+4 дауыс
923k көрілді
Мінездеме - түрлі мекеме, үйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.  Мінездеме жазу үлгісін көрсетіңіздерші. Өзіңіз таниын адамға болса тіпті жақсы?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мінездеме - түрлі мекеме, үйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті өрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады жоне құжат мазмұнын түйіндейді.

Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына үсыну мақсатында да жазылады. Мүнда үсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.
Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарыл отырған қызмет орнына лайық, лайьгқ еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мүндай мінездеме корытындысында "атқарып отырган қызметіне лайық", "қызмет бабында жогары қызметке усынуга лайық" немесе "атқарып отырган қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады.
Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділіген т.б. сипаттай лтырып жазылады. Қорытындьт бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылгандығы атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзату ум/ш"т.б.

Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мотіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, омірбаяндык мәліметтерді, қортынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады.
Кейде мінездеме жогары жагында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте түратын арнайы бланкілерге жазылган мінездемелер мінездеме беруші адамның және үйым жетекшісінің қолымен расталады.
Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.
Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мотін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).

Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1) тақырыбы;
2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
3) негізгі мәтін;
4) қорытынды;
5) мінездемені талап етуші үйымның аты;
6) мінездеме берілген күн, ай, жыл;
7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
8) қосымша (егер болса).
Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Аттестациялық мінездеме
Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді:
фамилия, аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)-
Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады.
Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі.
Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырьгп, басы артық қысқартуларсыз жазылады.
Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мүнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе үсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,
ҚОРЫТЫНДЫ: /. Атқарып журген қызметіне лайық. 2. Кәсіптік дайындық децгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін. ескере отырып Н.С.Нуртазаевты копкурстық Ііегізде статистика бөлімінің бастыгыны қызметіне ұусынуеа болады.
Мінездемені талап етуші ұйымның аты толық, ресми түрде аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп барып жазылады. Мысалы, "Абай атындагы Алматы мемлкеттік университетініқ қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді".
Мінездеме жазылған дата ұйым атынан кейін 1 интервал жіберіліп барып парақтың сол жақ бөліміне жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы, 26 мамыр 1999 жыл.
Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің ресми қызмет аты, қолы, фамилиясы, аты-жөні кіреді.
Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда
1) белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;
2) білімі туралы құжат көшірмесі;
3) бүрьшгы мінездемелер көшірмесі я одан алынған үзінді;
4) анықтамалар жіберіледі.
Егер мінездемеде қосымша болатын болса ол жайында парақтың соңында жазылады. Ал қосымша бірнешеу болатын болса жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі.
Мінездеменің жалпы қүрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парактың соңына "мінездемемен таныстым" деп жазып қол қояды. Фамилиясын, танысыскан күнін де жазады.
Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша жіберіледі.

Мінездеме

Болат Сыздықов Бакытүлы, 1967 жылы туған, үлты - қазак, білімі -жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Болат Сыздықов Бақытұлы — 1967 жылғы ақпан айының 15-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы Шымкент облысы, Түркістан қаласында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы казіргі Ұлттық техникалык университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірген. 1989-91 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір Қазақ үлттык техникалык университеті металлургия өнеркәсібі факультетінін аға мүғалімі. 1994-97 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дін өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасьгнда оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Б.Б.Сыздықов - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Б.Б.Сыздыковтың "Металлургия өнеркәсібінің терминдері" деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Б.Б.Сыздыков қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі, ЭЕМ /ЭВМ/ машиналарында жүмыс істей алады. Б.Б.Сыздыков - студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне үсыну үшін беріледі.
Мекеме басшысы Айы, күні, жылы /аты-жөні, қолы/

Қазақ техникалық университетінің
ассистент-профессоры Қуаныш Өмірбекүлы Әлихановқа

Мінездеме

Қ.Ө.Әлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. ¥лты - қазақ, білімі -жоғары, ҚР-ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік техника факультетІне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген. 1985-88 жылдар аралығында - Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, ҚазҮТУ металлургия факультетінің аға оқытушысы. 1988-91 жылдар арапығында ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлім аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация корғады.

Қ.Ө.Әлиханов - өз ісін жетік білетін, тэжірибелі маман. Ол - бірнеше гылыми еңбектердің авторы. Қ.Ө.Әлихановтың "Металлургия өнеркэсібінің терминдері" атты еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Қ.Ө.Әлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Ол - студенттер мен эріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.
Тау-кен металлургия институтының директоры,
т.г.д., профессор А.И.Магзонов қолы
Айы* күні, жылы

Қазақ спорт жэне туризм академиясыныц 2000-шы жылғы түлеғі,
еркін күрестен бапкер Мақсат Ахметүлы Нүсіпбековке

Мінездеме

Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. 1990-2001 жылдар аралығында Өскемен қаласындагы № 37 орта мектепте оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындагы ҚазҰТУ-га келіп оқуга түсті.
М.А.Нүсіпбеков-қабілетті, білімді, спортқа деген ынтасы зор. Республиқалық жарыстарга қатысып, жүлделі орындарға ие болган.
Компьютермен жұмыс істей алады, ағылшын тілін жетік біледі.
Мінезі біртоға, сабырлы, жолдастарына адал. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады.
Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.
Базалық дайындық деңгейі мен қабілеттігін ескере отырып, М.А.Нүсіпбековты халықаралық студенттік конференцияга жіберуге ұсынуға болады.

Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия
институтының директоры, т.г.д., профессор М.О.Жарасов қолы
Айы, күні жылы

+3 дауыс
Қабиева Айгүл 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дүниеге келген.
1970 жылы жалпы орта білім беретін мектепті тәмамдап, Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Консерваториясына «театр мамандарын даярлау» мамандығы бойынша оқуға түсіп, жоғары білім алды.
1974-1978 жылдары Алматы қаласы Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрында қызмет жасады.
1978 жылы жанұя жағдайына байланысты Жамбыл қаласына келді.
1991 жылға дейін Жамбыл мәдени – ағарту училищесінің режиссерлық бөлімінде ұстаздық қызмет атқарып, облыс көлеміндегі  мәдени шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болғаны үшін оқу орны басшысының, қала, облыс әкімдерінің тарапынан бірнеше рет «Құрмет грамоталарымен» марапатталып, алғыс хаттарға ие болды.
1991 жылы Жамбыл технологиялық институтының «Мәдениеттану» кафедрасына аға оқытушылық қызметіне ауысып, қазіргі кезде өз қызметін  Тараз Мемлекеттік Университетінде жалғастыруда. Өз еңбек жолында жаңа технологиялы оқу жоспары, емтихандық сұрақ, тест т.б. сапалы білім беру жолындағы әр түрлі әдәстемелік құралдардың авторы атанды және «Мәдениет және өнер тарихы» оқулығының авторы.Студенттерді тәрбиелеу жолында университет көлемінде, «Дулати жастары» театрын құрып, 2006 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің жарлығымен аталмыш театрға «Халық театры» атағы берілді.
1978 жылдан бері ҚР театр қайраткері ұйымының мүшесі. 2007 жылы М.Х.Дулати атындағы тараз мемлекеттік университетінде «Мәдени – тынығу жұмысы» мамандығының ашылуына өзі себепкер болып, осы жылдан бастап кафедра меңгерушісі.
2007 жылы ҚР мәдениет қайраткері атағы, 2008 жылы ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері төс белгілерімен марапатталды. 2010 жылы доцент ғылыми атағын алды.Сондай – ақ, Айгүл Қабиқызы  қала, облыс көлеміндегі көптеген қоғамдық шараларды ұйымдастыруға белсене ат салысып, Жамбыл облыстық әйелдер Кеңесінің мүшелігін иеленді. Бүгінде ол - өз қызметімен қатар, Жамбыл облыстық Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының мүшесі, «Әулие ата» Қазақ мәдени  орталығы төрағасының орынбасары және жаупты хатшысы.
 Айгүл Қабиқызы – отбасында 5 бала, 7-8 немере тәрбиелеп отырған ардақты ана, сүйікті әже.
Сыныптасыңызға болса
+9 дауыс
(Мектеп бiтiрушi түлекке орта мектептiң жазған мiнездемесi, үлгi ретiнде)
1986 жылдың 2-мамырында туылған Жаңаөзен қаласы, ном¤ 10 орта мектептiң түлегi Абдуллаев Медетбекке
    мiнездеме.
 Медетбек-өнегелi iскер, қабiлеттi, қайырымды оқуші. Оқуға деген ынта-ықыласы өте жоғары. Ол мектептiң "жас өлкетанушы" үйiрмесiнiң белдi мүшесi. Қалалық, облыстық тарих, география пәндерi олимпиадасының және спорттық жарыстардың жеңiмпазы. Медетбек мектептiң қоғамдық жұмыстарына белсене қатынасады. Ол тапсырылған жұмыстардың мерзiмiнен бұрын орындалуына ұйытқы бола бiлетiн, iскер оқушы. Ұстаздары оның таңдаған кәсiбiнiң бiлiктi маманы болатындығына сенедi.
Мектеп директоры: Бесiмбайұлы Т
Сынып жетекшiсi: Едiлханова М
19-маусым,2004 жыл
0 дауыс

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  бас маманы 

Дулат Әлімбайұлы Арапбаевқа

Дулат Әлімбайұлы Арапбаев  1982 жылы 24 ақпанда  Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, мамандығы –  заңгер.

Дулат Әлімбайұлы Арапбаев  2003 жылғы 15 маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бас маман ретінде қабылданды. Алғашқы күннен бастап, ол берілген тапсырмаларды дер кезінде, тиянақты орындап, өз ісіне жауапкершілігін, ұқыптылығын көрсетті.

Қызмет ету кезеңінде өзін сауатты, тыңғылықты орындаушы және тәртіпті офицер ретінде көрсетті. Өзінің кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.  

Сырт келбеті ұқыпты.  Дене бітімі дамыған. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш. Өмірде қарапайым, моральдық жағынан ұстамды.

Оперативтік жұмыста біліктілік, мақсатқа талпынушылық, тәртіптілік байқатты. Қызметтік міндеттерін адал орындайды, табандылық пен бастамашылық байқатады. Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді. Алдында тұрған міндеттерді шешуге басшылық және оперативтік құрам күшін шебер бағыттайды. Қол жеткізген нақты нәтижелері үшін  мақтау қағазымен марапатталған.

Дулат Әлімбайұлы Арапбаев  келешекте жоғары дәрежелі, білікті офицер болады деген сенім білдіреміз.

Төрағасы            қолы      аты-жөні                           

 

Үлгі 2.

МІНЕЗДЕМЕ

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының маманы

Рахметова Райхан Рахметуллақызына

Рахметова Райхан Рахметуллақызы 1980 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген, мамандығы – филолог, оқытушы.

Рахметова Райхан Рахметуллақызы 2003 жылдың 18 ақпанында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасында маман ретінде қызметке қабылданды. Алғашқы күннен бастап, Рахметова Райхан Рахметуллақызы берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, өз ісіне жауаптылығын, ұқыптылығын танытты.

Жұмыс барысында өзін тек жақсы жақтарымен көрсетті. Қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарады. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген және сауатты.

Осы ерекшеліктері ескеріліп, 2003 жылдың сәуір айынан бастап, ол кадрлар бөліміне ауыстырылды. Бұл бөлімнің де құжаттарымен сауатты да ұқыпты жұмыс істеу, ісін тиянақты да уақытылы орындау, тапсыру сияқты талаптарына сай жақсы қызмет атқарып келеді. Сонымен бірге аударма ісімен де жақсы жұмыс істейді.

Жұмыс барысында өзін ұстауы, адамгершілігі, қызметкерлермен бірлесе жұмыс істеуі жоғарғы дәрежеде деуге болады. Орталықтың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде атсалысады.

Өзіндік ерекшеліктері – іскер, ұстамды, алдына талап қоя алатын, ісіне мұқият қызметкер.      

Төрағасы   қолы  аты-жөні

«Құжаттама», Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы дайындаған

0 дауыс
өтініш айтып жіберінізші көршіге қалай мінездеме жазылады!??
0 дауыс

«Н.Әлімқұлов атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталықпен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Мінездеме

 

  Қалқабай Жанболат 2001 жылдың 14 сәуірінде дүниеге келді. Дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы, созылмалы аурулармен ауырмайды, мектептің диспансерлік есебіне алынбаған.

  Отбасында жайлы тұрақты карым қатынас. Ата анасы баланың үйлeсімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмекесіп отырады. Баланың бойында жақсы әдеттерді оның дүние танымы мен өмірлік бағдары, козқарасын дұрыс қалыптастырған.

 Оқу үлгірімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Өз ойын дәл және еркін жеткізе біледі. Өте зерек, тапқыр. Үй тапсырмасын жүйелі орындайды, өз жұмыстарын ұйымдастыра біледі. Оқудағы жұмысы жүйелі бірізді.

  Сыныптастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынасы жайлы тұрақты қалыптасқан. Жанболат - iскер, қабiлеттi, қайырымды оқушы. Оқуға деген ынта-ықыласы өте жоғары. Жанболат мектептiң қоғамдық жұмыстарына белсене қатынасады. Ол тапсырылған жұмыстардың мерзiмiнен бұрын орындалуына ұйытқы бола бiлетiн, iскер оқушы. Ұстаздары оның таңдаған кәсiбiнiң бiлiктi маманы болатындығына сенедi. 


Мектеп директоры: Р.Дуйсебаева
Сынып жетекшiсi: Д.Абибуллаева

 

0 дауыс
Орал да ер балаларға арналған университеті бар ма

Ұқсас сұрақтар

...