0 дауыс
423 көрілді
Біздің отбасымызда 6 бала бар ен кенжесі ол інім оның жасы 15 те ол өте жасқаншақ ылғи да көніл күйсіз жүреді басқа балалардан қорқады өзіне тұрып бере алмайды

Ұрсан балан жасқанады

Жасқаншақты басынады басқалары

Ұрмай ақылменен тәрбие берсен

Ертен өз ақылымен елді басқарады

Дәл осында айтылғандай оны көбісі басынады өзі ұялшақ оны қалайша батыр қылдырып тәрбиелесек болады қалайша духын вагон қылса болады?

Әлде осының барлығы қатал әкеміздің кесірінен ба?Менің естігенім бойынша әкемді кішкентай кезінде атам қамшымен тәрбиелеп өте қатал ұстаған екен дәл солайда меніде оныда сүйтіп тәрбиеледі әлде осының кесірінен ол жасқаншақ болып өсті ма ертен қалайша өзіне тұрып бере алатын азамат болады деп аландаймын.

2 жауап

0 дауыс
Жасқаншақтықтан айығудың жақсы бір жолы – көпшілікпен араласу. Айналасындағы достарының қандай болуында. Достарының бойында жасқаншақтық мінезі жоқ, қоғамдық ортада өз ойын емін - еркін айта алатын таныстарыңыз болса, онда осы адамдармен қарым - қатынасын арттырыңыз.
Олардың мінез - құлқы сөзсіз жұғады. Өзіне деген сенімді ұлғайтуға көмектесуіңіз керек. Бұл оған жаман әдеттен арылуға, бойындағы жақсы қасиеттерді ашуға көмектеседі.
Не нәрсеге бейім, қандай қабілеті бар. Сол қасиеттерін жетілдіріп, басқа әлсіздіктерге қарсы тұра алатындай көмек беріңіз.
+1 дауыс
Мырза сіз атаңыздың таяғына шыдап беріп жасқанбай өмір сүріп жүрсеңіз ол онда атаңызға байланысы жоқ болуы мүмкін. Бірақ та ескеріп отырсақ сіздің ініңіздің психалогиясын тексертуіңізді өтінемін!
...