+2 дауыс
681 көрілді
Құрметті модераторлар,редакторлар сайтқа соңғы кезде есептер көбейіп кетті,тіпті қателесіп,ілмектерді дұрыстап жазбай,сұрақты қате қоюда.Менің жалпы ойым сайтқа есептерден гөрі сұрақтар көп қойылғанын қалаймын.Жаман ойлап қалмаңыздар:мен тек сайттің келешегін ойлап жатырмын.Мен жалпы сайтқа есептер қойылғанына қарсымын.Сіздің жалпы ойларыңыз қалай?
Бұл тек математикаға ғана емес басқа пәндерге де қатысты.
Дұрыс ұсыныс. Мен қолдаймын. Сол үшін плюс тағы бір дауыс.

8 жауап

+2 дауыс
Тек модератор, редакторлар емес сұрақ қоятын. Барлық қолданушы қояды. Білмей тұрған есепті сұрау дұрыс. Тек қалай шығару керектігін сұрасаңыздар. Біреу шығарып берсе одан не білім болады?! Және бүкіл кітаптың есебін көшіріп жазудың қажеті жоқ! Есеп шығаруға көмектесетін қыркүйекте жаңа сайт ашылды. Ол *****.kz сайты. Осы сайтқа қалаған есептеріңізді қоюларыңызға болады.
0 дауыс
Ия.Бұл сайтта қыркүйек басталғалы есептер көбейіп кетті. есеп сұрайтын сайт бар. сол жерге қойсын. бұл сайтта математикатер көп емес қой.Бұл оқушылардың білімсіздігін көрсете ме, әлде матемге қызығушылық артқанын көрсете ме екен?
Елеке қателеспе. Есеп шығаратын адамдар табылады. Сенен алдын Аяу, Тоғжан, Архун атты қолданушылар болған. Есептің шығару жолын көрсете алатын белсенді қолданушылар болатын. Уақыт өте келе басқа буын қолданушылар келіп жатыр. Олар шығара алмайды деу қате пікір. Сосын ескерте кетейін орынсыз басқа сайтқа сілтей беруді мен спам деп қабылдаймын. Әр сұрақтың уақыты келгенде жауап бере алатын адамы табылады.
Менің ойымша есептердің есептердің шығару жолын көрсетсе жақсы болар еді.Егер басқа біреулер есептер шығарып берсе,үй жұмыстарын орындаса  одан не білім болады?
Сол қолданушылар қайда кеткен? Бұрынғы белсенді қолданушылар мен қазіргі жас буын белсенділерінің басы қосылса СЖ сайтының рейтингін біршама жоғарылататынымыз айдан анық. Сол қолданушылармен танысқым келіп жүр. Бұрынғы сұрақтарды оқып, сол кездегі ұйымшылдықты көріп қатты қызығамын!.. :).
- Менікі орынсыз сілтеме қалдыру емес қой. источник болғандықтан қалдырып отырмын. Бостан бос ссылка тастаған жауабым жоқ шығар деп ойлаймын.
- Андройд, келісемін. Біреудің шығарғанын түсініп көшіргеннің өзі ары кетсе 1 айдан соң ұмыт болады.
- кім біледі? әр түрлі себептер болады ғой интернеттен қол үзіп қалатын.
0 дауыс
Үйренеді ғой  модераторлар жеке хат жебіріп кателігін айтым отырса  барлығымыз айтсада болады. Бұл кез-келген тақырыпта сұрақ қойуына рұқсат, тек жарнамаға жол жоқ. Олардың ешқандай зияны жоқ, математика сұрақ жауап сайты ашылған  сол сайтқа математикадан  сұрақтарды қояды, әзірше осы сайтқа қоя берсін ол сайт қолданушылар аз дами келіп көбетин шығар. админ мырзадан кеширим сұраймын осыдан ары қарай қайталанбайды сайтқа силтеме жасамаймын
+4 дауыс
Сіз бұл жерде өте-өте қатты қателестіңіз. Бұл СЖ сайты түрлі тақырыпта сұрақ қоюға арналған. Атап айтар болсақ, техника, үй шаруасы, әлем жаңалықтары, пәндік сұрақтар және тағы сол сияқты. Есептер қойғаннан сайт дәрежесі түспейді. Керсінше көтеріледі. Мысал келтірер болсам: сіз есептің шартын жазып сұрақ қоюсыз. Оған қанағатты жауап аласыз делік. Біздің сайтымыз жайлы білмейтін басқа біреу сіз қойған есептің шартын жазып, іздеу жүйелерін іздейді. Сөйтеді де біздің сайтқа тап болады. Қуанғанынан есепті көшіріп алып, сайтқа тіркеледі. Алда уақытта білмеген сұрақтарымды осы сайтта қоюмын деп. Солай ойлап мектепке барады. Сыныбындағы оқушылар "бұл есепті қалай шығардың?" деп сұрақ қоюы мүмкін. Ол "сондай, сондай сайттан алдым. сендерде тіркеліңдер, өкінбейіңдер..." дейді. Сөйтіп қолданушылар саны ұдайы өсіп, сайттыңды беделіде тек қана жоғарыда тұрады.
Ал көшірді одан не пайда? Неге оқушылар өз білімдерін өздері жетілдірмейді? Олар үйге берген тапсырманы сайтқа салады,басқа біреулер жауап жазады одан не білім болады Марат?

Көбісі былай кеткен: теңдеу жүйесін шешіп беріңіздерші,тезарада мына реакцияны теңеп беріңізші..т.б
Мен жалпы сайтқа есеп қойылуына қарсымын.Бірақ  қарсы емеспін есептерге ,егер шығару жолын көрсетіңізші деген сұрақ қойылса.
Олар үйренеді. Жазған жауабымызды көшіру барысында сол есепті қалай шығару керек екенін азда болса есте сақтап қалады. Екінің бірі Эйнштейн емес. Соны есімізде сақтайық.
Біреудің шығарғанын түсініп көшіргеннің өзі ары кетсе 1 айдан соң ұмыт болады. Және мектептегі өзіне берілген программаны білу энштейндікке жатпайды.
Жарайсыңдар жігіттер,Елеке,Андроид,Марат бәріңнің де жауаптарың тамаша.
Маған десе олар 1 аптадан соң-ақ ұмытсын. Бірақ олардың санасында сезім қалыптасады. Біз сұраған есептерін шығарып бердік. Олар көшіріп алды. Мейлі түсінсін, түсінбесін... Бірақ, мектепте яки сабақ үстінде мұғалім дәл сондай есептерді немесе соған ұқсас есепті шығар десе, ол қайтеді?! Міне сендер осы жерден қателестіңдер. Ол былай жасайды: көшіріп алған есебіне қарап, ойланып, кітаптағы ережені бір шолып өтіп әлгі есептерді шығара бастайды. Сонда ода сезімнен кейін өзіне деген сенімділік пайда бола бастайды. Тақтаға шыққанда ол есептерден еш мүдірмейді. Неге десеңіздер, есепті өзі шығарды, біледі.
дұрыс сізге толықтай қосыламын....
Мейлі ұмытса ұмытсын,бірақ сайтты артық "мусорға" толтырмасын.
+1 дауыс
Оқымаса қойсын,кейін өздеріне қиын болады.
0 дауыс
Сайттан дайын жауапты көшіріп алған бала,соған сүйеніп кетуі мүмкін,сондықтан мұғалім сабақ түсіндіргенде ол бала сабақ тыңдамайды,СЖдан сұрап біліп аламғой деген ой қалыптасуы мүмкін,соның салдарынан оқушының сабақты ынтамен түсініп тыңдауына кері әсерін тигізуі мүмкін,бұл менің жеке ойым.Дайын жауапты көшіріп алған бала ештеңе түсінбейді,оның шығарылу жолдары қалай екеніне мән бермейді,оларға дұрыс жауап болса болды,сондықтан мен қарсымын.
0 дауыс
Мен бұған келісе алмаймын. Себебі ол адам көшіре ме, өзі шығара ма ол оның жеке шаруасы ғой. Көшіретін бала бұл жерден болмаса, сыныптағы достарынан да көшіреді. Біреу уақыт жетпей жатқандықтан есеп сұрайды. Біреу мүлдем ол тақырыпты шығара алмағандықтан сұрайды. Әр түрлі жағдайлар көп қой.
Мысалы орыс немесе ағылшын тілінде есеп іздесең табылады, ал қазақ тілінде жоқ. Сондықтан ондай есептер болу керек.
ТАҒЫ ДА АЙТАМЫН БҰЛ СҰРАҚ ЖАУАП САЙТЫ!!!!!! Бұл сайтта сұрақ қоямыз,сұрақтарға жауап береміз,пікір қалдырамыз.Есеп,үй жұмысы автоматты түрде өшіріледі.Қолданушылардың көбісі бұнымен келісіп отыр
Есеп сұрақ емес пе не сонда?
Өзің білесің, бірақ қолданушылар көп болу үшін қала бергені жақсы емес пе? Тек үй тапсырмасын сұрау үшін кіретіндер бар.
Иә, бұл - сұрақ-жауап сайты. Бірақ форумға ұқсайды, 'мен мынаны ұнатамын, сен нені ұнатасың'  деген сұрақтар көп.
0 дауыс
Есеп қоядыма басқа қоядыма бұл СҰРАҚ ЖӘНЕ ЖАУАП САЙТЫ !!! Бұл жерде сұрағың сұрақ болса болды, қуып кеткен, ерігіп кеткен сұрақтар емес!!!
...