+1 дауыс
438 көрілді
Өмiрiңiзде болған әлi күнге дейiн естен шықпас сәттерiңiз жәйлi айтыңыздаршы

6 жауап

0 дауыс
2013 жылы 5инши маусымда УБТ тапсырганым ешкашан  есимнен кетпес деп ойлаймын. Асиресе корытындысы шыккан кездеги эмоциямды айтып жеткизе алмаймын. Мугалимдер уш сабактан бес аласын деп сеним арткан болатын. Мен тура сол сабактардан бир бир баллдан жетпей торт  алып калган болатынмын. Сол кезде катты окинген болатынмын. Омиримдеги ен куанышты, бирак окинишин бирге алып келген кун сол кун болатын!
+1 дауыс
Менiң өмiрiмде ондай жағдайлар көп болған бiрақ қатты әсер қалдырған үш жағдай болған... Мектепте оқып жүргенiмде DVD-деген ендi шығып жатқан едi, сол кездерi әпкем универде оқып жүрiп стипендиясынан маған DVD әкеп берген тұғын, мен сұрамасамда, ол кезде DVD алуға өзiмнiң құрбым жетпейтiн едi, осы сәт есiмнен еш кетпейдi, бауырлық сезiмдi сонда түсiнгем... Тағы бiр сәт сүндетке отырған күнiм) содан бiр күн алдын көзiмдi ара шағып алған тұғын, таңертең айнаға қарасам бiр көзiм ашылмайды iсiп кеткен, содан ұялып жүрмiн адамдар жиналса ұят болатын болдығой деп, сосын кинолардан көргендей Құдайға жалбарындым отырып алып, көзiмнiң iсiгi қайтсыншы деп, Алла жастың тiлеуiн бередi дегенi рас екен, әбетте айнаға қарасам ешқандай iсiк қалмаған көзiмде. Сосын сүндетке отырғызды) недеген айхай десейшi анау) врачтың қолы ауыр болдыма, әйтеуiр қатты қыйналғам)...
0 дауыс
Алабай ит қуған кезде жақсы адреналин болды.
0 дауыс
7 класта зорға дегенде 10'000тг жинап 6303 сотка ағам. Жаңа номер, флешка бәрі бар ед. 4-5 күннен соң сиыр баққанда жоғалтып алдым. Әлі өкінем :(
+1 дауыс
Өмірімде қызықты да, қорқынышты да кездер көп болған. 2 жасымда қауіпті ауруға шалдығып арғы дүниеге аттанып кететін кезімде Ташкент дәрігерлері операция жасап аман алып қалған екен мені. 3-сыныпта 21-қаңтар қыс кезінде аяғыма иненің жартысы сынып кіріп, аяғымның ішінде қалып қойған, 3 күннен кейін Сарыағаштық дәрігерлер операция жасап инені алып тастаған, аяғымда инемен 3 күн шыдап жүргем, тағы сәл шыдасам өліп кетуім де мүмкін екен дәрігерлердің айтуы бойынша, аяғымда операцияның тыртығы әлі бар. 7-сыныпта футбол ойнап жүріп құлап бір жақ бетім түгелдей жырылып, қанап, көгеріп мектепке бір апта бармай қойғам). Велосипедпен қаншама рет машинаға соғысқам ) Үлкен қабаған иттерден қашқаным есіме түссе әлі күнге дейін өз-өзіме күлем:) Тағы да көп өлімнен аман қалғам, талай қырылыстарда оққа ұшып кетуім мүмкін еді, бүгін Алып базар жақта жаяу келе жатсам машина соғып кетуіне аз қалды, тағы жүргізуші айқайлап қоят маған :) қазір еске алып отырсам менің өмірімде қызық оқиғаларға қарағанда, қауіпті оқиғалар көп болған екен )
0 дауыс
Ең кермемет сәтім өз еңбегіммен ақша тауып оны қолыма алған кезім
...