0 дауыс
2.1k қаралым
Мен Мадия руынанмын ол қай жүзге жатады

1 жауап

0 дауыс
Мадиярлар — Орта жүздің арғын, қыпшақ тайпасының құрамындағы ру. Тоқал арғын жауғашты ұрпағынан — алдияр, мадияр, құдияр тарайды. Мадиярлар

ақбар

айтқұл

боз

абыз

шеру

қаламбет деген 6 атаға бөлінеді.

1843 ж. Орынбор ведомоствосының дерегі бойынша құрамында 375 шаңырақ бар арғын-мадиярлар Торғай өзен бойын мекендеген. Ы.Алтынсариннің дерегі бойынша Сарықопа болысында 1869 ж. 277 мадияр отбасы болған. Ал қыпшақ-мадиярлар Ақмола округінде (55 отбасы) тұрғандығы архив деректерінде сақталған. Қыпшақ-Мадиярлар:

сүлімалып

көбікқалық (ақ көбік),

мүйізді сарыабыз

құлан қыпшақ

бұлтың

орыс

төбет болып таралады.

Мадиярлардың дені Торғай өңірін, Ертіс бойын (Омбы, Кереку) және Ақмола аймағын мекендеген.
127,974
сұрақ
322,913
жауап
153,163
пікір
73,060
қолданушы
...