Беделді адамдардың, көпшілік алдында қалай ұялмай сөйлеуге болады?

0 дауыс
3.5k қаралым

Беделді адамдардың алдында, көпшілік алдында қалай ұялмай сөйлеуге болады?

Қазақ тілі

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Көпшілік алдында сөйлеу барысында көптеген адамдарда ұяңдық,сөзін ұмытып қалу,абыржу байқалады.Сондықтан ең алғаш адам өзін іштей дағдыландыруы керек.Бойындағы қорқыныш сезімінен арылғаны дұрыс.Негізінен мектеп кезде оқушыларға қарап сабақ айтудың өзі кейін келе адамның басқалардың алдында өзін еркін ұстауына септігін тигізеді.Сонымен қатар айна алдында өзіңіздің көзіңізге қарап сөйлеуге дағдылана берсеңіз кейін келе қорқыныш сезімі азаяды.Қай кезде де адамның көзіне қарап сөйлеген дұрыс.Ал ұялу ол да өз алдына бір мәселе.Басқалар бөтен немесе беделді деп қараған дұрыс емес.Олар да өзіңіз секілді адам екенін жадыңызда ұстауыңыз ұялшақтықтан арылтады.Қорытындылай келе бәрі тек өзіңізге байланысты.Өзіңізді іштей дайындасаңыз жеткілікті!
127,720 сұрақ
322,372 жауап
153,238 пікір
72,716 қолданушы