+3 дауыс
4.8k көрілді
Жеңгем бірде :- Ерке қыз тоқаш пісіріп берейін бе, бауырсақ па?!-дейді. Екеуі бір нәрсе емес пе деп күлемін мен. Шынында солай ғой я?! Ал созба нанды қаттама дейді. Әр қаламызда әр түрлі атаулары бар сияқты. Керсен деген не нәрсе? Маймыш деген ше? Пелмень, манты, түшпара , екіқұлақ осылар бәрі бір нәрсе ме? Сіз білгенді мен де біле жүрейін, шығысқа ма, батысқа ма келін болып қалсам керек болып қалар, айта отырыңыз.
Рахмет. Жауаптарыңызға. Керсен деп шараны не болмаса табақтын үлкенін айтады екен.Маймыш , екіқұлақты біле алмадым.

13 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Біздің жақта яғни орталықта бауырсақты бауырсақ дейді.Ал тоқаш деген орысша пряник(бір бір адамның тоқаш деп айтқанын естімеппін)Ал созба нан дегенді түсінбедім мүмкін бідің жақта шелпек немесе тандыр нан болар.Керсен,маймыш деген естімеген сөздерім екен.Пельмен деген ұсақ,домалақ болады.Ал оның қазақшасы тұшпара.Мантыны білетін шығарсыз,ал екіқұлақты естімеппін,мүмкін мантының қазақшасы шығар.

Бауырсақ
Созба нан дегеніңіз біздің тандыр нан болу керек

Міне тоқаш

Тұшпара(пельмен)

Манты

Пельмен суға пісіріледі,ал манты буға пісіріледі.
+2 дауыс

Оңтүстікте бауырсақ дейді.

+2 дауыс

Шығыс Қазақстан Обылысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылынды Сіз айтып отырған бауырсақ тағамын Бауырсақ деп атайды.

+2 дауыс

Бауырсақ: 

Тоқаш: 

 

"Керсен", "маймыш" , "екіқұлақ" дегенді мүлдем естімеппін. Ал пельмен деген тұшпараның орысшасы ғой.... 

 

 

+1 дауыс
менің ойымша қазақстанның барлық аймақтарында бауырсақ деп атайды
+2 дауыс
Анық жауаптар жазылған екен...Осыларды толықтыра кетейін.Майшелпек пен созба нан бір нәрсе.Ол нан емес.Біз жақта Құдай нан деп те атайды.Ол жұқа етіп жайылып,бауырсақты пісіргендей етіп пісіріп алады.Керсен деп отырғанымыз үлкендеу,шұңқыр ыдыс..
+2 дауыс

Бізде бауырсақтың екі түрі бар. Олар ашыған бауырсақ, яғни ашытқы қосып пісірген, екіншісі ашымаған бауырсақ - оны сүтке немесе суға  көбірек май мен ас содасын қосып дайындайды. Тоқаш деп орысша булочканы айтамыз. 

0 дауыс
Бізде бауырсақ деп айтады, басқаша атауы жоқ.
0 дауыс
Бiздiн Батыста бауырсак, шелпек (бауырсактын донгелек турi), ал токаш ол орысша айтканда сушки гой
0 дауыс
Бізде бауырсақ деп те, тоқаш деп те атайды. Бірақ, мойындаймын дұрысы бауырсақ, ал тоқаш деген jarygmai айтқандай орысша сушки ғой. Керсен, созба нан, маймыш, екіқұлақ деген қолданылмайды. Ал, пелмень деген тұшпара.
0 дауыс
Бiзде бауырсақты бауырсақ немесе қиықша деп те атайды. Пiшiндерiне байланысты болуы керек. Тоқаш деген булочка шығар.
0 дауыс

Бауырсақ деп атайды

http://www.gourmania.kz/2014/05/bauirsaq.html

0 дауыс

1)Пельмен- картопқа пияз, қара бұрыш және басқа да дәмдеуіштер қосып, қамырға салып қызған майға пісірілетін тағам. Картопты суға қайнатып, содан кейін қабығын аршып езеді.  Дәмдеуіштер мен пиязды  қосқанда араластырып езеді. Пельменді сөзбе-сөз аударсаң "құлақ нан" болады. Пішіні құлаққа ұқсайды. 

2) Пельмен - мантының кішкентай, суға қайнатып пісірілетін, ішінде ет пен пияз, дәмдеуіштері болатын тағам. 

Ұқсас сұрақтар

...