0 дауыс
18.9k көрілді
Алыс жүрсем мен сені аңсап жүрем деп басталатын әннің сөзін тауып беріңіздерші.Алыс жүрсем мен сені аңсап жүрем деп басталатын іһәннің сөзін тауып беріңіздерші.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жигиттер (Жігіттер) - Туган жер
--------------------------------------------------

Туган жер.
Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!
Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!
Ауылымның түтіні қымбат маған,
Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Көзді тартып жайнайды-ау далаң гүлден,
Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!
Бұл өмірде, шіркін-ай, не жетеді,
Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Сенсіз ән-күй жанға саз береді ме?
Жарар ма екем сәл ғана керегіңе, туған жер!
Сенсіз көрген жарығым су қараңғы,
Сенсіз көрген қызықтың керегі не, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!
0 дауыс

АУЫЛ ТҮТІНІ
Ойланып. Сөзі,әні.Серікбай Маханұлынікі.

Сағынып келсем алыстан,
Ауылдан түтін жарысқан.
Будақтап барады жол шегіп
Көктегі бұлтпен табысқан.
Қайырмасы:
Киелі едің сен маған,
Босағаң берік атанған.
Қашаннан бері мерейлі
Меймандос елім аталған.
Есігін ашып ауылдың,
Мінезін көрмей дауылдың.
Туған жер қандай ыстықсың
Таудағы жауған жаңбырдың.
Қайырмасы:
Түтіні көкке өрлеген,
Намысын бермей тербеген.
Анамның берген уызын
Әлдимен салам мен деген.
Қайырмасы:

...