+1 дауыс
8.0k көрілді
Оразада жейтін құрманың құрамында протеин бар деп естідім тағыда қандай тағамдардың құрамында протеин бар? қандай тағамдар адамға күш қуат береді?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Протеин деген өзі аты айтып тұр,белок,қазақшасын " ақуыз" деп айтып жүрміз. Ақуыз амин қышқылдарынан тұрады. Егер өсімдік протеиндерімен тамақтанғың, келсе,онда бұршақ,соя,лобия,маш чечевица сияқты тағамдардан көжелер,салаттар жасап жеп жұрген дұрыс. Егер жануарлардың протеині керек болса, онда жылқы сиыр, қой, тауы ж.т.б  еттерінен жасалған тамақтарды жеген дұрыс.Диетологтар протеиннің ең пайдалысы бөдене жұмырқасы мен  ірімшік сары суында болады дейді. Бұл дәлелденген ұжырым, себебі протеиннің бұл түрлерінде амин қышқылдарының ерекше түрлері бар. Бұл ерекше амин қышқылдар адам ағзасында биохимиялық ,биофизиологиялық процесстермен түзілмейді, тек ағзаға жеп жүрген тағамдарымыз арқылы енеді.Бұларды "алмаспайтын аминқышқылдар" дейді Ірімшік сары суымен бөдене жұмыртқасының протеині осы алмаспайтын аминқышқылджарынан тұрады.Бұлардың адам ағзасына пайдасы көп. Мысалы қан аздыққа, ұмытшақтыққа,иммунитетті көтеруге, ет жинауға, күш жинауға , суыққа, ыстыққа төзімділікке, жүйкенің мықты болуына бауырдың,қан тамырлардың қызметін жақсарту үшін пайдалануға болады. Бөдене жұмыртқасын  шала пісіріп,шикілей пайдалану,әсіресе жас сәбилер үшін өте пайдалы. Осыны есте сақтаңдар ,және балаларыңның тамағына  пайдалансаңдар балаларың ақылдыыы болады.
бөдене жұмыртқасы сатылама
мен сатып алып жүрмін,әжем науқас соған, бағасы 25 теңге бізде. Өте пайдалы!
Белгісіз
Егде тартқан адамдарға пайдасы өте зор. Бөдене жұмыртқасының сары уызының құрамындағы лецитин (химияда күрделі эфирлер немесе триглицеридтер деген топқа жатады) холестеринді ерітіп қантамырлардың ластанудан тазартады. Күнделікті тағамда бөдене жұмырқасы болса, егде тарқан кісілер инсульт,инфаркт бауырдың ластануы сияқты  дерттермен сирек ауырады. Әжеңізге сатып алсаңыз өте дұрыс болған екен, әжеңіз сауығып кетсін!!!
0 дауыс
Жұмыртқада - 17%, қаймақта - 14%, ірімшікте - 30%, сиыр етінде- 25%,балықта -15-25%,сояда-14%, және сүт тағамдарында,жаңғақта,тарыда көп кездеседі. Протеин шаштың,тырнақтың өсуіне, дене-бітімнің қалыпты болуына,бұлшық еттердің жақсаруына көмектеседі. Бірақ ақуыздың(протеин) көп мөлшерде болуы бүйрек ауруына соқтырады.
...