+4 дауыс
17.8k көрілді

қазақстан мұнай өңдеуҚазақстан әлемдiк саудаға – мұнай өнiмiн шығарушы ел және бұл өнеркәсiп еліміз экономикасының жетекшi секторы болып та­былады. 2001 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң 44,3 пайызы осы саланың үлесiне тидi. Барланған шикізат қоры бойынша елiмiз әлемде 13-ші орындамыз. Дәл қазір 250-ден астам мұнай-газ кенiштерi жұмыс істеп тұр. Көбi республиканың батыс өңірінде орналасқан. Мұнда 1 млрд. тоннадан астам мұнай қоры бар. Республикада мұнай-газ сала­сын “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ та­сымалы” ұлттық компаниясының бiрiгуi нәтижесінде пайда болған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады. Қарашығанақ – мұнай-газ конден­са­ты игерілетін әлемдегі ең ірі кен орындарының бірінен саналады. 280 шаршы шақырым аумақты алып жат­қан кен орнында 1,2 миллиард тонна мұнай және конденсат, 1,35 триллион текше метр газ шоғырланған. Осы мол қазынаны игеруді төрт ірі шетелдік компания: Ұлыбританияның Би Джи Групп (үлесі 32,5%), Италияның Эни (32,5%), АҚШ-тың Шеврон (20%) және Ресейдің ЛУКОЙЛ (15%) компаниялары жүзеге асыруда. Олар “ҚПО б.в.” консорциумына біріккен.

Арабтар бай, қазақтар неге кедей? Біздің елде де мұнай бар емес па?

18 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

– Рашид Хасенұлы, еліміздің мұнай-газ саласы қанша адамды жұмыспен қамтып отыр?
– Статистикаға сүйенсек, нақты мұнай өндіру ісімен 50 мыңнан астам адам шұ­ғылданады. Ал мұнайға қызмет көрсету са­ласында 1 мұнайшыға 5 адамнан келеді. Бұл саланың тікелей өндірістен басқа да маша­қаттары көп қой. Яғни, ғылыми-зерттеу жұ­мыстары, құрылыс нысандары, ас-суы, логистика, бұрғылау, скважинаны дамыл-дамыл жөндеу жұмыстары, жерасты жөн­деу, құрал-жабдықтар жеткізу сынды осы секторға қатысты қыруар жұмысқа 300 мың­нан астам адам тартылып отыр. 

300 мың адамның отбасы бар дейік, әрқай­сының жоқ дегенде 2-3 баласы бар. Яғни, 1 миллион 200 мыңнан астам адам мұнай-газ секторының арқасында ел қатарлы ең­бек етіп, отбасын асырайды деген сөз. Осы аза­маттар Үкіметке алақан жаймай, кері­сін­ше, өзі салық төлеп, елдің дамуына, ны­ға­юы­на үлес қосып жатыр деп айта аламын.

– Халық арасында «Мұнайы көп араб неге бай, қазақ неге кедей?» деген әңгіме жиі айтылады. Осыған қатысты не айтар едіңіз?

– Сауд Арабиясы мен Қазақстанның мұнай секторын салыстыру қиын. Екеуінің ерекшелігін санамалап берейін. Біріншіден, араб мұнайының тарихына көз жүгірту керек. Араб елдерінде мұнай табылып, пай­даланыла бастағанына 100 жылға жуық уақыт өтті. Олар ондаған жыл бойы жи­на­ған тәжірибесінің арқасында шикізатты кәдеге жаратып отыр. Бұл – бір деп қой­ы­ңыз.

Екіншіден, қазақтың өз қолымен мұнай өндіре бастағанына жиырма-ақ жыл бол­-ды. Бұл салада білетінімізден білмейтіні­міз көп. Кеңес кезінде мұнай-газ секторы­на қатысты шешімдердің бәрі Мәскеуде қабылданды. Сол кездегі геологиялық де­ректер, инженерлік шешімдердің барлығы Ре­сейдің архивінде қалды. Қазақстанда білікті мамандар дайындау түгілі, мұнай өндірісінің толық циклын қамтитын үрдіс те болмаған. Толық цикл деп отырғаным – шикізаттан бастап, жанар-жағармай сатуға дейінгі аралық.

Араб елдеріндегі, АҚШ-тағы сияқты тарихы терең компаниялар кеніштерді он­даған жыл бойы зерттегеннен кейін ғана онсыз да жердің бетіне жақын орналасқан, химиялық құрамы оңай шикізаттан пайда көрді. Олар геологиялық барлаудан бастап, барлық өндіріс жүйесін өздері жасады, тә­жірибе жинақтады. Ал бізде мұның бірде-бірі болмағанын жоғарыда айтып өттік. 
Қазақ қарамайының тарихында қа­зақ­тар немен шұғылданды? Ең алдымен кеніш­терді ағылшындар тапты, одан кейін пат­шалық Ресей қожайын болды. Қазақтар со­лардың бұйрығына бағынып, шикізатты шелектеп тасып, қара жұмыс атқарды. Ке­ңес кезінде мұнай-газ секторын зерттеген ғылыми база да болған жоқ. Басқару ісін Мәс­кеу түгелдей өз қолында ұстады. Геоло­гиялық барлаудан бастап өндірістің толық циклын өзі жасаған елдерде мұнайдың өзін­дік бағасы төмен болуына бұл да ықпал ете­ді. Арабтар 8-10 доллар арзан мұнайды со­ның арқасында алып отыр. Олар 100 дол­ларға сатқан мұнайдан 90 доллар таза пайда көреді.

Үшіншіден, геосаяси және геогра­фия­лық ахуалды есепке алу керек. Қазақстанның теңізге шығатын мүмкіндігі жоқ. Қытай мен Ресейдің ортасындамыз, бір жағымызда мұнайы көп Иран орналасқан.

Төртіншіден, Қазақстанның мұнайы өте тереңде орналасқан. Оны тереңнен тар­тып алу үшін үлкен күш-жігер, ақыл-ой, тех­ника, қаражат керек. Жердің бетіне ғи­марат салудың өзі үлкен жұмыс, сапасыз са­лынып, жарты жылдан кейін құ­лап жат­қа­­нын да көріп жүрміз. 5 ша­қырым те­рең­нен шикізат алудың қиын­ды­ғын өзіңіз елес­тете беріңіз. Ол үшін бар­лау, ұңғы са­лу, бұрғылау, жөндеу сияқты жұ­мыс­тар-ды айтпағанда, экологияға зиян ти­гізбеудің өзі оңай шаруа емес.

Бесіншіден, Каспий мұнайының құ­ра­мында парафин, күкірт сияқты заттар өте көп. Арабтар сияқты өндіре салып, сатып жіберу мүмкін емес. Арабтар мұнайды ши­кізат қалпында танкіге құйып тәжірибе жа­сапты, танкі жүре берген екен.

Алтыншыдан, мұнай өңдеу зауыт­та­рының тапшылығы. Еліміздегі МӨЗ-дер Кеңес кезінде салынған, ол өз еліміздегі мұнайды өңдеуге емес, Ресейде өндірілген мұнайды өңдеуге арналған. Біздің шикі­затты Ресейдегі МӨЗ-дерде өңдеуге тура келеді. Сол кездегі теріс саясаттың салдары күні бүгінге дейін кесірін тигізіп жатыр. Логистикалық жүйелердің дұрыс жасал­мауы да бағаға әсер етпей қоймайды. Қазір еліміздегі МӨЗ-дерді өзіміздің мұнайды өң­деуге бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол да қаржыны қажет етеді.

– Сіз айтып отырған себептер мұнайдың өзіндік бағасына қаншалықты ықпал етеді? 
– Қазақстандағы «қара алтынның» өзіндік бағасы өндірілген өңіріне байла­нысты 30-50 долларды құрайды. Бұл – біршама қымбат. Егер мұнай өндірісінің про­цесін журналистер өз көздеріңізбен барып көрсеңіздер, шеті мен шегі көрін­­бейтін жұ­­мыстың көптігіне өзіңіз де таң­ға­лар еді­ңіз. 
Қазіргі мұнай кеніштері орналасқан жер осыдан 15-20 жыл бұрын шөл дала бо­латын. Қазір қайнаған қызу тіршілік. Қа­зақстанның мұнай-газ секторы уақытқа, та­рихи ахуалға сай дамып келе жатыр. Ол салада да елге жаны ашитын патриоттар жұмыс істейді.

Мұнай өндірісін жетік меңгерген аме­рикалық инвесторлардың өзі қазақ мұ­найын өндірудің қиындығын мойындай­-ды. Оларға ең бірінші маңыздысы ақша, олар бизнесмендер ғой. Тезірек өндіріп, көбірек өндіріп, табыс табуға, олар өздері де мүдделі.

– Инвесторлар демекші, қазақ мұнайын шетелдіктерге беріп қоймай, өзіміз өндіруге, кәдемізге жаратуға болмай ма? 
– Қазақстанда ең тереңде орналасқан мұнай 5 мың метрден астам тереңдіктен алынады. 5 шақырымнан әріде орналас­қан шикізатты алу «ауыр мұнай өндіруге» жатады. Экономикасы дамыған елдердің өзі мұнай секторын бірден дөңгелентіп әке­-ту қиынға соғады. Өзіңіз айтқандай, то­қы­рау кезінде бұл тіптен қиын шаруа болғаны түсінікті. Егемендік алған жылдары елі­міз­дегі кен орындарының барлығы жабық күйінде жатты. Оларды іске қосу үшін инвесторларға тәуелді болдық. Инвестор тарту үшін мемлекет оларға заңнамалық, эконо­микалық тұрғыда және саяси жа­ғынан ың­ғайлы жағдай жасауы керек бол­ды. Қан­дайда бір компания жобаға ақша құймас бұрын, ақшасының кепілдігін қам­тамасыз ететіні түсінікті. Қазір бюджеті­міздің 80 па­йызын мұнай мен газдан түскен табыс құ­райды. Ал тоқсаныншы жылдары қанша­лықты мол қаражат пен ерік-жігер қажет болғанын өзіңіз бағамдай беріңіз. Осы тұрғыда Елбасымыз бен Үкімет үлкен жұ­мыс атқарды. Геологиялық барлаудан кейін инвестиция тарту еліміздің мұнай-газ секторын көтерудегі ең басты жұмыс болды деп санаймын. 

Ал бұл саладағы Қазақстанның үлесін арттыру, жұмысшылардың жағдайын жа­-сау – біртіндеп жүзеге асырылып келе жат­қан шаруа. Қазір мұнай кеніштерінің ба­сында жұмысшыларға жасалып отырған жағдай осыдан бірнеше жыл бұрынғымен салыс­тыр­ғанда әлдеқайда жақсы. Жалақы­лары да жоғары.

– Инвесторларға иек арта беру өзіміз­дің отандық компанияларға кедергі келті­руге әкеліп соқпай ма?

– Керісінше, отандық компаниялар­ға қолдау деп айтар едім. Мәселен, шетел­дің бір инвесторы келіп, қазақстандық 200-300 компанияны аяғынан тік тұрғызды. Ол қалай? Жердің астындағы мұнайды тартатын скважиналар керек. Шыққан мұ­найды сақтайтын қойма керек. Мұнай таза күйінде шықпайды, құрамында су, құм, парафин, күкірт, газ болады. Оны тазарту үшін мұнай өңдейтін зауыттар керек. Ол да қып-қызыл қаражатты қажет етеді. Осы скважина, қойма, зауыттарды айтпағанда, мұнай мен газды тасымалдайтын логистика, ең аяғы жұмысшылардың жататын жері, ішетін ас-суы, байланысы, бәрі қыруар жұ­мыс. Сол қыруар жұмысты атқаратын сер­вистік компаниялар бар, олардың барлы­ғы отандық компаниялар. 
Мәселен, олар басқа да қазақстандық компаниялардың дамуына үлкен үлес қо­сып отыр. Солардың вахталық қала­шық­тарын салатын құрылыс компаниялары бой көтерді. Солардың қағазын, ас-суын, мұ­найын тасып қаншама адам жұмыс тапты.

Біздің экономикамызға қаражатын құйып, пайдасыз жатқан кеніштерімізден шикізат өндіріп, оны сатып, бізге салық төлеп отырғаны тағы бар.

Құрылыспен айналысу да бірден бола салған жоқ. Сол жұмыстардың арқасында елімізде дүниежүзілік бәсекеге қабілетті екі-үш жобалау институты бой көтерген. Инвесторлар қазақстандық құрылыс ком­панияларына, жобалау институттарына тап­сырыс береді. Дегенмен, инвесторлар әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс істегісі келмейді. Берілген тапсырманы толығымен орындап, «кілтін тапсыратын» компания іздейді. Ол компаниялар жобалауды да, құрылысты да өзі атқарып шығуға тиіс. Сол себепті, біздің компаниялар осындай ірі компанияларға айналуға тырысты.

Тағы бір мәселені айта кетейін. Инвес­торлар мұнай-газ секторын дамытқаннан кейін логистика жолға қойыла бастады. Қазақ қарамайы құбыр, темір жол, танкер, автокөлік жолдары арқылы тасымалда­нады. Сол үшін де логистикамен айналы­сатын ірі ком­паниялар құрылды. Біздің мұ­най Еуропаға жеткенше бірнеше елдің шекарасынан өтеді. Соның бәрін мүлтіксіз атқару үшін логистиктер дипло­мат болуға тиіс. Мұнай өтетін мемле­кет­тердің заңын жетік білуі керек. Сонымен қатар сол елдегі жалпы ахуалдан хабардар болуға тиісті. Демек, мұнай-газ секторының дамуы, инвестор­лардың келуі қазақ жас­тарының білімге деген құштарлығын оятып жатыр. Яғни, инвесторлардың Қазақ­стан­ның экономи­калық дамуы ғана емес, ин­тел­лектуалдық дамуына қосқан үлесін мойындауымыз керек. 
Біз бұрын-соңды мұнай-газ саласымен айналысып көрмегендіктен, бұл салада ма­ман әзірлемек түгілі, қандай мамандар қа­жет екенін де мардымсыз білетінбіз. Бұл тұрғыда инвесторлар қазақ жастарының білім алуына, мұнай-газ маманы болуына жағдай туғызды.

– Мұнай бағасы құлдырап барады. Ши­кі­зат қымбаттайды деген болжамдар солғын естіледі. Еліміздің мұнай секторының жай-күйі не болмақ?

– Қазақстандық мұнайдың 1 баррелі­-нiң құны – 30-50 $. Өндірілетін өңіріне қа­рай құ­рамы осы көрсеткіш ара­лығында. Шикі­зат­тың бағасы тағы да ар­зандамасына ешкім кепілдік бере алмай­ды. Мұндай жағдайда «мемлекет мұнай-газ ком­па­ния­ларына оң көзбен қарап, салық­тық, әлеу­меттік режим­дерде жеңілдік жа­сау ке­рек» деген ойдамын. Неге? Қара­пайым мы­сал келтірейін. От­басын асырап отырған сүт­ті сиырдың са­палы өнім беруі үшін жем-шөптің жақ­сы­сын соның аузына тосамыз. Ол сүт бер­ме­ген маусымда бір­ден сойып, сатып жібер­мейміз ғой. Сол сияқты мұнай-газ секторы да мемлекеттің қамқорлығын, жылы қа­бағын қажет ететін уақыт туады. 
Мың метр тереңдіктен мұнай соратын скважинаның жұмысы тоқтайтын болса, оны қайта қосу үшін 1 миллион доллар қа­ра­жат қажет. Егер бұл салаға 1-2 жыл көңіл бөлінбесе, онда жиырма жыл бойы жүріп өткен жолымызды қайта жүріп өтуге тура келеді. Осы салада еңбек етіп жүрген 300 мың адам мен олардың отбасын қай­да қоя­мыз? Сондықтан қандай қиындық болса да, мұнай-газ секторына мемлекеттің қолдауы қажет. Еліміздің Үкіметі қолдан кел­генше қамқорлық жасап келе жатыр.

– Жиырма жылдан астам уақытта мұ­-най-газ секторы қалай дамыды? Алдағы уақытта қандай бағытта дамуға тиіс?

– Жиырма жылда біз мұнай өндіруді үйрендік. Ілеспе газды кәдеге жаратуды үйрендік. Енді мұнай-химия өндірісін да­мыту керек. Мұнайдан қалған қалдықты тауарға айналдыруға кәсіпкерлер бет бұ­-руға тиіс. 20 жыл бір адамның өмірінің үлкен бөлігі, бірақ мемлекеттің эко­номи­касында үлкен орны бар сала үшін өте қыс­қа мерзім. Алдағы уақытта мұнай-химия өндірісін дамытсақ, мұртымызды балта шаппайды.

Мұнай секторы – үлкен ғылым. Сол үшін бұл саланы барынша терең зерттеу керек. Өндірістің геологиядан бастап, жа­нармай сатуға дейінгі циклын өзіміз атқа­руымыз керек. Мұнайдан алынатын дүние­лер ұшан-теңіз. Қазақстан көмірсутегін не­гізінен, шикізат ретінде сатудан және жа­нар-жағармай ретінде өңдеуден пайда көріп отыр. Сондай-ақ бірнеше жылдан бері фармацевтика дами бастады. Бұл басы ғана. Мұнай-химия саласын дамыту керек.

Елімізде мұнай-газ секторына балама болып, экономиканы өрге сүйрейтін сала әлі қалыптасқан жоқ. Сиыр сапалы сүт беру үшін де, оның жем-шөбін, қорасын сай­лай­сың. Сол сияқты мемлекеттің табысының 70-80 пайызын беріп отырған салаға қо­лай­лы ахуал жасау керек.

Сөз соңында айтарым, қарапайым ха­лық мұнай-газ секторын сынауға емес, ба­лаларын мұнай-газ мамандықтарына оқы­туға құлшынса екен. Экономиканың тірегі болып отырған саланы сынау патриоттыққа жатпаса керек.

Рашид ЖАҚСЫЛЫҚОВ

0 дауыс

«Араб – бай, қазақ неге кедей?» деп байбаламдауға болмайды

«Мұнайгаз секторының машақаты бастан асады»


– …Қазақстанда аты әлемге әйгілі «Теңіз», «Қарашығанақ», «Кеңқияқ» сынды кен орындары бар. Қазір күн сайын тонналап өнім өндіріп жатқан бұл кеніштердің барлығы оңай ашыла салған сияқты көрінуі мүмкін. Жоқ, мұнайы бар жерді табудың өзіне қыруар жұмыс пен ақша керек. Ақша болғанның өзінде, геолог мамандар керек.

Мұнай өндірісіндегі ең бірінші кезең – геологиялық барлау. Кен орындарын тауып «Бұл жерде шикізат бар, оның болжалды қоры мұнша…» деп ғылыми тұрғыда мағлұмат беретін осы геологтар. Содан кейін ғана ол жерге мұнай өндіретін компаниялар келеді.

Қазақстанда ең тереңде орналасқан мұнай 5 мың метрден астам тереңдіктен алынады. 5 шақырымнан әріде орналасқан шикізатты алу «ауыр мұнай өндіруге» жатады. Оған мықты мамандар, ғалымдар керек. Нарық заманында геологтың да, ғалымның да, маманның жұмысы да ақы төлеуді қажет етеді. Оған қаражат керек.

Экономикасы дамыған елдердің өзі мұнай секторын бірден дөңгелетіп әкету қиынға соғады. Өзіңіз айтқандай, тоқырау кезінде бұл тіптен қиын шаруа болғаны түсінікті. Егемендік алған жылдары еліміздегі кен орындарының барлығы жабық күйінде жатты. Оларды іске қосу үшін инвесторларға тәуелді болдық. Инвестор тарту үшін мемлекет оларға заңнамалық тұрғыда, экономикалық тұрғыда және саяси жағынан ыңғайлы жағдай жасауы керек болды. Қандай да бір компания жобаға ақша құймас бұрын, ақшасының кепілдігін қамтамасыз ететіні түсінікті. Қазір ғой бюджетіміздің 80 пайызын мұнай мен газдан түскен табыс құрайды. Ал тоқсаныншы жылдары қаншалықты мол қаражат пен ерік-жігер қажет болғанын өзіңіз бағамдай беріңіз. Біреу мың теңге беруге қорқатын заманда инвесторларды миллиондаған доллар құюға көндіріп, ұтылмайтынына сендіру оңай емес. Осы тұрғыда Елбасымыз бен Үкімет үлкен жұмыс атқарды. Геологиялық барлаудан кейін инвестиция тарту еліміздің мұнайгаз секторын көтерудегі ең басты жұмыс болды дп санаймын.

«1 инвестор 200 қазақстандық компанияны аяғынан тұрғызды»

–…Инвестор тартумен іс бітпейді. Енді жердің астындағы мұнайды тартатын скважиналар керек. Шыққан мұнайды сақтайтын қойма керек. Мұнай таза күйінде шықпайды, құрамында су, құм, парафин, күкірт, газ болады. Оны тазарту үшін мұнай өңдейтін зауыттар керек. Ол да қып-қызыл қаражатты қажет етеді. Осы скважина, қойма, зауыттарды айтпағанда, мұнай мен газды тасымалдайтын логистика, ең аяғы жұмысшылардың жататын жері, ішетін ас-суы, байланысы, бәрі қыруар жұмыс. Сол қыруар жұмысты атқаратын сервистік компаниялар бар, олардың барлығы отандық компаниялар. Яғни, шетелдің бір инвесторы келіп, қазақстандық 200-300 компанияны аяғынан тік тұрғызды.

Инвесторлардың арқасында 5 мыңнан астам қазақтың баласы жұмыс тапты. Инвестордың елімізге тигізіп жатқан пайдасы өте зор.

БІРІНШІДЕН, қаражатын құйып, пайдасыз жатқан кеніштерімізден шикізат өндіріп, оны сатып, бізге салық төлеп отыр.

ЕКІНШІДЕН, отандастарымызға өзінің компаниясынан жұмыс беріп отыр.

ҮШІНШІДЕН, басқа да қазақстандық компаниялардың дамуына үлкен үлес қосып отыр. Солардың вахталық қалашықтарын салатын құрылыс компаниялары бой көтерді. Солардың қағазын тасып, ас-суын тасып, мұнайын тасып, қаншама адам жұмыс тапты.

Құрылыспен айналысу да бірден бола салған жоқ. Сол жұмыстардың арқасында елімізде дүниежүзілік бәсекеге қабілетті екі-үш жобалау институты бой көтерген. Инвесторлар қазақстандық құрылыс компанияларына, жобалау институттарына тапсырыс береді. Дегенмен, инвесторлар әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс істегісі келмейді. Берілген тапсырманы толығымен орындап, «кілтін тапсыратын» компания іздейді. Ол компаниялар жобалауды да, құрылысты да өзі атқарып шығуға тиіс. Сол себепті, біздің компаниялар осындай EPS компанияларға айналысуға тырысты.

Мұның сыртында, инвесторлар мұнайгаз секторын дамытқаннан кейін логистика жолға қойыла бастады. Қазақ қарамайы құбыр арқылы да, теміржол арқылы да, танкер арқылы да, авткокөлік жолдары арқылы да тасымалданады. Сол үшін де логистикамен айналысатын ірі компаниялар құрылды. Біздің мұнай Еуропаға жеткенше бірнеше елдің шекарасынан өтеді. Соның бәрін мүлтіксіз атқару үшін логистиктер дипломат болуға тиіс. Мұнай өтетін мемлекеттердің заңын жетік білуі керек. Сонымен қатар, сол елдегі жалпы ахуалдан хабардар болуға тиісті. Демек, мұнайгаз секторының дамуы, инвесторлардың келуі қазақ жастарының білімге деген құштарлығын оятып жатыр. Яғни, инвесторлардың Қазақстанның экономикалық дамуы ғана емес, интеллектуалдық дамуына қосқан үлесін мойындауымыз керек.

Біз бұрын-соңды мұнайгаз саласымен айналысып көрмегендіктен, бұл салада маман әзірлемек түгілі, қандай мамандар қажет екенін де мардымсыз білетінбіз. Бұл тұрғыда инвесторлар қазақ жастарының білім алуына, мұнайгаз маманы болуына жағдай туғызды.

«1 млн 200 мыңнан астам адам мұнайдан нәпақасын тауып отыр»

…Статистикаға сүйенсек, нақты мұнай өндірумен 50 мыңнан астам адам шұғылданады. Ал мұнайға қызмет көрсету саласында 1 мұнайшыға 5 адамнан келеді. Яғни, ғылыми зерттеу жұмыстары, құрылыс нысандары, ас-суы, логистика, бұрғылау, скважинаны дамыл-дамыл жөндеу жұмыстары, жер асты жөндеу, құрал-жабдықтар жеткізу… сынды осы секторға қатысты қыруар жұмысқа 300 мыңнан астам адам тартылып отыр. 300 мың адамның отбасы бар дейік, әрқайсының 2-3 баласы жоқ дегенде бар. Яғни, 1 миллион 200 мыңнан астам адам мұнай-газ секторының арқасында ел қатарлы еңбек, отбасын асырайды деген сөз. Осы азаматтар үкіметке алақан жаймай, керісінше өзі салық төлеп, елдің дамуына, нығаюына үлес қосып жатыр деп айта аламын.

«Араб мұнайы мен қазақстандық мұнайдың айырмашылы қандай?»

«Мұнайдың үстінде отырған араб — бай, қазақ неге кедей?» деген жалған патриоттық ұранның бар екені рас. Біріншіден, араб мұнайының тарихына көз жүгірту керек. Араб елдерінде мұнай табылып, пайдаланыла бастағанына 100 жылға жуық уақыт өтті. Олар ондаған жылдар бойы жинаған тәжірибесінің арқасында шикізатты кәдеге жаратып отыр. Бұл – бір деп қойыңыз.

Екіншіден, қазақтың өз қолымен мұнай өндіре бастағанына жиырма-ақ жыл болды. Бұл салада білетінімізден білмейтініміз көп. Кеңес кезінде мұнайгаз секторына қатысты шешімдердің бәрі Мәкеуде қабылданды. Сол кездегі геологиялық деректер, инженерлік шешімдер барлығы Ресейдің архивында қалды. Қазақстанда білікті мамандар дайындау түгілі, мұнай өндірісінің толық циклын қамтитын үрдіс те болмаған. Толық цикл деп отырғаным — шикізаттан бастап, жанар-жағармай сатуға дейінгі аралық.

Араб елдеріндегі, АҚШ-тағы сияқты тарихы терең компаниялар кеніштерді ондаған жылдар бойы зертегеннен кейін ғана онсыз да жердің бетіне жақын орналасқан, химиялық құрамы оңай шикізаттан пайда көрді. Олар геологиялық барлаудан бастап, барлық өндіріс жүйесін өздері жасады, тәжірибе жинақтады. Ал бізде мұның бірде-бірі болмағанын жоғарыда айтып өттік.

Қазақ қарамайының тарихында қазақтар немен шұғылданды? Ең алдымен кеніштерді ағылшындар тапты, одан кейін патшалық Ресей қожайын болды. Қазақтар солардың бұйрығына бағынып, шикізатты шелектеп тасып, қара жұмыс атқарды. Кеңес кезінде мұнайгаз секторын зертеген ғылыми база да болған жоқ. Басқару ісін Мәскеу түгелдей өз қолында ұстады. Қорыта айтқанда, геологиялық барлаудан бастап, өндірістің толық циклын өзі жасаған елдерде мұнайдың өзіндік бағасы төмен болуына бұл да ықпал етеді. Арабтар 8-10 доллар арзан мұнайды соның арқасында алып отыр.

Үшіншіден, геосаяси және географиялық ахуалды есепке алу керек. Қазақстанның теңізге шығатын мүмкіндігі жоқ. Қытай мен Ресейдің ортасындамыз, бір жағымызда мұнайы көп Иран орналасқан.

Төртіншіден, Қазақстанның мұнайы өте тереңде орналасқан…

Рашид ЖАҚСЫЛЫҚОВ

+2 дауыс
Қазақтар қалай байысын,  бала-шағалары көп., оларға көмек ақша төленбейді, 40 пайыздық кредит алып әрең дегенде жер,үй сатып алып,   кредитін өсімімен төлей алмай жылап жүр  (бұрынғыдай айлығыңды жинап үй сатып алу, жер сатып ала салу,үй тұрғызып алу жоқ, айлық аз түкке жетпейді, дұрыс па????). Арабтарда ішетін сулары мұнайдан да қымбат, топырақты да шетелден сатып алады, бидай егетін жерлері жоқ бәрі құм,шөл дала, күн ыстық күйдіріп жібереді, күндіз далаға шығу мүмкін емес. Есесіне олардың халқына процентсіз, пайызсыз кредит қарастырылған,әрине халқы жақсы өмір сүреді

Мұнайды не үшін айта бердіңдер? қайта-қайта, қойшы сол мұнайды айтпай ақ қойшы,  негізі қазақтар мұнайсыз ақ, арбтардан бай тұруға мүмкіндіктер жетеді, мұнайдан басқа, Менделеевтің таблицасындағы элеметтердің бәрі бар, ұлан ғайыр қазақ жерінде, бидай, егіндіктер, мал өсіруге өте қолайлы, қазір ет өнімдеріне, тамақ өндіруге жер бетінде 3 миллиард халық мұқтаж болып аш отыр, соларға ет сатып ақ байуға болады. Жеріміз үлкен асты,үсті тола байлық, халқымыз өте аз, арабтарды әкеліп жұмысқа салып қоюға мүмкіндік бар ғой. Қытайдың бір ғалымы айтыпты: Қазақтар алтын сандықтың үстінде алтын қасық ұстап аш отыр депті.

Қазіргі заманда ең керегі тамақ өнеркәсібі, онсыз адам өмір сүре алмайды, ал мұнайсыз өмір сүре беруге болады, мұнай да таусылады жақында. Қазақстан как раз тамақ өнімдерін сатып байып кетуге үлкен мүмкінді бар. Бірақ соны реттеп, халықты дұрыстап жұмыспен қамтамассыз ететін бір  мемлекеттік ұйымдастырушылар ғана жетпей тұр.
Және бізде қағаз-бастылық өршіп тұр, қағазға жүгініп кеткен бәрі. Іспен ештеңе де дәлделдей алмайсың.
+1 дауыс
Себебі қазақтар тату тәтті болсада бізде көре алмаушылық басым.Яғни біреудің атағы шығып әйгілі болып жатса біреуі соның аяғынан шалуды аңсап жүреді(Ал Арабтар бір біріне көмектесіп жүреді.Сондықтан олар бай елге жатады деп ойлаймын!
+1 дауыс

Танатариктің жазғанына толығымен қосылам.  Біздің елбасы бізде бәрі қымбат, сондықтан біз олар сияқты бола алмаймыз дейді. Мұнай өндіруден пайда болмайтын болса несіне өндіреміз?Неге басқа елге сатамыз? Бірақ бізде ел басқарып отырғандардың барлығы миллиардер, миллионерлер. Қарапайым халықты ойламай тек өздерінің қалталарын қалай толтыруды ойлайды. Біздің елден барынша ақша шығарып алып, шетелге қашып кеткілері келіп жүргендер сияқты. 

+5 дауыс
Қазір Дубай экономикасы мұнайға тәуелділігінен арыла бастады, туризм, қвржы саласын дамытып содан көп үлес түсіретін болды, бізге ауылшаруашылығын дамытуымызға зор мүмкіндігіміз бар
+3 дауыс
Қазақтарда бәрі бар, бірақ  соларды пайдаланарлық ақыл жоқ. Бойымызды тек әйтеуір жалқаулық билеп алған. Қазақ дей берсеңде өзіңе тиеді. Үкімет, министрлер, президент деп кінә таға берудің пайдасы жоқ.
Қазақ жалқау емес, қазақты құртып жатқан нәрсе ол әр-түрлі бітпейтін тойлар. Апта сайын тойға шақырады, баруың керек оларға ай сайын табатын айлығың кетеді, өздері аш отырса да тойға ақша табады, апарып береді, өзі той жасаса кредит алып қарызданып той жасайды, қыздары кетсе артынан миллиондап жасау апарады, онсыз болмайды. Қазір той жасаудан, баласын үйлендіріп қымбат лимузин жалдаудан, қалыңмал төлеуден, сүндет той, бесік той жасаудан қазақтар жарысып жатыр, кризис, тоқырауларың қызықтырмайды да оларды. осылай кете берсе қалай жағдайлары түзеледі, құры ақша шашып. Сосын ертесіне қара нан мен қара шай ішіп отырады, кредит төлеуді уайымдап .
Ехх, айтасыз-ау сізде. Ия, қазақтың тойға шашылатыны рас. Бірақ, өтінем қазақтың қанында жалқаулық барына шүбә келтірмеңіз. Оны былай жай күндері жүрген адамдардан байқауға болады. Тек әйтеуір титімдей іс істесе шаршап қалатын қазақпыз ғой.
Қазақ жалқау болса әр үйде 10-12 баладан туып соларды бағып өсірер меді?   Негізі ең қиыны жұмыс бала туып соны өсіру,  сондықтан да европалықтар, америка т.б. елдерде бала туып оны асырап өсіруден қашады, балаға қарағысы келмейді, тумайды  міне солар жалқау, тек өздері үшін ғана өмір сүреді.
Біздің санамызда " баланы өсіріп, жетілдіру керек" деген мұсылмандық әдеп сақталған. Ал олар бала тууға ерінетіндер мұсылман емес. Бұлардың жалқаулыққа ешқандай да қатысы жоқ.
Танатарик неге олай дейсіз? Қазақстан ұлттық арнасынан көрсетіліп жүрген Шет елдегі қазақ балалары айдарында америкалықтар, европалықтар біздің елдегі жетім балаларды асырап алып, оларды бақытқа бөлетіп жүргендері аз емес қой. Бұл жағында ойланып көріңіздер
+1 дауыс
Араб елінің мұнай ондіруі дуние жүзінің 12 пайызын кұрайды. Ал Қазақстан 1.2 пайызын құрайды. Яғни 10 есе коп. Ал халқының саны бар жогы 2 есе коп.
Бұл өтірік ақпарат сияқты, мұнай қоры қазақстанда көп екен арабтарға қарағанда.
+2 дауыс
Осы бір ой үнемі көкейімнен кетпейді. Бірақ түсіндіріп айту қиынның қиыны екен. Сонда да, тәуекел.
Осы біз жер асты байлығын көп даулаймыз. Мұнайы бар, басқасы бар, өз қазынамыз өзімізге тұтас бұйырмай жатыр деп еңірейміз. Қазіргі күніміздің жаман емес екенін мойындай тұра, осыншама байлықпен мұнан да шылқып өмір сүруге құқылымыз деп аттандаймыз.
Дұрыс шығар. Дегенмен, ол байлықты біздің жеріміздің астына кім сап берді, яки, сол байлықтың үстіне бізді әкеліп кім орнықтырды деген сұраққа жауап іздеп көрдік пе?
Әрине, ата-бабамыз бұл даланы қасық қанын аямай бізге аманаттады. Бірақ, сол мұнайды ата-бабамыз ба, жер астына жасырып кеткен? Яки, ата-бабамыз білген бе екен ен байлықтың үстіне отырғанын. Білген жоқ.
Сонымен, әлгі байлық кімге тиесілі? Екінің біріне бұйырмаған қор қазақтың астына қайдан бітті? Қызылкөз атеист болмасақ, жауап – біреу. Жаратушы Алла Тағала. Алла қазақтың маңдайына жазып қойыпты. Алла жазды демесек, шөгінді жыныстардың жиналып, мыңдаған жылдар бойы пап-пайдалы қара майға айналуына осы отырған біреуміздің себіміз тиіп пе? Әлемде нөмірі бірінші уран қорын маңдай термен өзіміз жасап алыппыз ба? Құдай жасамады десеңіз, ол байлық неге Жапонның астында жоқ, қытайдың жері неге жұтаң?
Дегенмен, бұл – оған ата-бабамыздың түк қатысы жоқ деген сөз емес.
Қараңыз. Құранның «Кәһф» дейтін сүресінің 82-аятында Хидр (а.с.) Мұса пайғамбарға (а.с.) өздерінің бір жетім балаға тиесілі құлағалы тұрған дуалды неліктен қайта тұрғызғандарын былайша түсіндіреді: «Оның астында оларға тиісті қазына бар. Олардың әкесі ізгі кісі еді, сөйтіп Раббың, ол екеуінің ержетіп, Раббыңның мейірімімен қазыналарын шығарып алуын қалады».
Біздің де «әкелеріміз», яғни, ата-бабамыз ізгі болды. Аллаға лайықты құл болды. Маңайындағыға қиянат қылмады. Жомарт болды. Ұрпағы үшін Алладан медет тіледі. Тілектері қабыл болып, аз ғана санмен далиған даланы сақтап қалды. Енді сол әкелеріміздің ізгіліктері себепті бізге тиісті болған қазыналарды енді шетінен аршып алып жатырмыз.
Әлемнің мұнай картасына көз жүгіртіңізші. Қара майдың қорының 70 пайызға жуығы мұсылман елдеріне тиесілі. Тіпті, алтыншы орындағы Ресей мұнайының да үсті – ата¬-бабасынан мұсылман болған шешендердің мекені.
Хош, сонымен, мұнайы да, басқасы да Алланың бізге берген қазынасы дедік. Иелену бар да, ол иеліктің өзіңе бұйыруы бар. Біз сол иен байлықты иелене салуға қаншалықты лайықпыз? Рухани тұрғыда алғанда Құдаймен байланысымыз қаншалықты мығым? Оның бұйырғанын атқарып, тыйғанынан қашуға қаншалықты тырысып жүрміз? Ізгі бабаларымыздан қаншалықты үлгі алып жүрміз?
Физикалық тұрғыдан алғанда ше? Біліміміз, тәжірибеміз, қуатымыз, шамамыз сол байлықты өзіміз қазып, өзіміз өңдеуге жете ме?
Мәселенің тағы бір қыры бар. Кез-келген байлықты иелену дегеніміз – оны тек ішіп-жемге жұмсау деген сөз емес. Оны қорғау да керек. Күшпен қорғауға шама келмесе, бір бөлігін беріп қорғайсың. «Бастан құлақ садаға».

Мұрат ЕСЖАН
+1 дауыс
Мемлекет халыкка жагдай жасамаи отыр егер дурыс жагдай жасаса халык ози ак со мунайдын тилин табады казактын мунаиы талам тараж бовтр кайдагы кытайлар мунаидын бастыгы кайдагы шетелдин адамдары оз жеримизде озимизди баскарат бул маскара халык али надан елимиздин байлыктарын шикилей сыртка тасып жатыр онын не екенин билмеит тонна темир кетип ол кайтадан бизге каитадан озимизге сатып жатыр миллиардап бул жаксы емес балык басынан ширит
Бір грамм мұнайы жоқ елдер бізден бай тұрады. Сен ең кішкентай ел прибалтикаға барып көрші керемет өмір сүруде. Және сол елдерде темір,көмір, газ, бидай да жоқ.
0 дауыс
Мұрат Есжанның пікіріне қосыламын. Араб елдерінде Құран басты нормативті құқықтық акті болып саналады. Құранда не жазылған, Аллаһ таала не бұйырды сол бұлжытпай орындалады. Оларда жеке бастың мүддесімен бірге қасындағы қоршаған ортаның да мүддесі ойландырады. Жемқорлық, өзіне тиісті емес мүлікті (затты т.б.) ұрлау деген харам деп есептеледі (Аллаһтан қорқаннан). Сондықтан ел қазынасын пайдалануда барлығы адал жолға қойылған. Ал біздің елге келетін болсақ, араб елдеріндегідей Ислам діні дамымаған. Діннен хабары  жоқ  адамдардың қандай екендігін біздің елден байқауға болады. Адамдарды бірнәрсемен қорқыту арқылы оларды дұрыс жолға қоюға және жақсы қоғам қалыптастыруға болады. Аллаһтан қорықпайтын қоғамды қатал заң арқылы бағындырып ұстау қажет. Европа елдеріндегідей немесе Шығыс Азия мемлекеттеріндей. Аллаһ таала бізге жер асты байлығымен қоса жердің үстіне де байлықты бергенғой. Адамдар осы байлықты сабырлықпен, қоршаған ортаға теңдей үлестіре отырып пайдаланған болса бірер жылдарда бізде араб елдеріндегідей боламыз. Ең алдымен жүректе иман болуы керек. Еліне, жеріне, халыққа деген сүйіспеншілік болуы керек деп ойлаймын.
+1 дауыс
Ол елден сиқыр қорқады,ал бізде алдап жеп жатыр(ол елде алдауды жазаласа,бізде дұрысын айтқанды жазалайды).Анау-мынау әңгіме айтады.Басқа елдермен салыстырып,есептеп қарасаңыз(мұнайдан басқа қаншама байлық бар,халықы да қытай сияқты көп емес) анау-мынау әңгімесі өтірік.Салыстыру мен есеп таршылықты көрсетіп отырған жоқ,жеуді көрсетіп тұр.Әрі жегісі келеді,әрі ақталғысы(алдағысы) келеді.Жасыратындай(алдайтындай) аз жеп отырған жоқ қой,көп жеп отыр.Сондықтан алдағаны білінеді.
0 дауыс
Халқымыздың жағдайы түзелмей мемлекетіміз дамымайды,  мемлекеттің өнімдерінің бәрін сатып алып экономикасын өсіріп жатқан халық қой, халық болмаса кім сатып алады оның бәрін, ал халықта ақша жоқ!!!!!!!!!!!!!!.  Ең қарапайым мысал : Базардағы саудагерлер аштан өледі ғой халық барып соның тауарларын, азық-түліктерін сатып алмаса. Халық айлық алған күні базардағылар да байып қалады ғой. мемлекет те сол сияқты.
+2 дауыс

Ехе,лапшаны құлаққа ілгеннен құлағым түсіп қала жаздады ғой...

1950-ші жылдары араб елінде /қай ел екенін ұмыттым/ мұнай табылып,басшысы"бұл Алланың халқым пайдалансын деп берген несібесі,сондықтан халқым игілігін көрсін"-деген екен.Әйтпесе біздің қорқаулар секілді өңешін толтыруды білмеді дейсің бе...

Ана кәрі қақпастың Иманы артпай  қара халыққа ештеңе де жоқ.

+1 дауыс
Ехе,лапшаны құлаққа ілгеннен құлағым түсіп қала жаздады ғой...

1950-ші жылдары араб елінде /қай ел екенін ұмыттым/ мұнай табылып,басшысы"бұл Алланың халқым пайдалансын деп берген несібесі,сондықтан халқым игілігін көрсін"-деген екен.Әйтпесе біздің қорқаулар секілді өңешін толтыруды білмеді дейсің бе...

Ана кәрі қақпастың Иманы артпай  қара халыққа ештеңе де жоқ.
...