0 дауыс
19.0k көрілді
Тез әрі оңай дайындалатын тағамдар бар ма? Мысалға: азанда сабаққа барар кезде тез-тез дайындап жеуге дегенім ғой. Егер өзіңіз білетін рецепт болса бөлісе кетсеңіз...
Ұқсас сұрақтар қарап көр.
https://surak.baribar.kz/36920/
https://surak.baribar.kz/293717/
https://surak.baribar.kz/185936/
https://surak.baribar.kz/130770/
5 рет қайталанып, бір де біреуі жабылмаған. Не деген сәттілік!
неге жабылуы керек. Мумкн озин канагаттандыратындай жауап алмаган шыгар

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Барлық жауаптарды жинап ТОП10 құрдым)))

1. "Роллтон" немесе осы сияқты қытай елінің "тәтті, керемет, жақсы" деп құлаққа ілген лапшалары.

http://newsmill.inline-ltd.ru/data/news/235256/10577_500,691.jpg

2. Жұмыртқа қуыр, нанға батырып қуыр, колбаса қосып қуыр, тоқшәйнекке салып қайнат.

3. Кешегіден қалған тамақты же.

4. Нанның үстіне колбаса койда қысқа толқынды пешке (микроволновый печ) сал. Содан соң шығарып же.

5. Колбаса қуыр, нанмен қосып жесең тоясың.

6. Мында және мұнда рецепттер бар, есте сақтап (немесе көшіріп ап) дайындап көріңіз.

7. Мында және мұнда орысша рецепттер, мүмкін түсінген адамдарға керек болар.

8. Картоп езбесін пісіріп шамалап маргарин қосыңыз, ал үстіне падлива ретінде етті бөлек томат қосып қуырыңыз, дәміне қарай тұз әр- түрлі дәмдеуіштер қосыңыз. Дәмді тағам болмақшы.

9. Дайын тұшпараларды жылыта салыңыз.

10. Тек ер адамдарға арналған "Ер адам дайындаған, екі кісілік омлет немесе қуырылған жұмыртқа». Жасау жолы.

+1 мен ЖЖ ретінде таңдалуға лайық шығар деген ойдамын. (rofl)
жақсы жазылған, +1 )
Дұрыс, жж-ны өзің басып ал, әйтпесе бұлар баспайд.:D
Негізі жаман ойламасын, мұнда жауап ЖЖ-ға лайықты болғандықтан бастым, ал егерде бұдан да жақсы жауаптар бар болса алып тастар едім.
+1 дауыс
Ең дұрысы жұмыртқа қуырып жеу ғой.
ал маган ен тез ар1 тойымды ол Бисвит) жи1 жасаймын асіресе сабактан келе салысымен
+1 дауыс
Бичпакет...................................................................................................
0 дауыс

Қытайдың лапшаларынан, Роллтонның пюрелерінен асқазаныңды құртқаннан басқа ешқандай пайда болмайды!

Дұрысы таңертең тұрған кезде жуынуға барардан бұрын асханаға кіріп 1 дана сосиска мен 1-2 жұмыртқаны (жұмыртқа тез ашылуы үшін суға 1 қасық тұз қосыңыз) суға салып, ал екінші кастрюльге 1 қасық тұз салып газға қойып кет.

Жуынып шыққаннан кейін бөлмеңе киінуге барардан бұрын жұмыртқа мен сосиска тұрған кастрюльдің астындағы отты төмендетіп, екінші кастрюльде қайнап жатқан суға спагетти салып кет.

Өзің киініп, шығуға дайын болған кезде асханаға келіп судан дайын спагеттиді тарелкаға салып, үстіне сосисканы турап, жанына жұмыртқаны екі бөліп сал.

Уақытты алмайтын, тез, әрі тойымды тағам дайын!

P.S. Осы әдіспен неше түрлі гарнирлер дайындауға болады. Егер күріш, гречка сынды түрлі жармаларды дайындайтын болсаң алдын ала сүт, май, қант дайындап қойып соларды қосып каша дайындасаң болады :) 

0 дауыс
Жұмытрқа бар,және зиянды роллтон,доширак солар ғой!
0 дауыс

«Сұлтан» макароны

4 адамға арналған: 1 қалта «Сұлтан» макароны, 200 г консервіленген көксерке, 150 г саңырауқұлақ, 400 г қызыл қызанақ, ½ стақан зәйтүн майы, сарымсақ, ақжелкен, дәміне қарай тұз, ұнтақталған қара бұрыш.

Дайындалу әдісі: Тазалап жуылған саңырауқұлақты ұзыншалап кесіп, жай отта зәйтүн майына 15 минут жеңіл қуырып аласыз. Майын сырқып, консервіленген көксерке, тұз бен бұрыш қосып, жақсылап араластырасыз. Басқа бір ыдыста сарымсақты аздап қуырып аласыз. Туралған қызанақты араластырып, татымына қарай тұз бен қара бұрыш қосасыз. Қақпақты жауып, тұздықты 30 минут дайындау керек.
Қайнап жатқан тұз қосылған суға 1 литр суға 100 г мөлшерінде «Сұлтан» макаронын салып, дайын болғанша 10-12 минут қайнатасыз. Суын төгіп, макаронды арнайы ыдысқа саласыз. Үстіне саңырауқұлақ қосылған көксеркені салып, тұздықты құясыз. Тағамды ұсынар алдында майдалап туралған ақжелкенмен әрлендіріңіз.

 

...