+2 дауыс
4.1k көрілді
Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемдегі 10 елдің қатарына кіреді? Онда неге біз арабтар секілді бай өмір сүрмейміз?? мысалы: ДУБАЙ т.б

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

«Араб – бай, қазақ неге кедей?» деп байбаламдауға болмайды

«Мұнайгаз секторының машақаты бастан асады»


– …Қазақстанда аты әлемге әйгілі «Теңіз», «Қарашығанақ», «Кеңқияқ» сынды кен орындары бар. Қазір күн сайын тонналап өнім өндіріп жатқан бұл кеніштердің барлығы оңай ашыла салған сияқты көрінуі мүмкін. Жоқ, мұнайы бар жерді табудың өзіне қыруар жұмыс пен ақша керек. Ақша болғанның өзінде, геолог мамандар керек.

Мұнай өндірісіндегі ең бірінші кезең – геологиялық барлау. Кен орындарын тауып «Бұл жерде шикізат бар, оның болжалды қоры мұнша…» деп ғылыми тұрғыда мағлұмат беретін осы геологтар. Содан кейін ғана ол жерге мұнай өндіретін компаниялар келеді.

Қазақстанда ең тереңде орналасқан мұнай 5 мың метрден астам тереңдіктен алынады. 5 шақырымнан әріде орналасқан шикізатты алу «ауыр мұнай өндіруге» жатады. Оған мықты мамандар, ғалымдар керек. Нарық заманында геологтың да, ғалымның да, маманның жұмысы да ақы төлеуді қажет етеді. Оған қаражат керек.

Экономикасы дамыған елдердің өзі мұнай секторын бірден дөңгелетіп әкету қиынға соғады. Өзіңіз айтқандай, тоқырау кезінде бұл тіптен қиын шаруа болғаны түсінікті. Егемендік алған жылдары еліміздегі кен орындарының барлығы жабық күйінде жатты. Оларды іске қосу үшін инвесторларға тәуелді болдық. Инвестор тарту үшін мемлекет оларға заңнамалық тұрғыда, экономикалық тұрғыда және саяси жағынан ыңғайлы жағдай жасауы керек болды. Қандай да бір компания жобаға ақша құймас бұрын, ақшасының кепілдігін қамтамасыз ететіні түсінікті. Қазір ғой бюджетіміздің 80 пайызын мұнай мен газдан түскен табыс құрайды. Ал тоқсаныншы жылдары қаншалықты мол қаражат пен ерік-жігер қажет болғанын өзіңіз бағамдай беріңіз. Біреу мың теңге беруге қорқатын заманда инвесторларды миллиондаған доллар құюға көндіріп, ұтылмайтынына сендіру оңай емес. Осы тұрғыда Елбасымыз бен Үкімет үлкен жұмыс атқарды. Геологиялық барлаудан кейін инвестиция тарту еліміздің мұнайгаз секторын көтерудегі ең басты жұмыс болды дп санаймын.

«1 инвестор 200 қазақстандық компанияны аяғынан тұрғызды»

–…Инвестор тартумен іс бітпейді. Енді жердің астындағы мұнайды тартатын скважиналар керек. Шыққан мұнайды сақтайтын қойма керек. Мұнай таза күйінде шықпайды, құрамында су, құм, парафин, күкірт, газ болады. Оны тазарту үшін мұнай өңдейтін зауыттар керек. Ол да қып-қызыл қаражатты қажет етеді. Осы скважина, қойма, зауыттарды айтпағанда, мұнай мен газды тасымалдайтын логистика, ең аяғы жұмысшылардың жататын жері, ішетін ас-суы, байланысы, бәрі қыруар жұмыс. Сол қыруар жұмысты атқаратын сервистік компаниялар бар, олардың барлығы отандық компаниялар. Яғни, шетелдің бір инвесторы келіп, қазақстандық 200-300 компанияны аяғынан тік тұрғызды.

Инвесторлардың арқасында 5 мыңнан астам қазақтың баласы жұмыс тапты. Инвестордың елімізге тигізіп жатқан пайдасы өте зор.

БІРІНШІДЕН, қаражатын құйып, пайдасыз жатқан кеніштерімізден шикізат өндіріп, оны сатып, бізге салық төлеп отыр.

ЕКІНШІДЕН, отандастарымызға өзінің компаниясынан жұмыс беріп отыр.

ҮШІНШІДЕН, басқа да қазақстандық компаниялардың дамуына үлкен үлес қосып отыр. Солардың вахталық қалашықтарын салатын құрылыс компаниялары бой көтерді. Солардың қағазын тасып, ас-суын тасып, мұнайын тасып, қаншама адам жұмыс тапты.

Құрылыспен айналысу да бірден бола салған жоқ. Сол жұмыстардың арқасында елімізде дүниежүзілік бәсекеге қабілетті екі-үш жобалау институты бой көтерген. Инвесторлар қазақстандық құрылыс компанияларына, жобалау институттарына тапсырыс береді. Дегенмен, инвесторлар әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс істегісі келмейді. Берілген тапсырманы толығымен орындап, «кілтін тапсыратын» компания іздейді. Ол компаниялар жобалауды да, құрылысты да өзі атқарып шығуға тиіс. Сол себепті, біздің компаниялар осындай EPS компанияларға айналысуға тырысты.

Мұның сыртында, инвесторлар мұнайгаз секторын дамытқаннан кейін логистика жолға қойыла бастады. Қазақ қарамайы құбыр арқылы да, теміржол арқылы да, танкер арқылы да, авткокөлік жолдары арқылы да тасымалданады. Сол үшін де логистикамен айналысатын ірі компаниялар құрылды. Біздің мұнай Еуропаға жеткенше бірнеше елдің шекарасынан өтеді. Соның бәрін мүлтіксіз атқару үшін логистиктер дипломат болуға тиіс. Мұнай өтетін мемлекеттердің заңын жетік білуі керек. Сонымен қатар, сол елдегі жалпы ахуалдан хабардар болуға тиісті. Демек, мұнайгаз секторының дамуы, инвесторлардың келуі қазақ жастарының білімге деген құштарлығын оятып жатыр. Яғни, инвесторлардың Қазақстанның экономикалық дамуы ғана емес, интеллектуалдық дамуына қосқан үлесін мойындауымыз керек.

Біз бұрын-соңды мұнайгаз саласымен айналысып көрмегендіктен, бұл салада маман әзірлемек түгілі, қандай мамандар қажет екенін де мардымсыз білетінбіз. Бұл тұрғыда инвесторлар қазақ жастарының білім алуына, мұнайгаз маманы болуына жағдай туғызды.

«1 млн 200 мыңнан астам адам мұнайдан нәпақасын тауып отыр»

…Статистикаға сүйенсек, нақты мұнай өндірумен 50 мыңнан астам адам шұғылданады. Ал мұнайға қызмет көрсету саласында 1 мұнайшыға 5 адамнан келеді. Яғни, ғылыми зерттеу жұмыстары, құрылыс нысандары, ас-суы, логистика, бұрғылау, скважинаны дамыл-дамыл жөндеу жұмыстары, жер асты жөндеу, құрал-жабдықтар жеткізу… сынды осы секторға қатысты қыруар жұмысқа 300 мыңнан астам адам тартылып отыр. 300 мың адамның отбасы бар дейік, әрқайсының 2-3 баласы жоқ дегенде бар. Яғни, 1 миллион 200 мыңнан астам адам мұнай-газ секторының арқасында ел қатарлы еңбек, отбасын асырайды деген сөз. Осы азаматтар үкіметке алақан жаймай, керісінше өзі салық төлеп, елдің дамуына, нығаюына үлес қосып жатыр деп айта аламын.

«Араб мұнайы мен қазақстандық мұнайдың айырмашылы қандай?»

«Мұнайдың үстінде отырған араб — бай, қазақ неге кедей?» деген жалған патриоттық ұранның бар екені рас. Біріншіден, араб мұнайының тарихына көз жүгірту керек. Араб елдерінде мұнай табылып, пайдаланыла бастағанына 100 жылға жуық уақыт өтті. Олар ондаған жылдар бойы жинаған тәжірибесінің арқасында шикізатты кәдеге жаратып отыр. Бұл – бір деп қойыңыз.

Екіншіден, қазақтың өз қолымен мұнай өндіре бастағанына жиырма-ақ жыл болды. Бұл салада білетінімізден білмейтініміз көп. Кеңес кезінде мұнайгаз секторына қатысты шешімдердің бәрі Мәкеуде қабылданды. Сол кездегі геологиялық деректер, инженерлік шешімдер барлығы Ресейдің архивында қалды. Қазақстанда білікті мамандар дайындау түгілі, мұнай өндірісінің толық циклын қамтитын үрдіс те болмаған. Толық цикл деп отырғаным — шикізаттан бастап, жанар-жағармай сатуға дейінгі аралық.

Араб елдеріндегі, АҚШ-тағы сияқты тарихы терең компаниялар кеніштерді ондаған жылдар бойы зертегеннен кейін ғана онсыз да жердің бетіне жақын орналасқан, химиялық құрамы оңай шикізаттан пайда көрді. Олар геологиялық барлаудан бастап, барлық өндіріс жүйесін өздері жасады, тәжірибе жинақтады. Ал бізде мұның бірде-бірі болмағанын жоғарыда айтып өттік.

Қазақ қарамайының тарихында қазақтар немен шұғылданды? Ең алдымен кеніштерді ағылшындар тапты, одан кейін патшалық Ресей қожайын болды. Қазақтар солардың бұйрығына бағынып, шикізатты шелектеп тасып, қара жұмыс атқарды. Кеңес кезінде мұнайгаз секторын зертеген ғылыми база да болған жоқ. Басқару ісін Мәскеу түгелдей өз қолында ұстады. Қорыта айтқанда, геологиялық барлаудан бастап, өндірістің толық циклын өзі жасаған елдерде мұнайдың өзіндік бағасы төмен болуына бұл да ықпал етеді. Арабтар 8-10 доллар арзан мұнайды соның арқасында алып отыр.

Үшіншіден, геосаяси және географиялық ахуалды есепке алу керек. Қазақстанның теңізге шығатын мүмкіндігі жоқ. Қытай мен Ресейдің ортасындамыз, бір жағымызда мұнайы көп Иран орналасқан.

Төртіншіден, Қазақстанның мұнайы өте тереңде орналасқан…

Рашид ЖАҚСЫЛЫҚОВ

0 дауыс
Арабтарда мұнайдан түскен қаржының 80-90 пайызы өз елінің экономикасын көтеруге жұмсалады,ал бізде мұнайдың бәрі шетелге кетіп жатыр,қайдан бай болайық.
рахмет!! одан болек тагы кандай мысалдарын билесіз??
0 дауыс
Дәл осындай сұрақты мен қойғам қарап шықшы..https://surak.baribar.kz/335798/
0 дауыс
Біздің мұнай шет елдерге арзан бағада сатылып жатыр. Сол себепті деп ойлаймын.
ммм, бірақ сізбен келіспеймін,,,ондай арзан бағада сатылып жатқан жоқ,,,,,
бұл сұрақтың толық жауабын бірнеше күннен кейін жазамын,,, жастарымыздың ойын білейін дегенім гой сұрақты қойған себебім
+1 дауыс
Себебі, арабтар мұсылмандар. Олар ИМАН мәселесіне қатты қарайды. Ал біздің басшы-шенеуніктерде иман жоқ, олар Аллахтан қорықпайды.
ол бөлек әңгіме ғо.............
0 дауыс
Казакстандагы барлык мунай,кен орындарын шет елдерге жалга(арендага) берген.МЫСАЛЫ байконурды ресейлiктер 50жылга алган,ал мунайды италияга,еуропалык кейбiр елдерге 46жылга берген.ОЛ уакыт отем дегенше мунай таусылып,климатымыз катты озгерiске ушырайды.
мхм,,,,,,,,,,,
0 дауыс
Араб елі жылына 500 млн тонна мұнай өндіреді, халық саны 31 млн. Қазақстан 80 млн тонна өндіреді, халық саны 17.5 млн адам. Адам басына шаққанда араб елі 16 тонна ал əр қазаққа 4 тонна. Қалғанын өзің есептеп ал.
0 дауыс
Әрине автор мұнай өңдіру оңай шаруа емес, ол жерді зерттеу. оны бұрғылау, тасымалдау, өңдіру, және де оның барлығына қаражат керек келісімен 100%. Қазыргі қазақстан үкіметі және мамандар оны іске асыра алмайтынында түсінікті. сөйтіп ивесторлар шақырады халықаралық кеңінен тараған бизнес.

                                                                 БІРАҚ

1 Егер ақиқатын айтсақ тиісінше мұнайды пайдаланып жатсақ, бәрі есептеулі бірақ мұнай өртенген кезде төтенше жағдай басқа да мекемелер сөндіруге асықпайды.

2 Егер шетелдік компания  мұнайдан қанша қаражат табатын айтпайды. кірісі, шығысы,олар топтап келетіні Қазақстан елін дамытам, халқына жұмыс берем деп келеді әрине өйткені олар сондай мейрімді, Негізі олар пайда үшін келеді, 300 млн салады 1млрд жасап алады.

3 Егер ақиқатты қаласақ қанша пайда табады Инвсеторлар, Қазақстан үкіметі нақты саны ақиқат саны мемлкеттің тапсырысымен орындалған мақала емес бәрі орнымен кетіп жатыр деп емес.Нақты сан бірақ оны айтуға дәтіңіз бармайды.Мүмкін білмейтінде шығарсыз!

4 Мұнадйан пайда аз десек шетелдің оффшор банктегі 70 млрд дол қайдан  пайда болды екен, бұны қазақстанда көрсетпейді негізі. Ақша мұнайда аз және халыққа тиісінше жұмсалып жатыр бірақ Көлебаевта 2 млрд  және Динарада 2млрд және жыл сайын өсіп бара жатыр. Жоқ олар заңды фирма құрды, олар заңды пайда жасап жатыр дейін десен Президенттің жанұсын және ақшасын қозғағаңдар біртіндеп қырылып жатыр,

5 Астананы жақсы көремін бірақ бір қалыпты темппен салу керек еді. Оны салуға  90 млрд Қытайдың ақшасы кетті дейді бірақ әлі салып жатыр. Қазекең қалай төлеп жатыр екен.... ? а таптым сол баяғы мұнай!

6 Қазақстан әлемдегі табиғи байлықтарға ең бай  6 мемлекеттердің қатарына кіреді.( мұнай, мыс, күміс, көмір, темір руда, баксит және алдыңғы орындарда, жалпы барын алғанда. Сол мемелекеттердің халқы ең азы Қазақстан. Ол елдер АҚШ, Ресей, Қытай, Бразилия, Канада, Австралия.

 

7 Аллахқа мың да бір мадақ осындай жер берген үшін, Құдай қаласа жақсы болар!
0 дауыс
Араб елдерінде табиғи апаттан келетін шығындар өте аз. Бізде қыс келсе қалаларды қардан тазартуға қыруар қаржы кетеді 3-4 ай бойы. Солтүстік жақта одан да ұзақ. Көктем келсе су тасқынынан зиан шеккен от басыларға үй салады, ауылдарды тазартады, дүние мүлік, малдарының шығынын өтейді. Күз келсе қысқа дайындық деп көшелерді қазып жылу жүйесін жаңартып тағыда млрд/ған ақша кетеді. Жеріміз үлкен, екі қаланың арасына мыңдаған км жол салса арабтар 50-100 км  жолмен екі қаланы қосып жібереді. Оларға туристер 12 ай үзілмей баратын болса бізге 2-3 ай ғана, онда да саны аз туристердің. Жемқорлық жағының да өзіндік үлесі бар. Бірақ егер біздегі жер көлемі, табиғатымыз, халық саны БАӘ елімен шамалас болса бізде де басқаша болуы мүмкін еді. Егер мүнайдан болатын болса байлық, онда Ресей империясы арабтар сиақты өмір сүрер еді.
0 дауыс

Ехе,лапшаны құлаққа ілгеннен құлағым түсіп қала жаздады ғой...

1950-ші жылдары араб елінде /қай ел екенін ұмыттым/ мұнай табылып,басшысы"бұл Алланың халқым пайдалансын деп берген несібесі,сондықтан халқым игілігін көрсін"-деген екен.Әйтпесе біздің қорқаулар секілді өңешін толтыруды білмеді дейсің бе...

Ана кәрі қақпастың Иманы артпай  қара халыққа ештеңе де жоқ.

...