+3 дауыс
75.4k көрілді
Махаббат деген не өзі? Қалай түсінуге болады?

9 жауап

+10 дауыс
 
Жақсы жауап
Махаббат... Бұл әлемді өзіне бағындырған ұлы күш. Адамды ақылға сиғысыз әрекетке апаратын құдырет иесі. Махаббатты бастан өткізудің өзі бір бақыт. Алайда ыстығы мен суығы, ащысы мен тұщысы, қуанышы мен қайғысы бір мезгілде ұштасқан махаббаты бағалай алу керек. Махаббат адамды барлығына да үйретеді.
-мейрімділікке
-қайрымдылыққа
-игі істер жасауға
-ғажайыпқа сенуге
-қызғаншақтыққа
-құмарлыққа
-әділдікке
-әдепсіздікке
-сыйластыққа
батыл болуға немесе керсінше жек көрушілікке,қызғаныштан жауыз әрекетке,бітпес дауға әкелуі мүмкін.
Махаббаттың шынайылығы-адам қашан кімге ғашық болатынын біліп болмайды.
Ваааау )))  
Жауабыңыз маған қатты ұнады , рахмет сізге  , көп нәрселерді түсініп қалдым )
МАХАББАТ ДЕГЕН ОЛ АЛЕМДЕГИ ЕН ШЫНАЙЫ СЕЗИМ
+8 дауыс

Махаббат деген қандай сезім, ол не десе?

Махаббат деген қандай сезім, ол не десе?
Махаббат азбас байлық,
Тозбас қазына дер едім.Ал сезім лаулап жанған алау,жүрек сол алаудың ошағы, сенім алауды лаулатар махаббаттың шырпысы дер едім.Мен өз басым кезінде махаббатқа сенбейтінмін. Өткінші сезім деп ойлайтынмын.Себебі сүйем деп айта тұра басқа адамға көз тастау бұл махаббат емес жай сезим.Өткінші жауын сияқты жауады да басылады, келесі жолы тағы жауады.Құрғақшылықта жауынды қалай тағатсыздана күтсең,махаббатты да дәл солай тосасың.Махаббатты үш санатқа бөліп қарастыруға болады.

Біріншісі:бала махаббат- бұл кезде жүрегіңе бүкіл әлем сыйып кететіндей сезімде боласың.Жүрегің алабұртып соны іздейсің, көруге зар боласың.Балалық сезімді бір сөзбен айтқанда ұйқыдан тұрғанда жүректегі жеңілдік,пәктік.

Екіншісі: шала махаббат -май шам тәрізді лаулап жанадыда уақыты келгенде өшеді,май шамда жанып бітеді.

Үшіншісі:шынайы махаббат-адам жүрегі өз шынайы махаббатын кездестігенде лүпілі жиілеп, ол жоқ болса тоқтап қалады екен. Жүрек өз шын махаббатын, өз жартысын тапқан кезде сезеді екен.Соған қарай алып ұшып,сені сенің махаббатың сол дегендей жетелейді де тұрады.Сен емес жүрегің онымен кездесуге ұмтылады екен.Ұнатасың,ғашық боласың.  Тек сүйемін деген сөз ойыңа келмейді екен. Менде де солай болды.Ең алғаш оны жай ұнаттым жақсы көрдім.Бірақ сүйемін деп ойламадым, менің тағдырым дәл сол адам деп ойламаппын.Адамды бірден сүймеу менің шынайы маxаббатым бұл емес деп ойламау керек екен.  Сезімің алғашқыдай болмайды екен.Мүлде басқа онсыз таңыңда атпайды,күніңде батпайды, онсыз бір күнің бір ғасырданда ұзақ көрінеді.Онсыз ас батпайды,жүрегің тек соны ойлайды,онсыз не ұйқы не күлкі жоқ, шөл далада жалғыз өзің сусыз, тамақсыз қалғандай сезімде боласың. Ойлайтын шығарсыңдар:"е, ол басында ғана солай, уақыт өте келе, бала болған кезде бәрі басылады деп" жоқ меніңде екі қызым бар, отбасы құрғанымызға төрт жылдың жүзі болды.Шынайы махаббат қаласаңда қаламасаңда өшпейді екен уақыттың да адамныңда қолында емес екен.Тек бір алланың қолындағы нәрсе. Мен жарымды жанымнан артық сүйем.Себебі ол алланың сыйы маңдайыма шыр етіп келгенде жазылған тағдырым.Қайда жүрсеңде тағдырдан қаша алмайсың. Оданда одан қашпай қабылда сені жүрегің жетелейді.  Жүрегіңнің үніне үңіл ол сені алдамайды. Алла тағала тағдырыңды, шынайы махаббатыңды жазбай табуыңа жәрдемін берсін.  Жүрек ешқашан алдамайды. Тек күт!

сіз сияқты азаматтар көп болса деп тілеймін
+7 дауыс
Мына сұраққа назар аударыңыз. Ішінде біраз жауап жазылған. https://surak.baribar.kz/3219/махаббат-туралы-не-айталасыз
+8 дауыс
Махаббат деген - космос, ғарыш, алыстағы галакитка, ғалам.

Махаббат деген - ұрпағыңды жалғастыру; тірі жандардың ең басты принципі
+3 дауыс
Жаным ау менің, енді бул сураққа жауапты тапқан шығарсың!?

 

All I ever wanted was to see you smiling
All I ever wanted was to make you mine
I know that I love you
Oh baby why don’t you see
That all I ever wanted was you and me
All I ever wanted was to see you smiling
All I ever wanted was to make you mine
I know that I love you
Oh baby why don’t you see
That all I ever wanted was you and me (you and me)
+1 дауыс
Махаббат деген әлемдегі ең әдемі нәзік сезім. Махаббатты сезінген адам өмірдегі ең бақытты адам деп есептеймін. Себебі ол сол бір тәтті сезімге ие болды. Мен де сол сезімді сезіндім. Және бақыттымын. Бірақ махаббат қуанышпен қатар мұңды да бірге сезіндіреді. Әрине, ғашығың қасында жүрсе, сен онымен бірге бола алмасаң, қиналасың, қайғырасың. Менде де солай. Соған қарамастан мен ол адамға ғашық болғаныма ешқашан өкінген емеспін. Күнделікті қасында жүріп, қолымнан келген көмегімді аяған емеспін. Бірақ сонда да өте қиын. Не істерімді білмеймін. Ұмытайын десем де болмай жатыр. Қандай кеңес бересіздер?
Сен өз махабатыңызбен күресуді тоқтатпаңыз
+1 дауыс
Сөзбен жеткізе алмаспын... оны сезу керек. Ғашық бол, махаббатыңды тап. Сонда сұрағыңда оқып "Керемет..." деп, жаныңды жай етіп, шабыттандырып, түпкіл сезімге бөлеген махаббат атауының құдіретін сезіне алар едің...
+1 дауыс
Махаббат ол:

Кыз Жібек пен Толеген

Қозы корпеш Баян сүлу

Енлік Кебек

Махаббат қызық мол жылдар.

Мөлдір махаббат

Жүрек қалауы

"Жүректегі жүзік

Міне махаббат деген осылар. Осыларды оқы түсінесің.
+1 дауыс
сегіз әріп, бір арман))))))))))))
Махаббат деген немене айтайын білгің келсе,
Махаббат деген адамға атадан қалған өнеге.
Махаббат деген алтын күн сәулесін шашып тұратын,
Махаббат деген нәзік гүл уақыты келсе сынатын.
МенСен, жақсы өлең екен, авторы кім?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
10 жауап
+2 дауыс
6 жауап
+1 дауыс
3 жауап
...