+1 дауыс
538 көрілді
Көреалмаушылықты пайдалы қасиет деп санайсыз ба?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің ойымша адамның ең лас қасиеттерінің бірі-көреалмаушылық.Осы жаман қасиет үшін тіпті адам өмірі де қиылып жатады.Бұл қасиет адамзаттың пиғылын улайды.

 Ал,мына жайт мені қатты таң қалдырды:

 Ғалымдар көреалмаушылық мидың денеге ауырлық түскенде жауап қайыратын бөлігі арқылы пайда болатындығын анықтап отыр. Оның жақсы, жаман түрлері болсын спорт пен мансапта үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі. Мұнымен қатар, өмірде не нәрсені қалайтындығымызды айқындап береді. Олай болса бұл қасиеттің пайдалы тұстарын анықтайық.

Көреалмаушылық сезімінің арқасында мидың назар мен есте сақтауға жауап беретін бөлігі іске қосылады.

Әжелеріміз бен аналарымыз, мектептегі ұстаздарымыз көреалмаушылықтың жаман қасиет екендігін үйретумен болды. Өсіп білім алған соң эмоцияның жақсы немесе жаман болмайтындығын анықтадық. Ендігі кезекте көреалмаушылықтың қай сәттерде туындайтындығынан бұрын, қандай пайдасы бар екенін анықтайық.

Шын мәнінде нені қалайтындығыңызды анықтап алыңыз...

Көреалмаушылықтың арқасында өзімізге шын мәнінде не керектігін анықтап алуымызға болады. Оның жоқтығы да дәл солай түсіндіріледі. Мысалы, жан құрбыңыздың сұлулық сайысынан бірінші орын алғанын естіген соң тек қуанған болсаңыз, 5 жыл бұрын өзіңізге лайық жолды таңдағандығыңыз. Өзіңіз армандаған оқу орнына сыныбыңыздағы үлгерімі нашар оқушы қиындықсыз түскен жағдайда қандай әсерде болдыңыз? Артынан сөз таратып, онымен қарым-қатынасты үздіңіз бе? Мұның бірін де жасамаған болсаңыз, сіз өз жолыңызбен адаспай жүріп келесіз.

...басқа адамдар нені қалайды?

Жасымыз ұлғайған сайын бұл қасиет бойымыздан кете бастайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 30 жасқа дейінгі 4 адамның 3-і, 60 жастан асқандардың тек 1-і осы қасиетке ие болады.

Кей адамдар жан таласудың арқасында мемлекетке пайда түседі дейді.  

Қоғам мүшелерімен жарысу

Өзгені көреалмаймын деп жамандық жасаудың еш қажеті жоқ. Мысалы, құрбыңыз қажет уақытында салмақ тастап, сымбатты болып жүрсе, сіз де жарысыңыз. Менен де сымбатты болып кетпесін деп шәйіне артық қант салып жіберу секілді арамдық жарамайды. Ғалымдар қай жерде жүрсеңіз де жарысып жүргендей сезімде болыңыз деп кеңес береді.
Сілтемесін қоса жарасар еді.
+3 дауыс
садыкова-га келисемин))арине онын тукке де пайдасы жок,керисинше зиян жактары болады!!!
0 дауыс
Егер көре алмаушылық болмаса айналадағы жақсылық, жетістік сияқты нәрселерге мән бермеушілік басымдық алар ма еді деген ой келеді екен адамға.
0 дауыс
kore almauwilik negizinde jaman kasiet dep oilaimin. birak onin jaksida jamanda paidasi boladi.kei bir jerinde katelesip artik ketip kaluin mumkin al keibir jerde olai emes.
Жауабыңызға рахмет.Бірақ бұл сайтта тек қазақша қаріптермен,қатесіз жазу керек.Жауабыңызды өңдесеңіз дұрыс болар еді.
Белгісіз
0 дауыс

Пайдалысы да бар осы арқылы біз алдыға жылжитын сияқтымыз!Мысалға біреу күшті жетістікке жетеді оны көре алмай одан да асып кететін болғымыз келеді сосын ары қарай кете бересін го!Жалпы өзімді айтып отырмын менде көреалмаушылық бар!

Ұқсас сұрақтар

...