желдетіп, ауасын тазартып тұрған жөн. Иісі сіңіп қалатыны болмаса, пияз(жуа) жесең де көп көмектеседі.Сонымен қатар бал(мед) қосылған ыстық сүт ішуге де болады. Тағы бір пайдалы нәрсе ыстық сорпа. т.с.с жолдары бар.
+2 дауыс
Жылы киіну керек.Ауырып, әлсіреп отырған адамды күштеп тамақтандыруға болмайды. Десе де, сұйықтықты көбірек ішкені жөн.Мұрын қуысын үнемі тұзды сумен шайып отыру қажет.
Егер дене қызуы көтерілсе, парацетамол мен ибупрофен қолдану керек. Аспиринге жоламаңыз.
Вирусты инфекциялар антибиотиктермен емделмейді. Бұлар тұмаудан айығуға емес, керісінше, оның асқынуына апаруы мүмкін.Мукалтин немесе Лазолван сияқты қақырық сұйылтатын дәрілерді дәрігердің рұқсатынсыз қабылдауға болмайды.
...