+2 дауыс
1.3k көрілді
Ақбота Керімбекова мен Қайрат Нұртас Кешігіп неге жолықтын әнінің тексты керек еді??гуглден таба алмадым

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Кешігіп неге жолықтың?!
Сөзін жазған: Бауыржан Қарағызұлы
Әнін жазған: Индира Елубаева
Күз жауып тұрған ауладан,
Естідім әсем әніңді,
Ызғарлы мұңға жаураған,
Жылыттың менің жанымды.
Жалғыздық еді жүдеткен,
Жанымды сенсің түсінген.
Ынтыққан ыстық жүрекпен,
«Сүйемін» дедім, «сүйемін» дедім ішімнен.
Жартқан Хаққа жалынған,
Жел сірә, мендей жылаған.
Кетпеші кетпе жанымнан,
Сұранам сеннен сұранам.
Айта алмай жүрмін айта алмай,
Ғашықпын саған ғашықпын.
Жаныңа барсам қайта алмай,
Көргенше сені асықпын.
Тағдыры бөлек қыз едім,
Үздігіп неге қарадың?!
Көктемі өткен куз едім,
Қиналып тұрмын қарағым.
Түсіме кірдің қаншама,
Жылайды «СЕН» деп жүрегім.
Жасымыз алшақ болса да,
Өзіңді күтіп, өзіңді-ау күтіп жүремін.
Тілім тұр қайтем байланып,
Жүрегім дертті жаным мұң.
Сезімім өртеп, ой – ғаріп,
Көрмесем сені сағындым.
Махабатымды жаңа ұқтым,
Бұл сезім менде болмаған.
Кешігіп неге жолықтың?!
Кешірші мені Жан-Дауам
Нұркен рахмет көп-көп))))))))))))
Оқасы жоққо, Алтынай)))
...