+8 дауыс
419 көрілді
Ассалаумағалейкум СЖ қолданушылары. Ұсынысым сұрақты жасыра алатын, жаба алатын құқығы бар модератор редакторларға.

Сұрақты жабу құқығы жайында ұсынысым бар еді. Жауапсыз сұрақтарды қарап отырым біразін сайт ережесіне сай келмегендіктер, не жәй ақымақ сұрақ болғасын модератор редакторлар сұрақты жауып кетіпті.

Сол енді айтпағым егер сұрақ қайталанған болса онда сол сұраққа сілтеме беріп сұрақты жауып кетіп, ал қалған жағдайда бірден жасыра салуыңызды сұраймын. Әйтпесе босқа көлем алып, жауапсыз сұрақтардың санын көбейтіп тұр. Әзірге осы, сау болыңыздар.

5 жауап

+4 дауыс
Қабылданды.Менде сөйтіп жасыруға ыңғайсызданып,жаба салатын едім.Жақсы болд.Ескерту қабылданды.Енді нагло жасыратын боламын.Кетті.Сау болыңыздар.
+2 дауыс
менің арманым редактор болу...................................................
меніңде болғым келеді , бірақ бола алмаймын.
эх Нұрсик
Белгісіз
+3 дауыс
*Жарайды,менде жасыра салатын болайын,тек жабумен шектеліп жүр едім.*
+4 дауыс
Құрметті сайт қолданушылары. Сіздерге үлкен алғыс, сайттың алғаш ашылғанына қарағанда қазіргі таңда контент көлемі біршама жақсарып, олардың саны артып жатқаны біршама артып жатыр. Бір күннің өзінде 100-ге тарта сұрақ қойылып, әр сұраққа 2-3 жауаптан алынып жатқанын да байқаған кездерім болып жатыр.
Абылай рұқсат болса мен де өзімнің пікірімді айтып шықсам. Ия жауабы алынбаған Сұрақтардың саны да жетерлік. Ол да қалыпт жағдай ғой деп түсінерсің. Себебі мінсіз тек сұрақтар мен жауаптар болуы үшін арнайы 4-5 адам ғана сайтты қолданса солай болатын еді. Бірақ бізге келетін мыңдаған адам бар екенін білесің. Әрқайсысының өз ойы, өз сұрақ қою манері бар.
Модераторларға айтарым сұрақ түсініксіз болса сұрақ қойылғаннан кейін 10-15 минут ішінде жасырып қоюларыңызға болады. Ал егер 30 минут өтіп кеткен соң оны жасырғанмен, оны поисковиктер индексациядан өтіп кетіп іздеу беттеріне шығып кетеді. Тіпті 18 минуттан кейін деп индексациядан өтіп іздеуден табылады сол сұрақ. Кеше мен сайтты біраз оптимизациялап шыққан едім. Сол кезде байқадым өшірілген сұрақтар, қолданушылар т.б. барлығы сайтқа кері әсері бар екенін. Себебі Гугл арнайы бір сұраныс береді, ал сұраныс берген бет жоқ болса онда қате шығады. Ал неғұрлым қате көп болса онда сайттың авторитерлігі төменде ақпарат іздегенде алдыңғы қатарға шығарылмайтын болады.  Мысалы мына суреттерге қараңдар. Осы уақытқа дейін сайттағғы қаншама ақпараттың өшірілгендігін.  Кеше ғана сайттың алдыңғы қатарға шығару үшін біраз анализдер жасаған болатынмын. СОл кезде байқадым. Осы уақытқа дейін 10 000 -даған сұрақ 4 мыңдай қолданушы т.б. ақпараттар өшірілгендігін.


Соның нәтижесінде сайтқа поисковой запроста позиция жоғалтып жатқандығы осыдан екендігін. Осыны ойластырып жатырмн осындай қате шықпас үшін сайтқа 301 редирект т.б. қолдануды ойластырып жатырмын. Мейлі бұл жағына бас қатырмасаңыздар болады. Ол жағдайды мен өзім шешетін боламын.
Сіздерге өтініш модераторлар, рекдакторларға және сұрақ қоюшы қолданушыларға. Сұрақ қойылған кейін 10-15 минут ішінде сұрақ сұрықсыз, сұрақ емес болса онда сол уақыттың ішінде байқап қалсаңыз сұрақты жасырып қойсаңыздар болады. Ал егер 15 минуттан асып кетсе онда тек сұрақты жауып немесе өңдеп қойсаңыздар екен. Рахмет! Қосар ой пікірлеріңіз болса астына пікір ретінде қалдырсаңыздар болады!
Одмин модератор редакторлар әр сұрақты аңдып он бес минут ішінде жасыра алатынына күмәнім бар. Жабылған сұрақтардың түк ақпараттық құндылығы жоқ, қарапайым қолданушылар алдында босқа сайт беделін түсіп тұр. *"сіздер мен туралы не ойлайсыз, менің атым кім, қолтықтың жүні неге бұйра"* деген сұрақтарды поисковиктер индексировать етіп кетті, роботтың респекттері қажет десең ну онда жәрәйді жап десең жаба саламыз, қиын емес. бірақ это не красиво да, жауапсыз сұрақтарды қарап отырсаң көңіл түсіп, осы сайттың беделі көз алдымда төмендейді. қандай қатеде қандай редирект жасап жатқаның өзіңе маңызды шығар, қашан көрсем әйтеуір "оптимизациялап" жатасың, іздеу оптимизациясы жағын білмедім, сапаға қашан көшеміз, сапаға? жүз сұрақ қойлып әрқайсысына бес жауап алынды дейміз ау, сол жүз сұрақтың нешеуі "тәуір" сұрақ екен, жауаптарын айтпағанда. не ма :) көп сөйлемейін, әзірге осы. ничего личного.
Адемі пікір. Келісемін :) Енді бар жұмысым соған келіп тіреліп тұр ғой. Басқа жағынан білмедім осы поисковой жағынан хабарым бар болған соң да әрекет жасайтыным :)  Дұрыс нечего личного болса да қандай ой қоса аласың. Қалай қай бағытта іс атқарып көреміз?
Одмин.. :)
0 дауыс
Мен де қандай сұрақты жабу керек деген мәселеге келсем,мысалы нақты жауабы табылған, баяғыыыыыы заманда қойылған кейбір сұрақтарды жауып тастаймын.Бұл сайтта ең бастысы қолданушы өз сұрағына қанағаттанарлық жауап алса болды емес пе?
Сосын, жарнамаланған сұрақтарды жасырып тастаймын.Мысалы, интернет арқылы ақша тапқыңыз келе ме деген сұрақты жасыру керек.Жабудың керегі жоқ.Себебі, ондай сұрақты жапқаннан пайда жоқ.Босқа сайттан босқа орын алып тұрады.  
...