0 дауыс
593 көрілді

Мен соңғы кездері адамдардан сондай қорқатын болдым.Адамдар жоқ жерге кетіп қалғым келеді.Барлығы тек өз мақсаттарына ғана пайдаланатын сияқты.Түн болуын асыға күтем..тыныштықта жанарымдағы жаспен сыр ақтарамын.сондай қорқамын..іштей адамдарды жаман көремін деп қайта-қайта айтатын да болдым...

))))))))
мен мұны қиналып отырып жаздым..басқа жазбаларымды ермек етіңіз,тек осы жазбам еріккенге ермек болмасыншы...аға
жақсы жақсы )

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде дейді атам. Қорқынышыңа не себеп?! Алдымен соны анықтап ал! Біреу қорқытты ма, әлде бір жағдайға куә болдың ба?! Қазір тіпті жаңалық қарауға, газет оқуға қорқады адам. "Атып кетіпті","Қағып кетіпті" дегенді есітіп қорқыныш пайда болады. Өзінен асып кеткенді аяғынан шалғысы келіп тұратын,көреалмаушылық, екіжүзділік деген жаман қасиеттер ие,мақсатына жету үшін ешнарседен тайынбайтын жаман адамдар көп өмірде. Соларды көргенде шынымен мына өмірден жоқ болып кеткін келеді. Бірақ "адам күні адаммен"деген. Жаныңда жүр жақсы адам - өмірде жақсы адамдар көп деп ойлаймын жамандарға қарағанда. Қорқыныш сезімі көбінесе жүйкесі әлсіз адамдарға үйір келеді. Мықты болуың керек , болмашы нәрсеге езіліп , қараңғыда отырып алып,жылап-сықтай берсең бордай тозасың! Адамдар жаман болса -сен жақсы бол! . Бернард Шоу: «Қорқыныштың құлы болу – құлдықтың ең сорақы түрі» деген. Өз өзіңді қолға ал.
+1 дауыс
Ондай жағдайда мешiтке барыңыз,уағыз тыңдаңыз пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған (Аллахтың игілігi мен сәлемi болсын) хадистерiн оқыңыз! Сол кезде айналаңызда жақсы адамдар бар екенiн бiлесiз! Оратңызға деген түсiнiгiңiз өзгередi!
...