0 дауыс
2.2k көрілді

Руыңыз қандай?Байпақ руы туралы не білесіз?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Руым Кіші жүздің Жақайымы. Шынымды айтсам Байпақ руы туралы білмеймін... Кешірерсіз

+1 дауыс

Жандар,Байбақты — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Байұлынан таратылады. Байжиен, Батақ аталарына бөлінеді. Ертеде Еділ мен Жайық өзендері аралығын қоныстанған. Сондай-ақ, Ресейдің кейбір облыстарында да ұшырасады. Байбақты руынан атақты Жауғашты, Мәлке, Күшпен, Дәуімшар, Жомарт, Шолан, Сырым, т.б. билер мен батырлар шыққан. Ұраны — Дәуқара, таңбасы — бақан. Біздің ойымызша, Байбақты руының тарихы өте қызықты. Айтар болсақ, Кіші жүз руларының көпшілігі сияқты, бұл рудың да шығу тарихы осы уақытқа дейін айқын болмай қалып өтыр. Байбақты руының шежіресін қарастыра келгенде, тоқсаба оның төртінші ұрпағы болып келетінін көреміз. Осыған байлаиысты XV ғасырдағы орыс деректемелерінде және Бейбарыс ( ) пен Ибн-Халдуңда бар ертедегі қыпшаңтардың тоқсаба руы туралы мағлұмат қызықты, онда тоқсаба руы бірініні болып көрсетіледі. Бұл жайт бізге бүкіл байбақты руы болмаса да, оның әлде бір бөлігі ертедегі қыпшақтардан шыққан деп жорамалдауға мүмкіндік береді, оның үстіне неғұрлым кейінгі кездегі қыпшақтарда тоқсаба руы жоқ. Басқа да көптеген қыпшақ тайпалары сияқты, тоқсабаның кейіннен Кіші жүз құрамына, ал бір бөлігі ішінде қыпшақ руы бар қарақалпақ халқына енгені анық; соңғыларының ұраны Тоқсаба болып табылады. Ал рудың жаңа атауы (байбақты) шынында да жиі жорамал болып келгеніндей, кейіннен пайда болуы мүмкін. Ертедегі деректемелерде Байбақты руы туралы айтылмауын, бәлкім, осымен түсіндіруге болар. Байбақты руының таңба белгілері: және . (Тынышбаев бойынша). И. Мейер де бір ғана белгісін келтіреді. Таңбалардың осы әр алуан түрін мұқият қараған кезде олардың бәрі бірдей ұқсас екені және біреулерінде кішкене сызықшалардың негізгі сызыққа тік бүрышпен, ал басқаларында қиғашталып келуімен ғана ерекшелеттеді. Байбақты руының ұраны «Дәуқара», бізге Н. И. Гродеков пен М. Тынышбаевтың деректері бойынша ғана мәлім.

Мына жерден алдым.

КІШІ ЖҮЗ Руым БЕРІШ.
Байбақты мен Байпақ екі бөлек ру емес па??
Байбақты емес,Байпақ деген ру
Кешірерсіз.
+1 дауыс

Бұл  ру  туралы  интернетте  мәлімет  жоқ.Ал  менің  руым  Құлшығаш

+1 дауыс

Меніңде руым жайлы мәлімет жоқ! Мен кіші жүз Уақпын ішіндегі әлім! Орта жүз емес, орта жүздеде уақ деген ру бар!

...