+1 дауыс
2.2k көрілді
Менің бір інім өте қорқақ. Кешқұрым үйде отырғанда сырттан сықыр еткен дыбыс естілсе әжемнің қойнына кіріп кете жаздайды. -Бұл қоян жылы туылған , қоянжүрек содан деп айтып отырады әжем. "Жүрек жұтқан","жүрегінде түгі бар"-дейді ғой бір жігіттерді. Інімді қалай өзгертсем болады? Табиғатынан қорқақ адам батыл бола ма? Сұрақ етіп қойғаным дұрыс па, бұрыс па? Сіздер мені түсінесіздер ме жоқ па білмеймін?!. Оның болашағы үшін қатты алаңдаймын. Өсіп жігіт болғанда қандай болады. ... Баланы бастан қалай батыл етіп тәрбилеуге болады?
Қорықпайды батыл болады

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Меніңше інің сырт көзге қорқақ болғанымен рухы батыл болуы мүмкін. Меланхолик темпераментіндегі адамдар солай сырт көзге қорқақ секілді көрінеді. Алайда ол өте мықты, батыл болып келеді. Інің қай жаста? Әлі кішкентайлау болса "алдап-сулап, қорықпайтындай, рухты сөздер айтып (баланы дәрігерге апарар кездегідей) тәрбиелеуге болады". Осы бастан дұрыс тәрбие алуы керек.

+2 дауыс
өсе келе қорықпайды.Уайымдама
+2 дауыс

Әлі бала ғой,мүмкін еркеліктен де болар.Өсе келе өзі-ақ батыр болып кетеді.Жалпы бұның қазақы бір жолы бар.Ол баланың мойнына қасқырдың азу тісін байлап қою,яки тұмар іспеттес.

+2 дауыс
Оған уайымдаудың еш қажеті жоқ. Қазақта "Қорқақты көп қусаң батыр болады"-деген сөз бар, ертең өмірдің (өмір дегенімізде сол көп тықырдан тұрмай ма?)өзі ақ батыр қылып шығарады. Бір досым бар,мектепте ішіміздегі ең жасқаншақ сол еді, кешегі 90-шы жылдары бір ауданның положениесін қарап отырғанда досымды танымай қалғанмын. Неше түрлі жағдайлар бола береді.
...