+1 дауыс
89.2k көрілді

Мінездеме. Мінездеме қалай жазылады? Төмендегі мінездеме үлгісі дұрыс жазылған ба?

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  бас маманы 

Дулат Әлімбайұлы Арапбаевқа

Дулат Әлімбайұлы Арапбаев  1982 жылы 24 ақпанда  Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, мамандығы –  заңгер.

Дулат Әлімбайұлы Арапбаев  2003 жылғы 15 маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бас маман ретінде қабылданды. Алғашқы күннен бастап, ол берілген тапсырмаларды дер кезінде, тиянақты орындап, өз ісіне жауапкершілігін, ұқыптылығын көрсетті.

Қызмет ету кезеңінде өзін сауатты, тыңғылықты орындаушы және тәртіпті офицер ретінде көрсетті. Өзінің кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.  

Сырт келбеті ұқыпты.  Дене бітімі дамыған. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш. Өмірде қарапайым, моральдық жағынан ұстамды.

Оперативтік жұмыста біліктілік, мақсатқа талпынушылық, тәртіптілік байқатты. Қызметтік міндеттерін адал орындайды, табандылық пен бастамашылық байқатады. Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді. Алдында тұрған міндеттерді шешуге басшылық және оперативтік құрам күшін шебер бағыттайды. Қол жеткізген нақты нәтижелері үшін  мақтау қағазымен марапатталған.

Дулат Әлімбайұлы Арапбаев  келешекте жоғары дәрежелі, білікті офицер болады деген сенім білдіреміз.

Төрағасы               қолы                   аты-жөні                                 

 

Үлгі 2.

 

МІНЕЗДЕМЕ

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының маманы

Рахметова Райхан Рахметуллақызына

Рахметова Райхан Рахметуллақызы 1980 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген, мамандығы – филолог, оқытушы.

Рахметова Райхан Рахметуллақызы 2003 жылдың 18 ақпанында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасында маман ретінде қызметке қабылданды. Алғашқы күннен бастап, Рахметова Райхан Рахметуллақызы берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, өз ісіне жауаптылығын, ұқыптылығын танытты.

Жұмыс барысында өзін тек жақсы жақтарымен көрсетті. Қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарады. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген және сауатты.

Осы ерекшеліктері ескеріліп, 2003 жылдың сәуір айынан бастап, ол кадрлар бөліміне ауыстырылды. Бұл бөлімнің де құжаттарымен сауатты да ұқыпты жұмыс істеу, ісін тиянақты да уақытылы орындау, тапсыру сияқты талаптарына сай жақсы қызмет атқарып келеді. Сонымен бірге аударма ісімен де жақсы жұмыс істейді.

Жұмыс барысында өзін ұстауы, адамгершілігі, қызметкерлермен бірлесе жұмыс істеуі жоғарғы дәрежеде деуге болады. Орталықтың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде атсалысады.

Өзіндік ерекшеліктері – іскер, ұстамды, алдына талап қоя алатын, ісіне мұқият қызметкер.         

 

 Төрағасы            қолы                 аты-жөні   

«Құжаттама», Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы дайындаған

2 жауап

+1 дауыс

Мінездеме – қызметкердің мінез-құлқын және кәсіби деңгейін, біліктілігін, іскерлігін сипаттайтын және ол туралы әкімшіліктің көзқарасын аңғартатын құжат.Жоғарыдағы қате, мінездеме мазмұнында туған жылы, туған жері жазылмайды, бұл жерде өмірбаян болып кетіпті.

Мәселен:

Аттестациялауға жіберілген мемлекеттік әкімшілік қызметкерге берілген қызметтік мінездеме

 
      Қызметке (күні.айы.жылы)ж. тағайындалған, (қала) қаласы ((аудан)ауданы) әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы (аты-жөні)
 
     1. Қызметін атқару барысында ҚР Президентінің заң күші бар «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Жарлығын (19.06.1995 ж., № 2340), Үкіметтің «Қазақстан Республикасындағы орталық және жергілікті органдарына азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру туралы» Қаулысын (04.09.2002 ж., № 974), Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ісқағаздарды жүргізу жөніндегі Нұсқаулығын (31.01.2001 ж., № 168) және (қала) қаласының ((аудан) ауданының) әкімі « (қала) қаласының ((аудан)ауданының) әкімінің аппаратында және оның құрылымдық бөлімшелерінде құжаттармен жұмыс жүргізу туралы» шешімін ((жыл) ж., № (номер)) басшылыққа алып отырады.
     2. Өзінің қызметтік (лауазымдық) міндеттемелерін атқара отырып, ол қаланың(ауданның) барлық ұйымдарына шығыс хат-хабарларды жібереді; қала әкімі аппаратына, құрылымдық бөлімшелерге, аудандық әкімдіктерге және қала әкімі аппаратына кірмейтін басқа да ұйымдарға келген қызметтік құжаттарды, өтінішарыздар, азаматтардың өтініштерін қабылдайды; қолма-қол, пошта және канцеляриялық жәшік арқылы алынған хаттарды қабылдайды, ашады, сұрыптайды; азаматтарға анықтамалық сипаттағы түсініктемелер береді; бақылауға алынған хаттардың тез әрі уақытылы жіберілуін қамтамасыз етеді; азаматтардың хат арқылы хабарласуына есеп жүргізеді; барлық шығатын хаттарды рәсімдеп, пошта арқылы (жай, тапсырыспен) жібереді; халықаралық поштамен жіберілгендеріне тізім дайындайды. (аты-жөні) өз қызметін атқара отырып, орындайтын міндеттемелерін шығармашылықпен атқарады, азаматтардың барлық сұрақтарына сауатты әрі дұрыс жауап береді, жауапкершілігі жоғары, тәртіпті қатаң сақтайды.
     3. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі болғандықтан, (аты-жөні) өтініш берушілермен әңгімелескенде мемлекеттік тілдегі білімін кәсіби түрде қолданады, келіп түскен хаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге аударады. Компьютерлік сауаттылығы жоғары. Бағдарламалық қамтамасыз етудегі кез келген өзгерістерді қиындықсыз меңгереді.
    4. Мемлекеттік және еңбек тәртібін, Мемлекеттік қызметкердің ар-намыс Кодексін, ішкі қызметтік тәртіпті және әдеп нормаларын сақтайды. Жұмыс істеген уақыты ішінде тәртібіне байланысты ешқандай сөгіс алмаған.
    5. Әңгімеге тартқыш, кәсіби деңгейін ұдайы арттырып отырады, әріптестеріне, азаматтарға мейіріммен қарайды. Мінезі салмақты, орнықты.
     6.(аты-жөні)  атқаратын қызметіне лайықты.
 
(лауазымы)                                                                  (аты-жөні)
                                                                                 
 
(күні.айы.жылы)ж.

 

0 дауыс
түк түсінбедім бұл қалай сонда мен сырым батырға мінездеме керек дедім ал сіздер болсаңыздар  басқа адамның мінездемесін жазғансыздар бұл не сонда
...