+4 дауыс
904 көрілді
Қорқынышты бір кино есіме түсіп отыр да. Түнде сыртқа шығып бір нәрседен қатты қорыққан бала үйіне қашып кіреді, ертесіне оянып айнаға қараса шашы аппақ болып кеткен. Шын өмірде сондай бола ма? Қатты қорықсаң шашың ағарып кете ме, не себепті олай?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұл жай ғана қорқу кезінде болмайды.Бір имандылық негізі жайлы газеттен мына оқиғаны  оқып едім.Сол жерде бір адам үлкен пештің ішіне,тазалау үшін кіреді.Сонда досы оны білмей,есігін құлыптап кетеді.Әлгі адам өліммен бетпе-бет келгенін,ертең пешті қыздырған кезде ішінде күйіп кететінін ойлайды.Таңға дейін қорқынышта болады.Есікті жауып кеткен досының түсінде аян береді.Досы келіп,пештің есігін ашады.Қарасы әлгі кісі шашы ағарып,қартайып кетіпті.Егер барлық адам осындай қорқынышты сезіне алса,қартаяр еді деген екен.

Осыдан байқап,мұндай болуы мүмкін.Бұл ағзада болатын өзгерістердің салдарынан болса екен.

+2 дауыс

Бұның бәрі де бос сандырақ. Себебі шаштың ағаруына 1шіден эколгияға байланысты. 2шіден адам қатты ойланып

ашулатын болса ағарады дейді..

+3 дауыс

Жас ұлғая келе шаш табиғи түрде ағарады. Жастың ұлғаюымен орын алған шаштың ағаруы ешкімді де таң қалдырмайды. Бірақ кейбір адамдардың шашына ақтың ерте түсуі бұл құбылыстың себебін іздеуге жетелейді.

Жастардың шашының ағаруы қарттардікіне ұқсамайды.Қарттардағы бұл процесс - табиғи функциялық шегіну сипатындағы физиологиялық өзгеріс. Ал жастардың шашының ағаруы тұқым қуудан болуы мүмкін. Ондай адамдардың ата-анасы немесе ата-әжелері ерте шаш ағару дертіне шалдыққан болуы ғажап емес. Егер мұндай тұқым қуу факторы жоқ болса, онда бұл - кейін пайда болған «шаш ауруы».

Шаш ағару ауруының себептері тым күрделі болып келеді. Мысалыалбинизммен ауыратын адамдарда бұл құбылыс көп кездеседі.Немесе қоректенудің нашарлығы, көңіл-күйдің орнықсыздығы, жиі жабырқау, үмітсізденіп қамығу себебінен болуы мүмкін. Шаштың табиғи түрде ағаруы, әдетте 40 жастан соң басталады. Ал жастар арасындағы бұл құбылыс көбіне 20 жас айналасында орын алады.

Шаштың түсі меланиндердің (қара пигменттер) себебінен қарайып тұратындығын айта кетелік. Пигмент құрамы мол болған сайын шаштың өңі де қанық келеді. Егер пигменттің қалыптасу барысы кедергіге ұшыраса онда сіздің жас шамаңызға қарамай, шашыңыз ағарып кетеді.

+2 дауыс

Көркем қыз! Шаштардың ағаруы табиғи нәрсе. Ол қорыққанға да, уайым-қайғыға да байланысты емес.

...