Бүгін тағы да Амантай Қажыны көрдім басқаша адам ешкімге ұқсамайды аппақ болып киініп алған, елдің бәрі оған қарайды, ал ол ешкімге де қарамайды. "Аттан аттан" деп ұрандап жүреді сол қайда аттан деп айтады? Мұсылман екеніне күмәнім жоқ бірақ сол басқа қажылар сияқты қажыма? Сұрағымды дін жайында деп түсініп өшіріп тастамаңдар, дін жайында емес жеке сол кісі жайында білгім келді
Амантай қажы Семей ядролық сынақ полигонын жаптыруға Олжас Сүлейменовпен қатар көп еңбек сіңірген адам. Әлеуметтік және саяси мәселелерге байланысты өзінің көзқарастарын батыл қорғап жүрген азамат.
Жақсы кісі, шамалы не болмаса. Қажы деп есімінің қасына қосып алғанына қарағанда қажылыққа барып келген шығар. Ол президент болып кеткенде қызықтың көкесі сонда болар еді ) Бірақ 1 пайыз дауыста жинай алмады ау дим сайлауда.
Әңгүдік пе бірдеме ғой, аздап мания величиясы бар ма деп ойлаймын, лағып сөйлегеннен басқа атқаратын шаруасы жоқ