+1 дауыс
9.2k көрілді
Қазақ тілінің мәртебесін қалай көтереміз? Ойларыңыз ,мысалы. Ресейде сырттан келетін мигрант жұмысшы міндетті түрде орыс тілінде емтихан тапсырады екен, онсыз болмайды екен бізде неге ондай болмайды биліктегілер неге нақты қадамдарға бармайды екен.

4 жауап

+1 дауыс
100% қазақша сөйлесек сол жеткілікті деп ойлаймын!
100% қазақша сөйлеп тұрып, көз алдымызда орысша жарнамалар тұра берсін дейсіз ғой сонда,,,
оларды калайша қойдыра аласын? өзіміз сөйлесейк,басқалары өздері білсін?
+2 дауыс
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін Астанада билік басында отырғандар басқа ұлт өкілдеріне жалтақтамай өздері қазақша сөйлеулері керек деп ойлаймын.Қаншама қаржыны қазақ тілін үйрету үшін жұмсағанша талап қою керек қатаң түрде.Бізде бес қазақ отырса өзара орысша сөйлеп жиналыс откизеді, мұны көріп отырған басқаларға бәрі бір ғой.Ең алдымен өздерінен бастаулары керек.
0 дауыс
Тілдің мәртебесі жоғары болу үшін ол тілде сөйлейтін адамдардың мәртебесі жоғары болу керек. Егер қазақша сөйлейтің адам ақылды, білімді, мәртебелі, мәдениетті адам болса онымен барлығы сөйлескісі келеді. Егер қазақ тілінің мәртебесін көтергілерің келсе, өздеріңді көтеруден бастаңдар. Сол сенің қазақ тілін дамытуға қосқан үлесің болады. Қазір 21-ші ғасыр. Күштеп, қинап, ештеңе жасата алмаймыз, бәрі бейбіт жолмен, өз еріктерімен үйрену керек.

Қазақ тілінде сөйлейтіндер! Егер қазақ тілі дамысын десеңдер, оқыңдар, жетіліңдер, дамыңдар. Орыс, ағылшын тілінде сөйлейтіндерден, қай салада болса да, бір саты жоғары болыңдар. Сол кезде ғана қазақ тілін білгісі келетіндер саны артады, тілдің беделі артады.
рахмет coder,,,,,,,,бірақ та әдемі сөздермен емес, нақты істермен жасау керек ко,,,оны тек басқаларға тиым салу керек қорқа бермей мысалға біз орыс тілді мектеп,балабақшаларды жабу керек,,
тіпті бізден Өзбекстан озып кетіп отыр ол көршіміз жақында орыс,қазақ мектептерінің жұмысын тоқтатқан, қандай керемет ұлттық тілді қорғап жатыр,, біздерге де сондай қадамдар жасайтын уақыт келді деп ойлайм
Иә, қазір ондай өткір қадамдарға бара алмай отырмыз. Сол өкінішті. Бірақ жайлап-жайлап қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп келе жатқандығы байқалады. Барлық салада.
0 дауыс
"Балық басынан шіриді" деген сөз бар.Жоғарыда отырған кісі(лер) өзінің ана тілін,қазақ тілін менсінбей орысша көкіп отырғанда,қалайша сырттан келген мигранттарға қазақша сөйле деп айтамыз?
мхм.........
...