0 дауыс
1.1k көрілді
Колледжге практикаға барғанда бектілген топқа мінездеме керек?

1 жауап

0 дауыс

Мінездеме – қызметкердің мінез-құлқын және кәсіби деңгейін, біліктілігін, іскерлігін сипаттайтын және ол туралы әкімшіліктің көзқарасын аңғартатын құжат.Жоғарыдағы қате, мінездеме мазмұнында туған жылы, туған жері жазылмайды, бұл жерде өмірбаян болып кетіпті.

Мәселен:

Аттестациялауға жіберілген мемлекеттік әкімшілік қызметкерге берілген қызметтік мінездеме

 
      Қызметке (күні.айы.жылы)ж. тағайындалған, (қала) қаласы ((аудан)ауданы) әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы (аты-жөні)
 
     1. Қызметін атқару барысында ҚР Президентінің заң күші бар «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Жарлығын (19.06.1995 ж., № 2340), Үкіметтің «Қазақстан Республикасындағы орталық және жергілікті органдарына азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру туралы» Қаулысын (04.09.2002 ж., № 974), Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ісқағаздарды жүргізу жөніндегі Нұсқаулығын (31.01.2001 ж., № 168) және (қала) қаласының ((аудан) ауданының) әкімі « (қала) қаласының ((аудан)ауданының) әкімінің аппаратында және оның құрылымдық бөлімшелерінде құжаттармен жұмыс жүргізу туралы» шешімін ((жыл) ж., № (номер)) басшылыққа алып отырады.
     2. Өзінің қызметтік (лауазымдық) міндеттемелерін атқара отырып, ол қаланың(ауданның) барлық ұйымдарына шығыс хат-хабарларды жібереді; қала әкімі аппаратына, құрылымдық бөлімшелерге, аудандық әкімдіктерге және қала әкімі аппаратына кірмейтін басқа да ұйымдарға келген қызметтік құжаттарды, өтінішарыздар, азаматтардың өтініштерін қабылдайды; қолма-қол, пошта және канцеляриялық жәшік арқылы алынған хаттарды қабылдайды, ашады, сұрыптайды; азаматтарға анықтамалық сипаттағы түсініктемелер береді; бақылауға алынған хаттардың тез әрі уақытылы жіберілуін қамтамасыз етеді; азаматтардың хат арқылы хабарласуына есеп жүргізеді; барлық шығатын хаттарды рәсімдеп, пошта арқылы (жай, тапсырыспен) жібереді; халықаралық поштамен жіберілгендеріне тізім дайындайды. (аты-жөні) өз қызметін атқара отырып, орындайтын міндеттемелерін шығармашылықпен атқарады, азаматтардың барлық сұрақтарына сауатты әрі дұрыс жауап береді, жауапкершілігі жоғары, тәртіпті қатаң сақтайды.
     3. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі болғандықтан, (аты-жөні) өтініш берушілермен әңгімелескенде мемлекеттік тілдегі білімін кәсіби түрде қолданады, келіп түскен хаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге аударады. Компьютерлік сауаттылығы жоғары. Бағдарламалық қамтамасыз етудегі кез келген өзгерістерді қиындықсыз меңгереді.
    4. Мемлекеттік және еңбек тәртібін, Мемлекеттік қызметкердің ар-намыс Кодексін, ішкі қызметтік тәртіпті және әдеп нормаларын сақтайды. Жұмыс істеген уақыты ішінде тәртібіне байланысты ешқандай сөгіс алмаған.
    5. Әңгімеге тартқыш, кәсіби деңгейін ұдайы арттырып отырады, әріптестеріне, азаматтарға мейіріммен қарайды. Мінезі салмақты, орнықты.
     6.(аты-жөні)  атқаратын қызметіне лайықты.
 
(лауазымы)                                                                  (аты-жөні)
                                                                                 
 
(күні.айы.жылы)ж.

...