0 дауыс
413k көрілді
Бағдарламашы студентке өндірістік практикадан мінездемені  жазу үлігісі бар болса көресетіңіздерші. Алдын ала рахмет

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
Экономика және бизнес жоғарғы мектебі
қаржы мамандығының IV курс студенті 
Жанибеков Ерасылға

Мінездеме

Жанибеков Ерасыл 20.01.14-17.04.2014 ж. аралығында ОҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясында өндірістік іс-тәжірбиеден өтті. Алғашқы күннен бастап өз ісіне тиянақтылығымен, жауапкершілігімен көзге түсті. Ерасыл практика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мекеменің қызметкерлерімен тез тіл табыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Болашақта Жанибеков Ерасыл еліміздің экономикалық әл-ауқатын жоғарылауына үлес қосатын білікті қаржыгер болады деп үміттене отырып, өткізген іс-тәжірибесін «5» өте жақсы деп бағалаймыз.

ОҚО бойынша қаржылық
Бақылау инспекциясының басшысы Б.К. Момышов

0 дауыс
Мектептен студентке мінездеме керек еді. музыка сабағынан
+1 дауыс

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жаратылыстану факультеті Математика кафедрасының 4 курс студенті Зайниддин Манзура мінездеме


Мінездеме

Зайниддин Манзура 2015 жылдың 19 қаңтарынан бастап 10 жетекшісі Жәнібекова Ардақпен курс жетекшілігі бойынша педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Алғашқы күні Севараны 2 курс студенттерімен таныстырды. Ол іс-тәжірибе барысында курс сағаттарын өтіп, курс студенттерінің күнделіктерін тексеріп, келмей қалған студенттердің келмеген себептерін анықтап, кешігіп келетін студенттермен жұмыс істеп, оқу құралдарын тексеріп, бақылап отырды. Севараның өзі де студенттерге жақсы үлгі бола білді.

Севара 2015 жылдың 5 наурыз күні «8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі» күніне орай «Ана – өмір шуағы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Оған студенттер белсене қатысып, өздерінің өнерлерін паш етті. Тәрбие сағатын тамашалауға қатысқан мұғалімдер мен ата-аналар студенттердің белсенділігін және Севараның шеберлігін атап өтіп, оған оң баға берді. Севара дайындаған көріністер көпшіліктің көңілінен шықты. Оны тамашалаған ата-аналар және мұғалімдер Севараға риза болды.

Севара курс жетекшілік міндетін жақсы атқаруға ат салысты және мұғалімдер Севараға оң баға берді.

Севара курс жетекшілік міндетін жақсы атқаруға ат салысты.

Курс студенттерімен жақсы қарым-қатынаста болып, олармен жақсы тіл табыса алды.

Келешекте Севара жақсы сынып жетекші болады деп сенеміз.

Мектеп директоры: А. Асанов

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Б. Жәкипов

Жетекшісі: А. Жәнібекова

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жаратылыстану факультеті Математика кафедрасының 4 курс студенті

Ганишева Севара

Мінездеме

Ганишева Севара 2015 жылдың 19 қаңтарынан бастап №21 Кәсіптік колледжде педагогикалық іс-тәжірибеге келді. Осы күннен бастап колледждің математика пәні мұғалімі Жәнібекова Ардақтың сабақтарына қатысты. 2015 жылдың 28 қаңтар күні І курс студенттеріне «Тригонометриялық теңдеулер» тақырыбындағы алғашқы сабағын өтті. Сабақтың барысында оның білімділігі, шеберлігі және студенттерді өзіне бейімдей алу қабілетіне ие екендігі айқындалды.

Севара 2015 жылдың 12 наурыз күні ІІ курстар арасында «XХІ ғасыр көшбасшысы » атты математикалық сайыс өткізді. Бұл сайыста студенттер белсенді қатысып, өздерінің білімділігін көрсете алды. Осы сайысты тамашалауға қатысқан мұғалімдер сайыс жоғары дәрежеде өткендігін айтып, өткізген математикалық сайысына оң баға беріп, оның жұмыстарына сәттілік тіледі.

Севара 2015 жылдың 27 ақпанда ІІ курс студенттеріне «Күрделі функциялардың туындысы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабаққа оң баға беріп, Севараның педагогикалық жұмысына сәттілік тіледі.

Севара келешекте білімді, өз жұмысын жақсы атқаратын, жауапкершілікті сезінетін, шебер мұғалім болатынына сенімдіміз.

Мектеп директоры: А. Асанов

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Б. Жәкипов

Жетекшісі: А. Жәнібекова

...