Кофені таңертең ішу керек деген қолданушылардың жауаптарымен келісуге болады. Алайда мен оны түсте ішкен дұрыс дер едім.
Себебі, Британия ғалымдары кофені түстен кейін, яғни сағат 14:00-ден кейін ішу керектігін айтады. Ғалымдар адамдардың көпшілігі түстен кейін шаршай бастайды, содан олардың ойлау қабілеттері төмендейді. Ал түстен кейін ішілген бір кесе кофе ойлау қабілетін белсенді етіп, адамды сергітеді дейді.
Бұрындары АҚШ ғалымдары кофені жиі ішу күйзелісті алдын алады, оба пен ісіктен қорғайды деген тұжырымға келген.
Сонымен қатар мамандар кофе әйелдердің қынап обасына, еркектерді қуық түбі безі обасына шалдығуын төмендететіндігін анықтаған.
Алайда кейбір ғалымдар күніне төрт кеседен көп кофе ішу өмірді қысқартады дейді.
Кофенің пайдасы мен зияны туралы тартыстар әлі бір шешімге келген жоқ. Алайда бүгінгі күні кофе әлемдегі ең танымал сусын. Күнделікті әлем бойынша 500 биллион кесе кофе ішіледі. Кофе – әлемде сатылымы бойынша мұнайдан кейінгі екінші орында.
P.S. Егерде кофені таңертең ішетін болсаңыз оны аш қарынға іше көрме. Міндетті түрде печень, булочка, нан сынды өнімдермен тұтын.
P.S.2. "Если посмотреть всегда на завтрак подают кофе с круассанами..."