Заң | 4.6k қаралды
4.6k қаралды
Мекеме қызметкері ҚР Еңбек Кодексінің 72 бабының 2,3 тармақтарына сәйкес тәртіптік жаза қолданылған. Дегенмен осы қызметкер 2 күн делелді себепсіз жұмыста болмады деп тікелей басшысы хабарлама жазып отыр, осы қызметкерді қалай жұмыстан босатуға болады ?

2 жауап

Еңбек кодексінің 72-бабтың  2-тармағы – сөгіс, ал 3-тармағы – қатаң сөгіс болып сипатталады. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады.

73-баптың 6-тармағына сәйкес Тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде ол туралы тиісті жазба жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.

Қорыта келе Еңбек кодексінің 54 бабының 6-тармағына сәйкес қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған жағдайда жұмыс беруші еңбек шартын бұзуға құқылы.

Азаматтық қызметкерге неше рет тәртіптік жаза қолдана алады? 1 айдың ішінде 1 рет тәртіптік жаза алды алғанына әлі болсада 1 ай болмады. Енді тағыда беру керек
тәртіптік жаза қолдану үшін Өкімнің үлгісі қажет ауыл округ әкімшіліктеріне
118,173 сұрақ
304,755 жауап
153,296 пікір
66,998 қолданушы