+2 дауыс
513k көрілді
Салеметсіздер ме?? Маған студентке берілетін мінездеменің үлгісі керек еді(практика ға байланысты)....  қайдан алуға болады????

5 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
МІНЕЗДЕМЕ
Мінездеме

Астана қаласы  «Қаржы академиясы» «ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Ххх Хххх, Ақмола облысы Ерейментау ауданының хххххххххх тәжірибе орыны хххххх16.03.2011-07.06.2011жыл аралығында өндірістік тәжірибеден өтті.
Өндірістік тәжірибені өту кезінде Ххх өзін жақсы қырынан көрсете білді. Компьютерлік бағдарламаларды: MS Excel, Word, PowerPoint, Photoshop  бағдарламаларын  жақсы меңгеріп, олармен  жұмыс істей алатындығын дәлелдей білді.
Берілген  жұмысты уақтылы және сапалы орындай білді. Мектепте, мектептен тыс болған іс-шараларға қатысып жүрді. Мектептегі мүғалімдер ұжымымен жақсы қарым-қатынаста болды. Мектеп ұжымның мүшелерімен ғна емес, сонымен қатар жоғары тұрған инстанция өкілдерімен де жылдам тіл табыса алды.
Ххх болашақта білікті де, білімді, үлгілі, Қазақстан Республикасына адал қызмет ететін азамат болатынына  сенемін.
өндірістік практиканы «5»-ке ( үздік)  тапсырды.

Директоры: __________________ Ххх.Х.Х.

Тәжірибе жетекшісі __________________ Ххх.Х.Х
0 дауыс

Мінездеме

Болат Сыздықов Бакытүлы, 1967 жылы туған, үлты - қазак, білімі -жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Болат Сыздықов Бақытұлы — 1967 жылғы ақпан айының 15-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы Шымкент облысы, Түркістан қаласында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы казіргі Ұлттық техникалык университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірген. 1989-91 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір Қазақ үлттык техникалык университеті металлургия өнеркәсібі факультетінін аға мүғалімі. 1994-97 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дін өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасьгнда оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 
Б.Б.Сыздықов - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Б.Б.Сыздыковтың "Металлургия өнеркәсібінің терминдері" деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды. 
Б.Б.Сыздыков қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі, ЭЕМ /ЭВМ/ машиналарында жүмыс істей алады. Б.Б.Сыздыков - студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі. 
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне үсыну үшін беріледі. 
Мекеме басшысы Айы, күні, жылы /аты-жөні, қолы/ 

Қазақ техникалық университетінің 
ассистент-профессоры Қуаныш Өмірбекүлы Әлихановқа

 

Мінездеме

Қ.Ө.Әлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. ¥лты - қазақ, білімі -жоғары, ҚР-ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік техника факультетІне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген. 1985-88 жылдар аралығында - Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, ҚазҮТУ металлургия факультетінің аға оқытушысы. 1988-91 жылдар арапығында ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлім аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация корғады. 
Қ.Ө.Әлиханов - өз ісін жетік білетін, тэжірибелі маман. Ол - бірнеше гылыми еңбектердің авторы. Қ.Ө.Әлихановтың "Металлургия өнеркэсібінің терминдері" атты еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды. 
Қ.Ө.Әлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Ол - студенттер мен эріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі. 
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі. 
Тау-кен металлургия институтының директоры, 
т.г.д., профессор А.И.Магзонов қолы 
Айы* күні, жылы 

Қазақ спорт жэне туризм академиясыныц 2000-шы жылғы түлеғі, 
еркін күрестен бапкер Мақсат Ахметүлы Нүсіпбековке

 

Мінездеме

Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. 1990-2001 жылдар аралығында Өскемен қаласындагы № 37 орта мектепте оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындагы ҚазҰТУ-га келіп оқуга түсті. 
М.А.Нүсіпбеков-қабілетті, білімді, спортқа деген ынтасы зор. Республиқалық жарыстарга қатысып, жүлделі орындарға ие болган. 
Компьютермен жұмыс істей алады, ағылшын тілін жетік біледі. 
Мінезі біртоға, сабырлы, жолдастарына адал. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады. 
Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. 
Базалық дайындық деңгейі мен қабілеттігін ескере отырып, М.А.Нүсіпбековты халықаралық студенттік конференцияга жіберуге ұсынуға болады. 

Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия 
институтының директоры, т.г.д., профессор М.О.Жарасов қолы 
Айы, күні жылы 

+1 дауыс

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жаратылыстану факультеті Математика кафедрасының 4 курс студенті Зайниддин Манзура мінездеме


Мінездеме

Зайниддин Манзура 2015 жылдың 19 қаңтарынан бастап 10 жетекшісі Жәнібекова Ардақпен курс жетекшілігі бойынша педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Алғашқы күні Севараны 2 курс студенттерімен таныстырды. Ол іс-тәжірибе барысында курс сағаттарын өтіп, курс студенттерінің күнделіктерін тексеріп, келмей қалған студенттердің келмеген себептерін анықтап, кешігіп келетін студенттермен жұмыс істеп, оқу құралдарын тексеріп, бақылап отырды. Севараның өзі де студенттерге жақсы үлгі бола білді.

Севара 2015 жылдың 5 наурыз күні «8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі» күніне орай «Ана – өмір шуағы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Оған студенттер белсене қатысып, өздерінің өнерлерін паш етті. Тәрбие сағатын тамашалауға қатысқан мұғалімдер мен ата-аналар студенттердің белсенділігін және Севараның шеберлігін атап өтіп, оған оң баға берді. Севара дайындаған көріністер көпшіліктің көңілінен шықты. Оны тамашалаған ата-аналар және мұғалімдер Севараға риза болды.

Севара курс жетекшілік міндетін жақсы атқаруға ат салысты және мұғалімдер Севараға оң баға берді.

Севара курс жетекшілік міндетін жақсы атқаруға ат салысты.

Курс студенттерімен жақсы қарым-қатынаста болып, олармен жақсы тіл табыса алды.

Келешекте Севара жақсы сынып жетекші болады деп сенеміз.

Мектеп директоры: А. Асанов

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Б. Жәкипов

Жетекшісі: А. Жәнібекова

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жаратылыстану факультеті Математика кафедрасының 4 курс студенті

Ганишева Севара

Мінездеме

Ганишева Севара 2015 жылдың 19 қаңтарынан бастап №21 Кәсіптік колледжде педагогикалық іс-тәжірибеге келді. Осы күннен бастап колледждің математика пәні мұғалімі Жәнібекова Ардақтың сабақтарына қатысты. 2015 жылдың 28 қаңтар күні І курс студенттеріне «Тригонометриялық теңдеулер» тақырыбындағы алғашқы сабағын өтті. Сабақтың барысында оның білімділігі, шеберлігі және студенттерді өзіне бейімдей алу қабілетіне ие екендігі айқындалды.

Севара 2015 жылдың 12 наурыз күні ІІ курстар арасында «XХІ ғасыр көшбасшысы » атты математикалық сайыс өткізді. Бұл сайыста студенттер белсенді қатысып, өздерінің білімділігін көрсете алды. Осы сайысты тамашалауға қатысқан мұғалімдер сайыс жоғары дәрежеде өткендігін айтып, өткізген математикалық сайысына оң баға беріп, оның жұмыстарына сәттілік тіледі.

Севара 2015 жылдың 27 ақпанда ІІ курс студенттеріне «Күрделі функциялардың туындысы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабаққа оң баға беріп, Севараның педагогикалық жұмысына сәттілік тіледі.

Севара келешекте білімді, өз жұмысын жақсы атқаратын, жауапкершілікті сезінетін, шебер мұғалім болатынына сенімдіміз.

Мектеп директоры: А. Асанов

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Б. Жәкипов

Жетекшісі: А. Жәнібекова

+1 дауыс

МҚКК «Шапағат» балабақшасынан

Есік гуманитарлық – экономикалық

коллеждінің « Мектепке дейінгі

тәрбиелеу және оқыту» мамандығының

416 топ білімгері Әбдікәрім Арузатқа

Мінездеме

Әбдікарім Арузат 2017 жылдың 16 қазанынан бастап, жетекшісі Шагаева Үмітпен курс жетекшілігі бойынша өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Алғашқы күні балалармен танысу ұйымдастырды. Ол іс-тәжірибе барысында ҰОҚ өтіп, Блалармен қызықты ойындар, билер, шығармашылық жұмыс істеп, білімдерін тексеріп, бақылап отырды. Арузат ұйымдастырған ойындарды балалар белсене ойнады және көптеген жаңа ойындар үйретіп, өзінің біліктілігін көрсете білді. Арузатқа топ тәрбиешірері де ата- аналарда ризалығын білдірді. Балалармен «Паравоз», «Ұшты - ұшты », «Қасқыр мен лақ», «Ақ қоян», «Қаздар» ойындарын ойнатты. «Қисынсыз сызықтар», «Есте сақта», «Айырмашылығын тап », «Төртінші айырмашылығын тап» психологиялық ойындарын ойнатты.

Арузат балабақшада 15 ҰОҚ өткізіп, вариативтік бөлімде қызықты шығармашылық жұмыстар жасатты.

Арузат 2017 жылдың 16 қараша күні «Ертегі сыр шертеді» атты ашық сабағын өткізді. Оған балалар белсене қатысып, өздерінің өнерлерін паш етті. Тәрбие сағатын тамашалауға қатысқан тәрбиешілер балалардың белсенділігін және Арузаттың шеберлігін атап өтіп, оған оң баға берді. Арузат дайындаған көріністер көпшіліктің көңілінен шықты. Оны тамашалаған балаларда, тәрбиешілерде риза болды.

Арузат тәрбиеші міндетін жақсы атқаруға ат салысты және тәрбиешілер оң баға берді. Балалармен қоса, ата- аналармен жақсы қарым-қатынаста болып, олармен жақсы тіл табыса алды.

Келешекте Арузат жақсы, білімді тәрбиеші болады деп сенеміз. Арузат өндірістік іс-тәжірибені « » деген бағамен аяқтады.

Балабақша директоры: ____________Умарова К. Б

МҚКК «Шапағат» балаақшасынан

Есік гуманитарлық – экономикалық

коллеждінің «Мектепке дейінгі

тәрбиелеу және оқыту» мамандығының

416 топ білімгері Нұрадин Гүлденге

Мінездеме

Нұрадин Гүлден 2017 жылдың 16 қазанынан бастап, МҚКК « Шапағат» балабақшасына өндірістік іс-тәжірибеге келді. 2017 жылдың 17 қазан күні Ақбота тобына «Не дәмді?» тақырыбындағы алғашқы сабағын өтті. Сабақтың барысында оның білімділігі, шеберлігі және балаларды өзіне бейімдей алу қабілетіне ие екендігі айқындалды. Тәрбиешісі сабақтың жоғары дәрежеде өткендігін айтып, өткізген ҰОҚ-не оң баға беріп, оның жұмыстарына сәттілік тіледі. Гүлден қызықты ойындар, сайыстар мен қоса қимыл- қозғлыс ойындарындар, психологиялық ойындар, рөлдік ойындар ұйымдастырды. «. Балаларға мақал- мәтел, тақпақтар жататып, балалардың бос уақытын құр жібермеді. Сонымен қатар Гүлден балаларға биді де үйретті. Психологиялық «Артық затты тап», «Ойлан - тап», «Таны да,атын ата» ойындар жүргізіп, өз – өзін жан- жақты көрсете білді. Ата – аналарда Гүлденді жақсы қабылдап, алғысын білдіріп жатты. Жауапкершілігі мол Гүлден практикадан қалмай, үзбей келіп жүрді. Балабақшада 14 ҰОҚ жүргізіп, белсенді жұмыс жасады.

Гүлден 2017 жылдың 16 қараша күні Құлыншақ тобына «Мен отанымды сүйемін» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабаққа оң баға беріп, Гүлденнің педагогикалық жұмысына сәттілік тіледі. Тәрбиешілерге де, балаларғада ұнап үздік бағамен бағаланды.

Гүлден келешекте білімді, өз жұмысын жақсы атқаратын, жауапкершілікті сезінетін, шебер тәрбиеші болатынына сенімдіміз. Гүлден өндірістік іс-тәжірибені « » деген бағамен аяқтады.

Балабақша директоры: ____________Умарова К. Б

0 дауыс
Салеметсіз бе маған студенттің өндірістік мінездемесі керек еді . Онда еңбек тəртібін сақтауы қауіпсіздік ережесін сақтауы жəне еңбекті қорғау нормаларын орындау жəне т .б ақпаратар болса ішінде
...