–1 дауыс
674 көрілді
Қатты қорыққан адамдарды құтқарсаң не үшін рахмет айтпайды?  Біз жиенім екеуміз елсіз жерде трассада кетіп бара жатсақ, жол бойында бір коммерсанттардың "Ситроен"автобустары  артқы моторы жағы жалындап өртеніп жатыр екен,күн қайнап тұр,7-8 адамдары жерде өшіре алмай жылап,шыр-пыр болып жүр,1-2 уі талып жатыр, сулары да жоқ айдалада. Автобустың ішінде шамадан тыс 20 миллионның тауарларын артып алған екен, онысы 10-15 тонна боп қалады ау.оларға машиналар тоқтамай өтіп жатыр.Біз тоқтап көліктегі огнетушительді алып автобустағы өртті өшіріп, пенамен көміп тастадық.Автобус аман қалды,біраз тауарлары күіп кетіпті. Анау адамдардың екі көздері тауарда, бізге рахмет айтпады да,біз бұрылып жөнімізге кете бардық, 2 км жүргенде ГАИ тоқтатып 3 мың тенгемізді қағып алды,сәл жылдамдық үшін.Олардың рахметтері сол болды....

5 жауап

+1 дауыс
Алладан қайтады ))))
0 дауыс
Алладан қайтсын!!!
+2 дауыс
Біреуге жақсылық жасасаң, ертең сағанда біреу жақсылық жасайды. Оны ойлап қамықпа! Олар дүниелерін ойлап ештеңенені көрмей, байқамай қалған ғой. Жасаған жақсылығың, Аллаһтан қайтсын.
+2 дауыс

Тауарлары жарамай қалғанға қапаланған ғой.Жаңағыдай жағдайда адам не істерін білмей,абдырап қалады.Оған бола ренжудің қажеті жоқ,ол кісілер кейін есін жиғанда барып біреулер көмектесіп еді,Алла разы болсын деп,сізге келіп айтпасада,тілек тілейді.Қандай жағдайда да,сіз сауабы мол іс жасадыңыз,бәрі Аллаға аян

Олардың тауарларының бәрі өртеніп кетпеген,біз оны өшіріп үлгердік 80-90 пайзы өртенбей аман қалғанын көрдік қой.Оны қойшы  МАИ қызметкерлері соларға көмек берудің орнына машиналарды аңдып бұталардың арасына жасырынып тұрғанына қатты жүйкеміз тозды.
0 дауыс
Көзі тауарды болған соң шығар
...