+7 дауыс
529 көрілді

Ұлықбек есімді редактор бастамасы ұнады. бірақ белгілі, белгісіз себептермен аяқсыз қалып бара жатыр. Сайт өз жұмысын тоқтатпайды, сұрақтар да қойыла бермек. Біз, редакторлар мен модераторлар, сұрақтарды санат бойынша бөліп алып, өңдеп жіберейік. Сайт рейтингі артсын, сайт таза болсын. Тіліміз бұрмаланбай, сауаттылыққа бет бұрайық деген ниет қой. Алла қаласа сессия аяқталысымен, 1-2 күн жиналып, өңдейік. Мен, Chicharito, Ұлықбек,Жако,Админ,Жұбатхан,,Сайлау,Хинзеф,Жұрттың қызы,Купидончик,Елжан,Ал-Астер,Азамат,Қуанышбек,Марат Қаниев,Чичарито,Akosi (қалғандары сайтта көрінбей жүр). Осы аталған және басқа да ред,модтар, жауапқа келісімдеріңізді жаза кетсеңіздер! 

https://surak.baribar.kz/396685

https://surak.baribar.kz/395595

бәрімізге сессия. сондықтан алдағы қаңтар айында бастайық.
Сосын мына сұрақты таңдаулылар қатарына енгізесің бе, Ербол?
Админ бұны құптамайды деп өзің жауыпсын ғой!
Админнен рұқсат сұрамайтын болып шештік. Бізге мүмкіндік берді. Оны пайдалана білу қажет!
Ұлықбектің бастамасы осы болатын: https://surak.baribar.kz/395595

13 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Өте дұрыс шара. Бірақ арнайы бір екі күнге тіреп қойғанды түсінбей жатырмын, мысалы мен күнде өңдеп ретеп отырмын. Тек соңғы қойылып жатқан сұрақтарды. Оған арнайы бір күнді тағайындамай-ақ әр модератор, редактор өзіне бір санатты алып өңдесе болды. Ал негізгі бұл шараға менің қарсы шығып жатқаным техникалық тұрғыдан болып отыр.

Жаңадан қойылып жатқан сұрақтарды өңдеп отыруға болады. Оның сайт үшін ешқандай зияны жоқ. Солай етіп те жатырмыз үлгергенше. Ал бұрынғы сұрақтардың өңделуіне қарсы болып жатқаным, ол сұрақтар іздеу сайттарында индексациядан өтіп кеткен. Оның барлығын өңдеп тастасақ басқа контент деп іздеу сайттарынан санкцияға ұшырауы мүмкін. Яғни көптеген ақпараттар іздеу сайттарына шықпай, қалуы мүмкін. 

Сондықтан жалпы бірденен емес, әр модератор мен редактор арнайы бір күнді алмай өзіне бір сантатты алып сұрақты өңдеуді қажет деп тапса өңдеп, сосын санатын дұрыс санатқа таңдаса сайтқа тигізген пайдасы, қолдауы сол болар еді.

Мен сұрақтардың өңделіп әдемі түрге келгенін меен де қалаймын, бірақ бір күн тағайындап сол күні істеуді құп көріп отқаным жоқ. 

Достар ең дұрысы қолы бос адам, қолы бос кезде бір санатты таңдап ішін қарап, қатты өңдеуді қажет деп тапқан сұрақты өңдеп, сосын дұрыс санатты таңдаса осының өзі үлкен ерлік еді. Бұрынғы сұрақтар іздеу сайттарында индексациядан өтіп кеткен.

Ең дұрысы ол жаңадан қойылып жатқан сұрақтарды уақытылы өңдеп отырсақ, бар дұрыс істеп жатқанымыз сол болар еді.

индексация туралы хабарым жоқ екен. Олай болса аталған арнайы қолданушыларға әр санатты бөлісіп алайық. Сол санатқа жауапты ретінде қарайық. Менің ойым упорно бір екі күнде жұмыс жасап, сайтты әдемілеп қойсақ па дегенім ғой. одан кейін от души, рахаттанып жаңа сұрақтарды ғана өңдеп жүреміз.
+2 дауыс

2 күннен соң маған сессия басталады. Басқа да шаруаларымнан қолым тимей жүр. Бірақ күніне 2 сағат уақытымды осы сайтқа арнаймын. Осымен екінші рет айтылып жатыр осы мәселе, қосыламын. Негізінен Ұялы телефон, Компьютер, интернет, Әлеуметтік желілер санатында боламын! 

Азамат, маған да сессия басталады 19 желтоқсан. Біткен соң бәріміз упорно жасап тастайық деген ой менікі. ешкімге зиян тимес үшін, сессиядан соң бастасақ...
+2 дауыс

Мен келісемін. Бәрі де келіседі деген ойдамын. 

Барлығы 33 санат бар екен, мына санаттарды мына адам алады деп лайықтап бөліп берсең жақсы болар еді. Ерінсең мен-ақ бөлейін. 

Админді араластырмай-ақ қояйық дер едім. Шаруабасты адам секілді, оның үстіне сайтты ашып, көптеген қолданушылардың басын қосып бізге жақсылық жасады. Жақында өтіп кеткен туған күніне сыйлық ретінде оны араластырмайық. Біз үшін сұрақтарды өңдеп қиналмай-ақ қояйық. Онсызда ол ағамыздың істеген үлгі етерлік істері жетерлік. Келісетіндерің пікір ретінде жазыңдар.

Ұлықбекке келер болсақ оны редакторлыққа өзім ұсынғанмын. Сайт үшін біраз еңбек сіңірген адам еді, сайтқа құштар еді. Мүмкін себебі болған шығар, жарты ғаламға жар салудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Күтейік. 

Сайттың тазалығын сақтау - барлық қолданушылардың міндеті. Сондықтан тағы да бірнеше кісілердің дәрежесін көтеріп, редакторлыққа сайлауды ұсынамын. 

Барлықтарыңа сәттілік тілеймін, мен қатарларыңдамын!

ок, сөзеріңе қосыламын! Ұлықбекке әңгіме жоқ қой. жақсы жігіт!
Сессияларыңды бітіріңдер, Жаңа Жылда сайтымызға сыйлық жасайық!
Жаңа Жылға дейін өңдеп бітірейік.
+2 дауыс

Келісемін...... Бірақ 20-ына дейін уақытым болмайды. 

+2 дауыс

Менде қосыламын. Маған қандай санат. Қашаннан бастаймыз.

Редакторлығың құтты болсын!
Рахмет!!!!!!!
Мәләдес бұ жігіт! Жақсы редактор екен!
+2 дауыс

Жақсы ұсыныс. Сессиядан соң қол босайды. Сол кезде бастауға болады.

Ол қашан бітеді?
6-шы қаңтарда бітеді.
+2 дауыс

Ал мен СПОРТ,Видео,сурет,кескін деген санатты аламын!

+2 дауыс

Негізі қызық ұсыныс, 1-2 күн жиналып өңдейміз бе (немесе қаңтар айына дейін), қызық екен содан кейін ешкім өңдемей қала ма? Одан да үнемі  өңдеп, сайттың дамуына мән беріп жүрейік деп ұсыныс жасамадыңыз ба 

ия, сенікі дұрыс. ол ұсынысты бәрі айтқан. нәтиже жоқ өзің де көріп жүрсің. Бәріміз упорно бір өңдеп тастасақ, қолданушылар да көріп, қате жазбауға тырысатын болады, өзіміз де өңдеуге бейімделеміз. Қазақ тілін шұбарландырудан сақтаймыз ең бастысы!
+3 дауыс

Сілтеме бойынша келіп тұрмын... үлес қоспақ ниетпен!

https://surak.baribar.kz/396685/сайтқа-үлес-қосамын-деушілерге-кіріп-кетсеңіздер?show=396831#a396831
+1 дауыс

Іске сәт жігіттер имен қыздар.

+1 дауыс

Менде келісемін.Санаттарды бөліп берсеңіздер болды.

+1 дауыс
Ойың өте керемет ұнады. Барлығы жақсы орындалуын және сайтта тек өзекті сұрақтар болуын тілеймін.
+1 дауыс

2010, 2011, 2012 жылдың сұрақтарын өңдемей-ақ қояйық. Олардың уақыты (срогы) өтіп кетті. Одан да жаңадан қойылып жатқан сұрақтарды күнделікті өңдеп, сайт арнайы мүшелері белсендірек болып жүрсек жетеді деп ойлаймын. 

...