0 дауыс
803 көрілді
Мен Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында ауылдық жерде мұғалім болып 2009 жылдан бері жұмыс жасап келемін бірақ соңғы кезде сағаттар жетпеушілігіне байланысты ма мектеп директорының жазықсыз ескертулері көбейіп кетті, бүгін жұмыстан шығу туралы арыз жаз болмаса сөгіс жариялап жұмыстан заң жүзінде босатам дейді.

жұмыстан босату мына себептерге байланысты болып отыр:

Осы уақытқа дейін жұмыстан ескерту алған емеспін, тұрмысқа 2рет шыққанмын. Жолдасым арақ ішіп кеткендіктен келіспей қазір бірге түрмаймыз жанұямда анам 75 жаста І топтағы мүгедек көзі көрмейді, диабетик, қан қысымы биыл жие көтеріліп кетеді, ұлым қалада студент, қызым 4 жаста балабақшаға барады, ауылда тұрғасын малсыз тағы да болмайтын сияқты үйде малым бар бағып отырған. Жұмыстан жақында бір минутқа сабақтан анамның қан қысымы 180ге көтеріліп, дәрі беріп қайта өлшеп, малды өріске айдап садикке баламды алып барып жүргенде 1 миутқа үлгере алмай қалып оқу ісі меңгерушіміз түсініктеме жазбасан болмайды деп түсініктеме жаздым,  бірақ ,бұған дейін оқу ісі меңгерушіге ескерткенмін 1-ші сабақты жағдайыма байланысты 2-ші сағатқа ауыстырып берші деп өтініш айтқанмын, ол ауыстыра алмаймын деген. Сосын 3-4 күн өткеннен кейін 06.12 күні мектепте кезекшілігімді атқаруға қатты тісім, келе алмайтын бол5асын басқа мұғалемге ескертіп орныма отыра тұруын өтінгенмін, сол күнгі сабағымда 3-ші, 4-ші сабақ болатын тағы да оқу ісі меңгерушісіне жағдайды айтып сабаққа үлгеруге тырысатынымды бірақ кезекшілікті , сабағымды басқа мұғалімге орнына бере түруын тапсырғанымды ескерттім, бірақ сабаққа үйден шығып бара жатқанымда мамам аяқасты тағы да қан қысымы көтеріліп басы айналып жүре алмай қалды, мен тез арада сабағымды мұғалімдерге тапсырып, сабаққа бара алмай қалдым. Ертеңіне жұмысқа келіп мектеп директорыннан кешірім сұрап болған жағдайды түсіндірейін деп едім артынан деп сойлеспей кейін бұрылып кетті мен сабаққа кіріп кеттім оқушымды олимпиадаға дайындап, жұмысқа кірісіп кеттім ертеңіне сабаққа келгесін үзілісте мұғалемдер кабинетінде жекіп сөйлеп мені басынып барасыңдар түсініктеме жаз тағы да, енді немқұрайлы жұмыста жүрген үшін қатаң жаза қолданам жұмыстан шығу туралы арыз жаз болмаса сөгіс жариялап жұмыстан заң жүзінде босатам дейді.

 Мен енді не істесем екен?

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...