0 дауыс
3.0k көрілді
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдаланып, берілген сөздердің мағыналарын жазу. Мысалы: БАСАЛҚАЛЫҚ - зат есім. Ақыл-кеңес берушілік. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т. 123-бет. ШАРЫҚ - ОМБЫЛА - МӨНТЕҢ - ТАБАЛА - ҚҰЙЫРШЫҚ - ҚИҚАЛАҚТАП - КҮДЕР- КЕСІР - ТӨЛЕҢГІТ -

1 жауап

0 дауыс

ШАРЫҚ
 зат. Теріден, тал қабығынан жəне т.б. арзан заттан лекерлеп 
жасалған аяқкиім, шəркей.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 159-бет.    

ОМБЫЛА
 ет. Қарға белуардан батып, малтығу. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 7-т.  422-бет.       

МӨНТЕҢ:
 мөнтең қақты. Безек қақты, безілдеді. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 7-т. 238-бет. 

ТАБАЛА
 ет. Біреудің сəтсіздігіне қуану; өзіне сол керек деу. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т.  520-бет.     

ҚҰЙЫРШЫҚ
 зат. 1. Құйымшақтың сүйірленіп келген ұш жағы. 2. 
Ауыс. Біреудің қолшоқпары, сойылын соғушысы; жағымпаз.  Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 6-т.  448-бет.      

ҚИҚАЛАҚТАП
  ет. Қиқаң-қиқаң ету, қиқаңдау, қиқалаңдау. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 191-бет.     

КҮДЕР:
 күдер үзді. Орындауға болмасына көзі жетті, үмітін үзді, 
түңілді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-т. 259-бет.

КЕСІР
 зат. Зиян, залал, зардап. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 5-т. 
4-бет.  

ТӨЛЕҢГІТ
 зат. көне. Төренің күтушісі, малшы-жалшы қызметшісі. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 232-бет. 

Толығырақ: https://emirsaba.org/gauar-elimbek-korkem-shifarmalar-arili-til-jretuge-arnalfan-az.html?page=14

...