+1 дауыс

Қайрат Нұртас пен Алтынай Жорабаева айтатын "Ойлаймын сені" деген әннің сөзін қайдан алсам болады?

08.06.2013 4.1k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Kayrat:
Айна көлдей мөлдіреген тұнық көздерің,
Ойға оралса тағат таппай, жаным төзбедім.
Әлде жаным, жаралдың ба,
Жырлап мәңгі, жайнатуға бағын өзгенің?

Күн демей, түн демей,
Мұңаямын үндемей.
Көз ілмей таңды, қарсы аламын мәңгі,
Ойлаумен сені, күндер қайда кешегі?!

Altynai:
Жылдар жылжып, судай сырғып айлар ағады,
Қалың орман бөлір жатыр таулар араны.
Аңсап жүрек, шағаладай,
Менің жаным саған қарай қанат қағады.

Күн демей, түн демей,
Мұңаямын үндемей.
Көз ілмей таңды, қарсы аламын мәңгі,
Ойлаумен сені, күндер қайда кешегі?!

Altynai:
Жан бар ма өзіңдей, түнімен көз ілмей,
Ойлаймын сені, аңсаймын сені,
Оралшы жаным менің, асыл ардағым.

Kayrat:
Айтарым мол, арманым мол, амалым жоқ, сенші шын бұған.

Altynai:
Амалым жоқ, сенсің бағым, сенсің жаным!

Altynai:
Күн демей, түн демей,
Мұңаямын үндемей.
Көз ілмей таңды, қарсы аламын мәңгі,
Ойлаумен сені, күндер қайда кешегі?!

Жан бар ма өзіңдей, түнімен көз ілмей,
Ойлаймын сені, аңсаймын сені,
Оралшы жаным менің, асыл ардағым.
08.06.2013
Оо,қуана бер,бір ЖЖ қалтада )))
көөөөп көөөөп рахмет

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы