Заң сұрақ қойды | 20k қаралды
20k қаралды

Еңбек демалысына төленетін ақшаны қалай есептейді?

Мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарамын. Еңбек өтілім-17 жыл. Бірінші санатты мұғаліммін. Айлық табысым 70 мың теңге. Маған еңбек демалысына төленетін ақшаның толық сомасы қандай? Сауықтыруға қалай төленеді?

15 жауап

жауап берді

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 100-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.

Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  № 1394 қаулысымен (бұдан әрі - Ереже) айқындалады.

Ережеге сәйкес бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.

Орташа жалақыны есептеуде Ережеге қосымшасына сәйкес тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерілмейді.

Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

Орташа күндік (сағаттық) жалақы барлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анықталады.

Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік (сағаттық) жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істеген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына тиісінше бөлу жолымен анықталады.

Есеп айырысу кезеңі – төленуі тиіс ақымен (төлеммен) байланысты оқиғаның алдындағы ұзақтығы он екі күнтізбелік айға тең кезең, не егер қызметкер жұмыс берушіде он екі күнтізбелік айдан кем жұмыс істеген болса, орташа жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын нақты жұмыс істеген кезең.

Ережені қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы 135-ө бұйрығымен бекітілген.

Ереже және аталған ұсынымдар Министрліктің веб-сайты  «Нормативтік құқықтық база» айдарында орналастырылған.

Сонымен бірге, Кодекстің 239-бабына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.

Кодекстің 1-бабында азаматтық қызметшi - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам деп белгіленген.

Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысымен бекітілген.

Қаулыға сәйкес азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленген.

Осыған орай, мұғалімдерге сауықтыруға арналған жәрдемақы тарификациялау бойынша белгіленген лауазымдық жалақысы (еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы мен үстемеақыларды есептемегенде) мөлшерінде төленеді.  

Бұл ретте, аталған жәрдемақы ауылдық жерде жұмыс істегені үшін жоғарылатылған лауазымдық жалақы мөлшерінде төленеді.

жауап берді
Мен Жас маманмын жумыс истегениме 8 ай болды айлык жалакым 56000,  отпускнойды калай есептеуге болады
жауап берді

ҚР Еңбек кодексінің 92-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» ҚРденсаулық сақтау және даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен айқындалады.
Ережеге сәйкес бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.
Орташа жалақыны есептеуде, ережеге қосымшасына сәйкес тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерілмейді (жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы;
жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақы; қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерлерге берілетін өтемақы).
Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік жалақыны еңбек демалысына кеткен жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен есептеледі.
Орташа күндік жалақы барлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері санына бөлу жолымен анықталады.
Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істеген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері санына тиісінше бөлу жолымен анықталады.
Егер есеп айырысу кезеңінде қызметкерге жалақы есептелмеген болса, онда орташа күндік жалақыны есептеу есеп айырысу кезеңінің алдындағы он екі айдағы жұмысы не есеп айырысу кезеңінің алдындағы осы жұмыс берушіде нақты жұмыс істеген уақыт кезеңі үшін есептелген жалақы сомасын осы жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс күндерінің санына тиісінше бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ережені қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген.
Сонымен бірге, Кодекстің 139-бабының 10 тармағына сәйкес мұғалімдерге сауықтыруға арналған жәрдемақы тарификациялау бойынша белгіленген лауазымдық жалақысы (еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы мен үстеме ақыларды есептемегенде) мөлшерінде төленеді. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Лауазымдық жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу арттыру коэффициентін ескере отырып, егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бөлігі лауазымдық жалақы (мөлшерлеме) арттырылған күнінен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі. Арттыру коэффициенті арттыру айында белгіленген лауазымдық жалақыны арттыруға дейін белгіленген лауазымдық жалақыға бөлу жолымен есептеледі.

отпусной есептеу

Мысалы:Мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқаратын 18 сағаты бар, 18 сағатқа дәптер тексеруі және сынып жетекшілігі бар, еңбек өтілімі – 17 жыл. Бірінші санатты мұғалім. Айлық табысы 1 қыркүйектен бастап коэффициенті 2,83 болған кезде 71902 тенге(лауазымдық жалақы 50083 тг+ 1 санат 8848+ 10%РБ лж 5008тг + сын.жет 4424тг + дәптер текс 3539), ал 1 қаңтардан бастап коэфициенті 4,16 болған кезде 88945 тенге(лауазымдық жалақы 73620 тг + 10%РБ лж 7362тг + сын.жет 4424тг + дәптер текс 3539) есептелінген.

Егер 1 маусымнан 56 күнтізбелік күнге, оның ішінде 48 жұмыс күніне еңбек демалысына шығатын болса, мәселен кесте бойынша

Бір күндік жалақы 461477 теңге/188 күнге=2454,66 теңге
Осы 2454,66 теңгені 30 жұмыс күніне көбейтсек, еңбек демалысына 73640 тенге шығады.
Сауықтыруға арналған жәрдемақы 18 сағатқа 3,08 коэфциентпен 17697 теңгеге (БЛЖ(базалық лауазымдық жалақы )) көбейту арқылы 54507 теңге төленеді.

жауап берді
Біріншіден еңбек демалысына төленетін ақшаны білу үшін алдымен сізге неше күн еңбек демалысы берілетіні (оның ішінде қанша күніне ақша төленетіні және бессодержание ретінде төленбейтіні, жұмыста толық болу-болмау , нақты айлық табысыңыз, бір күн жұмысыңыздың сағаттық жалғасымы туралы ақпараттар қажет
жауап берді
Салематсызба Мен мектепте іс жүргізуші болып жұмыс жасаймын.  Қолыма алатын айлық көрсеткішім 32800 тенге. Маған сауықтыруға арналоған жәрдемақым қалай төленеді? Және  отпускнойыма қанша ала алам?
жауап берді
Salemetsizbe??men 2015tin sentiabrinen bastap uakytwa jumyska kirdim.endi ornumdagy adamnyn jumyska wuguyna bailanysty 2016nyn sentiabrine diin jumys jasadym.endi magan otpusk toleneme??
жауап берді
Сəлеметсіздер ме! Мен балабақшада тәрбиеші болып істеп жатқанына 6 жыл болды.    Il категорияны 2017 жылы қыркүйектен бастап төленеді деген алайда сылтау айтып төлемей отыр.2018 де қаңтардан бастап төленеді дейді. Категорияға қанша ақша қосылады? Тағы бір сұрағым бар жақында деректер шығамын.6айдан соң ақылы еңбек д емалысына шығуына бола ма?
жауап берді
Салеметсиздер! Мен балабакшада тарбиеши болып жумыс жасаймын.4 ж.тажирибем бар.декреттен кейин мен неше айдан кейиин демалыска кете аламын жане трудовой отпускага дейин мен после декретный деген отпускага кете аламынба??? Жане 6 айдан кейин трудово отпускага кет
жауап берді
Салеметсиз бе. Мен мугалим болып жумыс жасаймын. Жалакым 72000
жауап берді
Сəлеметсізбе ! Мен мектепте мұғалім болып істеймін.еңбек өтілім екі жыл.осы оқу жылында қыркүйек жəне қазан айларын толық істеп қарашаның бірінен декреттік отпускіге шықты.маған екі ай істегеніме еңбек өтілі қалай төленеді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
117,645 сұрақ
302,027 жауап
153,340 пікір
64,810 қолданушы