+2 дауыс
781 көрілді

Мен кішкентай кезімнен қуыршақтан қорқамын. Жап-жақсы ойнап жүріп, аяқ астынан қуыршақ атаулыдан жеріп кеттім. Үлкенін де, кішісін де - үйдегі қуыршақтың бәрін туысқандарға таратып бердік. Неден қорыққаным есімде жоқ қазір. Мұндай қорқыныш педиофобия деп аталады екен.  Әзірге өміріме бұл фобия қатты кедергі емес.  Бірақ кейін тұрмысқа шығып жатсам, қызым болса оны қалай ойнатам деп ойлап қоям. Педиофобиямен күресудің қандай жолдары болуы мүмкін?

brilliant, оның несі күлкілі?
Ондай жағдай басына түспеген соң түсіну қиын ғой..

Бұдан жаман, әрі таңғаларлық фобиялар бар екен..
Иә)) Соншалықты сирек жағдай-ау дим)
Оның несі күлкілі мен мысалы клоуннан қорқамын
Онда сіздің фобияңыз - коулрофобия))

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Кәзірден бастап қуыршаққа уйрене бергеніңіз дұрыс сонда кетеді қорқыныш,  жансыз заттарды да тірі заттай қабылдай бермей, тек ғана ойыншық дееген түсінік пайда етуіңіз керек өзіңізде !!!
+2 дауыс
"Невестка Чаки" деген киноны бекер көргенсіз)) Фобияның да небір түрі бар екен ғой) Шынайы адамға ұқсамайтын қуыршақтардын бастап біртіндеп өзінді үйретіп көр)
Жоқ, ол фильмнің бар екенін білгеннен бұрын қорыққам. Ол фильмді көрген жоқпын әлі)
+1 дауыс
Сіз мүмкін қорқынышты оқиғаларды көп оқитын шығарсыз?
Жоғарыдағы жауапқа жазған пікірімді оқыңыз)) Осы видеоны көрсем қорқынышты жеңе алам ба?)))
0 дауыс
Менде де сондай фобия, бірақ еркек қуыршақтардан қорқамын.
))))))))))))))))))))))))))
0 дауыс

Менде қуыршақтан қорқам! Бірақ неге блмим! Менде ойлайм болашағымды. Қуыршақ көрсем,қатты қорқып,дірілдеп кетем. Но мягкий игрушкадан қорықпайм. Ал куклалардан.....crying

Ұқсас сұрақтар

...