+2 дауыс
4.5k көрілді

Достар, махаббат десе не ойлайсыз? Ана мен бала, жігіт пен қыз, отбасы мен бала арасындағы махаббат - қайсысын қалай түсінесіз? Жалпы махаббат деген сөзді естігенде не туралы ойлайсыз? Өз пікіріңізді қалдырыңыз....Махаббат туралы не ойлайсыз?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Махаббат... Бұл әлемді өзіне бағындырған ұлы күш. Адамды ақылға сиғысыз әрекетке апаратын құдырет иесі. Махаббатты бастан өткізудің өзі бір бақыт. Алайда ыстығы мен суығы, ащысы мен тұщысы, қуанышы мен қайғысы бір мезгілде ұштасқан махаббаты бағалай алу керек. Махаббат адамды барлығына да үйретеді.
-мейрімділікке
-қайрымдылыққа
-игі істер жасауға
-ғажайыпқа сенуге
-қызғаншақтыққа
-құмарлыққа
-әділдікке
-әдепсіздікке
-сыйластыққа
батыл болуға немесе керсінше жек көрушілікке,қызғаныштан жауыз әрекетке,бітпес дауға әкелуі мүмкін.
Махаббаттың шынайылығы-адам қашан кімге ғашық болатынын біліп болмайды.

Ұлы Ескендір атты қолданушының жауабы. Мына жерде

Махаббат деген не сезім?
Cуреттеген жан бар ма?
Жетпейді менің бар сөзім
Жеткізуге бір жанға.

Махаббаттың жалыны
Тозақтағы отпен тең.
Жанымды өртеп барады
Соншама саған не істеп ем?

Өзіңе ғашық етіп барасың
Оған мен не істей аламын?
Есі ауған жынды секілді
Артыңнан еріп барамын.

Махаббаттың шырынын
Көп ішпеп ем өмірде
Ғашықтықтың қыр сырын
Көп уақыт кетер білуге.

 "Ананың ойы балада, баланың ойы далада" - деген екен. Расында, ананың балаға деген махаббаты шексіз ғой. Ұлыңыз үлкен азамат болып өссін. Әкесі де Отанының жағдайын ойлайтын, жүрегі ҚАЗАҚ деп соғатын, әңгіме ұлтына келгенде ішкен асын жерге қоятын жақсы азамат!!! Әкесінің осы мінезі дарысын Әлімге!

Жазушы І. Есемберлин бұл сұраққа былай жауап берген: «… Ғажайып сезім – махаббат деген! Қара тасты қақ жарып шығып, өзіне жол салған мұз балақтай, махаббат жаныңның белгісіз бір түкпірінде пайда болады да, жолында тұрған сан бөгетке қарамастан бір жүректен екінші жүрекке жол табады. Кенет, көп адамның ішінен саған біреу ұнайды. Бұны кім, қалай түсіндіре алады? Бар болғаны сен оны сүйесің!… Бұл сұраққа адам баласы жаралғалы әлі ешкім жауап беріп көрген жоқ, сондықтан да мұндай сұрақты қоюдың да қажеті аз. Оған жүрек қана жауап бере алар. Сөз, ақыл – ойға берілген, бірақ оның да айтары жоқ… Алайда , ақыл – ой, жүрек, сезім – бәрі біртұтас». Дегенмен, бұл үлкен ғаламда қанша адам болса, махаббат жайлы да сонша пікір бар.

Оқасы жоқ!
Өзің жаздың ба?
Көшіріліп алыңған.
Икер Касильяс, ия көшіріп алдым. Сіз ешқашан көшірмейсіз бе?
Бас жағын көшіріп алдым.
Көшіріңдер, бірақ қайдан алғандарыңды жазыңдар немесе сілтемелеңдер.
Мен әр жерден ұйқастырып жазам. Пайдаланған әдебиеттер деп жазып кетейін бе?
+3 дауыс

Махаббат деген қандай сезім, ол не десе? 

 

Махаббат азбас байлық, 
Тозбас қазына дер едім.Ал сезім лаулап жанған алау,жүрек сол алаудың ошағы, сенім алауды лаулатар махаббаттың шырпысы дер едім.Мен өз басым кезінде махаббатқа сенбейтінмін. Өткінші сезім деп ойлайтынмын.Себебі сүйем деп айта тұра басқа адамға көз тастау бұл махаббат емес жай сезим.Өткінші жауын сияқты жауады да басылады, келесі жолы тағы жауады.Құрғақшылықта жауынды қалай тағатсыздана күтсең,махаббатты да дәл солай тосасың.Махаббатты үш санатқа бөліп қарастыруға болады.

Біріншісі:бала махаббат- бұл кезде жүрегіңе бүкіл әлем сыйып кететіндей сезімде боласың.Жүрегің алабұртып соны іздейсің, көруге зар боласың.Балалық сезімді бір сөзбен айтқанда ұйқыдан тұрғанда жүректегі жеңілдік,пәктік.

Екіншісі: шала махаббат -май шам тәрізді лаулап жанадыда уақыты келгенде өшеді,май шамда жанып бітеді.

Үшіншісі:шынайы махаббат-адам жүрегі өз шынайы махаббатын кездестігенде лүпілі жиілеп, ол жоқ болса тоқтап қалады екен. Жүрек өз шын махаббатын, өз жартысын тапқан кезде сезеді екен.Соған қарай алып ұшып,сені сенің махаббатың сол дегендей жетелейді де тұрады.Сен емес жүрегің онымен кездесуге ұмтылады екен.Ұнатасың,ғашық боласың.  Тек сүйемін деген сөз ойыңа келмейді екен. Менде де солай болды.Ең алғаш оны жай ұнаттым жақсы көрдім.Бірақ сүйемін деп ойламадым, менің тағдырым дәл сол адам деп ойламаппын.Адамды бірден сүймеу менің шынайы маxаббатым бұл емес деп ойламау керек екен.  Сезімің алғашқыдай болмайды екен.Мүлде басқа онсыз таңыңда атпайды,күніңде батпайды, онсыз бір күнің бір ғасырданда ұзақ көрінеді.Онсыз ас батпайды,жүрегің тек соны ойлайды,онсыз не ұйқы не күлкі жоқ, шөл далада жалғыз өзің сусыз, тамақсыз қалғандай сезімде боласың. Ойлайтын шығарсыңдар:"е, ол басында ғана солай, уақыт өте келе, бала болған кезде бәрі басылады деп" жоқ меніңде екі қызым бар, отбасы құрғанымызға төрт жылдың жүзі болды.Шынайы махаббат қаласаңда қаламасаңда өшпейді екен уақыттың да адамныңда қолында емес екен.Тек бір алланың қолындағы нәрсе. Мен жарымды жанымнан артық сүйем.Себебі ол алланың сыйы маңдайыма шыр етіп келгенде жазылған тағдырым.Қайда жүрсеңде тағдырдан қаша алмайсың. Оданда одан қашпай қабылда сені жүрегің жетелейді.  Жүрегіңнің үніне үңіл ол сені алдамайды. Алла тағала тағдырыңды, шынайы махаббатыңды жазбай табуыңа жәрдемін берсін.  Жүрек ешқашан алдамайды. Тек күт!

 

Рахмет жауапқа
Томирис, шынымен де мынаны өзің жаздың ба?
Жоқ!Көшіріп алдым.
(!) Дереккөз: http://sen-ushin.kz/story/2012-mahabbat-degen-kandai-sezim-ol-ne-dese.html

(!) Құрметті қолданушылар! Сұрақ-жауап сайтына белсене қатысып жатқандарыңыз үшін, рақмет! Сырт ресурстан ақпарат алғанда, міндетті түрде сілтемесін орналастыруларыңызды сұраймыз!
+1 дауыс

Сөзбен жеткізе алмаспын... оны сезу керек. Ғашық бол, махаббатыңды тап. Сонда сұрағыңда оқып "Керемет..." деп, жаныңды жай етіп, шабыттандырып, түпкіл сезімге бөлеген махаббат атауының құдіретін сезіне алар едің...

Махаббат ол:

Қыз Жібек пен Төлеген

Қозы көрпеш Баян сұлу

Енлік Кебек

Махаббат қызық мол жылдар.

Мөлдір махаббат

Жүрек қалауы

"Жүректегі жүзік

Міне махаббат деген осылар. Осыларды оқы түсінесің.

өзің жаздың ба?
+1 дауыс

Махаббат жайлы жазбаған ақын,ол жайлы сыр шертпеген сыршы,күйінде баян етпеген күйші,нәзік үнмен жеткізбеген әнші,сырлы қаламмен бейнелемеген суретші болмаса керек...Мен бір қарапайым қолданушы ретінде жазып көрейін...

Кеуде де қашан да тынымсыз жүрек соғып тұрады.Белгісіз үнмен....Сол жүрек бар екен,демек адам да махаббат бар.Адамдарды белгісіз күйге жетелеп,сан сауалдар мен тұңғиық ойлардың түбіне жетелейтін ерекше құдіретті күшпен жаратылған сезімдердің ұлысы - Махаббат.Оны сезе білу үшін том-том романдарды,жазылған талай жыр-дастантарды оқу шарт емес.Оны сезу үшін жай ғана ғашық болу керек...Ал  ғашықтықты көзден көре аласың.Себебі,көз - жүрекке алып баратын жалғыз жол...Махаббаттың ұлылығы адамдарды осы әлемде ұстап тұр.Алла оны өзінің шексіз құдіретімен адамдарға сый етті..Ол болмаса,ана баладан,бала анадан,адамдар отаннан,тіпті бір-бірінен алыстап кетер еді..Әлемді жеккөрушілік жайлар еді...Махаббат жайлы ойлар көп..Шынайысын білуді жүрегіңіздің үніне қалдырдым....

+1 дауыс

Мен махаббат деген сөзді былай түсінемін.Ол ең бірінші адамның Аллаға деген махаббаты, ата-анаға деген махаббат,бауырларына деген махаббат содан кейін барып қыз бен жігіт арасындағы махаббат.

+1 дауыс

Махаббат жайлы жазар едім..егер менде сол сезімдегідей сыр жасырылған болса..жай ғана пенденің оны айтып беруге қауқары жетпес..Сезімдердің қол жетпес биігінің нышаны болған махаббат мәңгілік бітпес те,ашылмас құпия..Ол өзінің сыңғырлаған үнімен жүректі тербеп,өз сиқырымен жаныңды баурап алады..одан құтылуға дәрмен жоқ..жай ғана бағынасың..кеудеңдегі жұдырықтай кішкене жүрек өртке оранады..сөндіруге су жоқ..жай ғана жан дүниең лаулайды..Белгісіз үміттің оты жағылып.,ес түсіңмен ақылың ғайып болады..көз көруді,құлақ тыңдауды,жүрек үнсіз тілдесуді қалайды..міне бұл махаббат.

Мұңға толы аққу

өзің жаздың ба?
Жоқ, мен сөзімді жеткізе алмаймын. Сондықтан осындағы бір кісіге жаздырдым. Онсызда бәрі сезіп, біліп тұрған шығар.
...