Мектеп | 931 қаралды
931 қаралды
Мұғалімге керек жақсы он қасиет қандай?

3 жауап

Әрбір мамандықтың, өмірде, қоғамда өз орны бар екені рас. Оған ешкімнің дауы жоқ. Бірақ мамандықтардың ішінде ұлық мамандық, ол – мұғалім мамандығы. Мен өзім мұғалім болған соң мұғалім мамандығын ұлықтайын деп отырғам жоқ. Қазақтың арыстары Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Ыбырай Алтынсарин айтты, жазды, ұлықтады. Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың баласының басы қосылса мұғалімнің орны төрде болу керек»,- деген жоқпа еді. Сол кездегі төрдегі басың бүгін есікке кетті. Не себеп? Себебін іздеп басқа қырынан келіп көрейік.
Ұлыбританияда жүргізілген зертеулерге қарағанда оқушылардың оқыту мен оқу туралы пікірлеріне назар аударылған. Мектептерде «Оқушы үніне» көңіл бөлуге баса назар аударылған. «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы Джин Раддок «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады. /МАН- 71- бет/
«Оқушы үні» жобасында негізінде оқушылармен пікірлесу, әңгімелесу басшылыққа алынған.
Оқушылармен пікірлесу- басшылықтың дәстүрлі қарым-қатынасынан өзгеше және мұғалімдер мен оқушылар арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс. Оқушылармен әңгімелесу барысында ешқандай алалауға жол берілмеуі маңызды. Әсіресе, «үндемейтін» және «жеке-дара» оқушылардың барлығының да пікірі ескерілуі тиіс. Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуде шынайы болуы, оқыту мен оқуға байланысты оқушыларға қызықты және маңызды сұрақтардың қамтылуы аса маңызды. /МАН-71 бет/
Маған оқушылармен ашық пікірлесу, әңгімелесу нәтижелі болмады. Мұғалімдердің сабақты қалай өткізетіндігі туралы пікірлескенде тек мақтап айтады, кемшілігін айтпайды. Кемшілігін айту бізге кері әсер етеді деп қорқады. Оны жасырмайды.
Сондықтан осы пікірлерді ескере отырып оқушылардың арасына жазбаша түрде бірнеше түрлі сауалнама өткіздім. Сауалнамада да аты-жөнін көрсетпеу, жазуын өзгертіп жазуға болатындығын және мұғалімдер туралы жазылған жағдайларды ашық жарияламау туралы сөз берілді. Сонда ғана олар өз пікірлерін жасырмай жазғандай болды.
Сауалнама жазбаша түрде өткендіктен мен «Оқушы үні» демей, «Оқушы дауысы» деп алдым. Әрбір оқушыға жеке парақтар беріліп, өз ойларын еркін білдіру керектігі ескерілді.
Сауалнаманың қорытындысынан көп нәрселерді аңғаруға болады. Енді 6-11сынып оқушылары арасында өткізілген тек «Мұғалім бойында қандай қасиеттер болу керек»? деген сауалнаманың нәтижесіне тоқталайын.
«Оқушы дауысы» сауалнамасы
«Оқушы дауысының» мұғалім еңбегін бағалауда үлкен әсері бар. Сондықтан бұған адал, шынайы түрде жауап берген дұрыс. Сізден мына кестені толтыруыңызды сұраймын. Рет санына ең негізгі деген үшеуіне 1,2,3 деген номерді қой.
Рет саныМұғалімге қажетті қасиеттер
1Еңбекқор
2Шыншыл, әділ
3Оқушысын түсінетін, мейрімді
4Өз пәнін жақсы біледі, сабақты жақсы үйретеді
5Оқушысына қатаң талап қоя білетін
6Жан-жақты өнерлі
7Жаңашыл
8Оқушысына сенім білдіріп, оны қанаттандырып отырады
Өткізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша көрсетілген қасиетердің қайсысына оқушылар басым дауысбергендігінің пайыздық көрсеткіші:
Рет саныМұғалімге қажетті қасиетерПайыздық көрсеткіштері
1Еңбекқор12,1 %
2Шыншыл, әділ14,3%
3Оқушысын түсінетін, мейірімді19,8%
4Өз пәнін жақсы біледі, сабақты жақсы үйретеді25,3%
5Оқушысына қатаң талап қоя білетін7,7%
6Жан-жақты өнерлі3,4%
7Жаңашыл5,3%
8Оқушысына сенім білдіріп, оны қанаттандырып отырады13,2%
Мен бұл жерде мұғалім мамандығын иемденген әрбір адамның бойынан табылуға тиісті-ау деп ойлаған қасиеттерді таңдап алдым.Сіз өз зерттеуіңізде өзгертуге немесе маған ұсыныс ретінде өзгертуге болатын өз ойыңызды ортаға салуға болады.
Оқушылардың бағалауы бойынша мұғалімге қажетті басты қасиет мұғалім өз пәнін жақсы білетін, сабақты жақсы үйрететін болу керек. Өз пәнін жақсы білу, білген білімін оқушыларға жан-тәнімен үйрете білу мұғалімнің өз мамандығын сүйе білуіне, қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезіне білуіне тікелей байланысты. Бұл мұғалім бойында болуға тиісті басты қасиет екені рас.
«Мектептің жаны – мұғалім.
http://ped.kz/-%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B7-%D0%BD/%D0%BC-%D0%B0%D0%BB-%D0%BC%D0%B3%D0%B5-%D0%B0%D0%B6%D0%B5%D1%82%D1%82-%D0%B6%D0%B5%D1%82-%D0%B0%D1%81%D0%B8%D0%B5%D1%82.html
Әділ,мейірімді,білімді,,жан жақты,адал,еңбексүйгіш,қаталдау,түсінігі бар,ақылды,қамқор
Мұғалімнің бойында көптеген жақсы қасиеттер болуы қажет.Оқушыны оқушы деп қарамай өз баласындай көру керек.Әділ,мейірімді,білімді,,жан жақты,адал,еңбексүйгіш,қаталдау,түсінігі бар,ақылды,қамқор
118,129 сұрақ
304,659 жауап
153,304 пікір
66,779 қолданушы