+2 дауыс
1.5k қаралым

Өз өмiрiңiзде осы уақытқа дейiн не ұқтыңыздар, не түсiндiңiздер?

ааа)))онда сіз де кешіріңіз)))

Соңғы жаңалықтар

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Негізгі түсінгенім, қиыншылық пен жақсылық қатар жүреді екен. Оны жеңбесем,алдыңнан шыға береді, ұлғаяды, дұрыс тірлік етіп,әр істі баппен, уақытты үнемдеп,пайдалы тірлік ету керектігін  ұқтым.

+2 дауыс
Түсінгенім... ешкімді қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың. Жақсылығыңды аяма, қалғанын өздері біледі. Түсінгенім... сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір-ақ сәт. Түсінгенім... өмірде қолда не бары емес, қасында кімнің болғаны маңызды. Түсінгенім... адамның басына түскен ісі емес, сол жағдайда не істегені маңызды. Түсінгенім... сөз қайтару, ойлап сөйлеуден жеңіл. Түсінгенім... кіммен қоштассаң да жылы шырай таныт, өйткені, онымен соңғы рет кездесіп тұруың мүмкін. Түсінгенім... егер сезімдеріңді басқара алмасаң сезімдерің өміріңді басқарады. Түсінгенім... кейбір адамдар қатты жақсы көрсе де, сезімдерін қалай білдіру керектігін білмейді. Түсінгенім... екі адам бір нәрсеге қарап екі түрлі нәрсе көруі мүмкін. Түсінгенім... жақыныңды ренжітпеу мен көзқарасыңа берік болудың арасындағы сызықты табу қиын. Түсінгенім... ең жақын достарың да ренжітуі мүмкін, оларды кешіре білу керек. Түсінгенім... кейде біреуді кешіру жеткіліксіз, өзіңді де кешіре білу керек. Түсінгенім... жүрегің канша жылап сыздаса да дүние сен үшін тоқтап қалмайды
Жарайсың TURа! Сен - данышпансың!
+1 дауыс

Әр адамның бойынан жақсы қасиет табылады. Бірақ оны көре алуың өзіңе байланысты екенін түсіндім. Махаббат - екеудің бірін-бірі сүюі. Тек біреуі ғана сүйсе, онда бұл - дерт екенін түсіндім. Адамды бақытты ететін де, бақытсыз ететін де - оның ойы екенін түсіндім. Ақшаға сатып алуға болатын нәрселердің құны түкке тұрмайтынын түсіндім. 
Өлімнен емес, бекер өткен өмірден қорқу керектігін түсіндім. 

0 дауыс
Жалғыз жан досым бұл анам екенін!
127,974
сұрақ
322,913
жауап
153,164
пікір
73,058
қолданушы
...