Адам бойындағы ең тамаша қасиет, мен үшін ол - шынайылық. Мейлі, адам қандай болсын, жасандылық сондай жиіркенішті қасиет және шынайы адамдардың аздығына мен ренжимін және шынайы адам көрсем, іштей қуанып, риза болып тұрамын. Шынайылық, ол дөрекілік, агрессия немесе тым сыпайылық емес, ол адамның нақты өзімен өзі болып, зиянсыз жүретін сәттері және ақты ақ, қараны қара деп, жалпы сөзбен жеткізу мүмкін емес және аз ғана адамдарда кездесетін қаиет. Сосын, ол кішкентай балаларда өте көп кездесетін қасиет. :)