+1 дауыс
3.9k көрілді
Қазақ тілінің мәртебесін қалай көтеруге болады?

 Біз неге өз тілімізбен сөйлесуге қысыламыз. Кеше Тараз қаласында бір  сауықтыру мекемесінде файеде байқадым кезек күтіп  отырған 20-30 қазақ 2-3 орыс отырған жерде үндері шықпай, бір бірімен орысша әңгімелесіп отыр, қандай аянышты. Неге олар өз елінде өз жерінде өгейсінеді. Оңтүстігіміздегі қалың қазақ осылай тартқыншақтап отырса, солтүстігіміздің хал-жағдайы қалай болды екен?

4 жауап

+2 дауыс
бұл еліміздегі бірден бір өзекті мәселе деп ойлаймын. Біздің ел көпұлтты болғаныменде, өз ана тіліміздің мәртебесін түсірмеуіміз керек. Мен қазыр жастарымыз орысша сөйлейді, тіліміз жойылып бара жатуға айналды демеймін. Өйткені, орыс ұлттарыда қазақ тілін біледі, қазақ тілінде сөйлейді. Әрине, бәрі емес. Дегенменде, бұл қалыпты жағдай деп қарастыра беруге болады. Бұл менің жеке ойым. Бұл мәселені толықтай шешу мүмкін емес. Ұл ө қыздарымызда намыс жоқ болса, не дейміз енді?
Өз тілін сөйлей алмайтын мәңгүрттерді мен де ұнатпаймын, менсінгім келмейді. Сонда сыртан қарап тұрған ұлттар бізді әрине силағысы келмейді,  бірақ олар бетімізге айтпаса да өз-ара айтылатынына күмәнданбаймын.
0 дауыс
Қазақ тілінің мәртебесі неліктен төмен?

   Менің жанымда оріс тілді адам тұрса оған тілінде сөйлеймін. Себебі менде мемлекеттік тілге деген құрмет қалыптаспаған, тілімнің абыройы туралы тіптен ойламаймын. Мемлекетіміздің дәрежесін түсіріп жатқаныммен шаруам жоқ, күнім жақсы өтсе болды, тіршілігімді жасай беремін. Міне, мен сияқтылар Қазақстанда өте көп. Себебі халықта ұлттық идеология, тілге, салтқа деген құрмет төмен.
Ташкент қаласында болып көргенсің ба?  Мен 5-6 рет барғанмын, олар тек өз тілдерінде сөйлейді, кейбір орысша термин сөздерді арластырып сөйлейді, бірақ олар орыстың сөзі деп мойындамайды, орыстің сөздерін де өздерінге енгізіп  оны өзбектің сөзі деп тұра береді.Ал не істейсің?  Бір байқағаным Өзбекстанда өзбектерді басқа ұлттар  қатты құрметтейді екен, өйткені бәрі өзбекше  сөйлейді , өзбекше амандасады, Өзбектердің салт дәстүріне, тәртібіне бағынады. Бағыну деген ол шын мәнінде құрметтеу, сол мемлекетті  мойындау.
Неге өзбек ұлтын құрметтеп, салтына, тәртібіне бағынады? Себебі, өзбек ұлтының өзі ана тілін құрметтеп отыр емес пе? Бізде сол дүние жетіспейді...
Міне дәл менің ойымды оқып қойдың. Дұрыс айтасың.
Малайзияның экономикасы  қалай тез дамыды?  Малайзия 25  жыл бұрын өте кедей ел болды Ағылшындардың қол астында болып, сосын егемендік алды да бірден  өздерінің ана тілін мемлекеттік тіл деп жариялап, Малай тілін білмейтіндерді жұмысқа алмайтын заңды қабылдады,(Оларда да бізден де көп әр-түрлі ұлттар тұрады) барлық ұлттары малай тілін тез үйренді, содан міне олардың экономикасы 25 жылдың ішінде Жапонияны басып озды, халқы көп, териториясы кішкентай, ешқандай да қазба-байлықтары жоқ.  Сонда былай болып тұр, әр мемлекет бірінші өз тілін дұрыстап алмаса дамымайды, керек болса ел бола алмайды..
Мына бейне көрініске қайық.  Малайзия туралы.
0 дауыс
Қазақ тілінің мәртебесі көтерілмей жатқан себебі жоғары жақтағылардың  жылы орындықтан артжақтарын қозғалғылары келмейд  қазақ тілінде сөйлесе ауызы қисайып қалатындай орысша сөйлейд бірдеме сұрасаң. Қазақ тіліне қатысты заң жоқ. Қазақстандағы заңның бәрі бірінші орыс тілінде шығады сосын барып қазақ тілінде шығады осыны неге тек мемлекеттік тілде шығармайды түсінбейсің осыны жоғарыдағылар не бітіріп отыр екен ақшаны қалтасына салып шетелге қашқанша.
0 дауыс
Ассаламу ғалейкум, бір фактты қабылдау керек, ол совет үкіметі кезеңінде қаншама ғалымдарымыз өлтірілді, ғалымдар өлу деген ол xалықтың жаппай надандыққа сауатсыздыққа кетуі. Былайша айтқанда біздің түп тамырымыздан кесті. Халық есеңгіреп қалды, білім жоғалды. Қазіргі жасайтын амалымыз енді аяғымызға тұру, xалыққа ағарту жұмыстарын жүргізу. Сол әуелгі қазақ тілінің қалпын қалпына келтіру, қазақтың әуелгі қалпын тірілту қалды. Бұл үлкен іс, жауапкершілікті. Кемшілігімізді қабылдау керек, қазақ тілін шала білгендерді сөккеннен пайда жоқ. Бір бірімізге жәрдемдесуіміз керек.
...