+1 дауыс
Кетіп барам мен бүгін достарымнан,

Кетіп барам ағайын туыстардан.

.

Ана жаным құлыңның балаша жылағаны,

Екі жыл екі айдай өте шығар сол кезде оралар бала жаның
14.11.2013 3.0k қаралым
sOZIN TAUYP BERINDERSHI
Таптым ғой :))

3 жауап

0 дауыс
армияға кетіп бара жатқандағы айтылатын ән ғой, естігенмін 1-2 рет, бір досымнын орындауында .....
14.11.2013
Сөзін білмейсіз бе?
білмейді екенмін..
0 дауыс

Бұл ән әскерге кетіп бара жатқан жігіттер айтуға арналған. Көбінесе жігіттер отырыстарында гитараның сүйемелдеуімен айтылады. Көп ел сөзін біледі, бірақ авторы белгісіз. Бірақ әсері өте күшті. 

Өкінішке орай арнайы бекітілген нұсқасы жоқ. Ауызша тарағандықтан әр жерде әртүрлі айтылады. Ең көп тараған нұсқасы мынау:


1.Кетіп барам мен бүгін ауылымнан,
Алыс жаққа досымнан, бауырымнан.
Жан анашым, анашым, жыламашы,
Есен-аман оралар екен балаң?

Ана жаным,
Бұның не балаша жылағаның?
Бір жылың бір айдай тез-ақ өтер,
Содан соң өзіңе ораламын,
Достарым-ай!
Бізді енді әрдайым еске алыңдар!
Біз үшін тойларда тост көтеріп,
Біз үшін би билеп, ән салыңдар!

2.Міне бүгін пойыз да жүргелі тұр,
Алдымызда армия күндері тұр.
Жан анашым, анашым, жыламашы,
Есен-аман оралар екен балаң?

Ана жаным,
Бұның не балаша жылағаның?
Бір жылың бір айдай тез-ақ өтер,
Содан соң өзіңе ораламын,
Достарым-ай!
Бізді енді әрдайым еске алыңдар!
Біз үшін тойларда тост көтеріп,
Біз үшін би билеп, ән салыңдар!

Видеосын көру, текстін оқу.

15.01.2015
0 дауыс
Әскер!!!
Isa
Музыка аты
23.05.2020

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы