+1 дауыс
10.9k көрілді
Қанттың адам өміріне пайдасы мен зияны қандай? Қантты шайға пайдаланбаса қалай болады?( без сахара ) денсаулыққа зияны жоқ па? Сол туралы мағлұматтар қажет едi.

6 жауап

+2 дауыс
Қанттың құрамы негізінен глюкозадан тұрады. Адамның ас қорыту барысында кез келген көмірсу (углевод) глюкозаға дейін ыдырайды. Глюкоза организмге энергия береді. Балалардың тәттіні жақсы көретіні сондықтан. Қантты шайға қосу-қоспау әркімнің тәбетіне байланысты, зиян емес.
0 дауыс
Бұл адамды дұрыс бірақ оны көп қолдануға да болмайды.Тәттіні яғни қантты шамадан тыс қолдансақ ол адамды қант диабетіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қант диабеті қантты көп қолданғаннан емес, ұйқы безінде инсулин бөлінуі бұзылысынан дамиды.
–2 дауыс
Адамды семіртеді ж/е Жұлдыздың айтқаны дұрыс. Ол өте тәтті болғандықтан қант диабеті деген ауру пайда болады
0 дауыс
Қанттың адамға қажеті кәдімгі тағам ретінде пайдаланылатын қант адам организмінің қалыпты тіршілік етуіне бірден-бір қажетті химиялық заттар – қанттармен углеводтар (көмірсулар)тобына жататын қоспалар. Қант күрделі және қарапйым болып екі топқа бөлінеді. Күрделісі – крахмал, лактоза, сахароза, қарапайымы– глюкоза, фрукоза. Күрделі қант – крахмал нанның, картоптың, жарманың құрамында, қарапайым қант –глюкозаның көп мөлшері– жүзім шырынында, фруктоза – жеміс-жидектер менбалда. Қарапайым қант организмге жеңіл сіңеді және бәрінен де көп мөлшерде күш-қуат (энергия) береді. Сол себепті адамның күш-қуатын шұғыл түрде көбейту қажет болғанында оған глюкозасы бар жеміс шырынын ішуге кеңес береді. Қантты 200 градустан жоғары қыздырғанда бояғыш заттар пайда болып, жіктеуге түседі. Қант орнына қолданылатын заттар – сорбат пен ксилит. Бұларды қантты пайдалануға болмайтын жағдайда (қант диабетімен ауырғанда) қолданады. Қанттың пайдасымен зияны адам тұтынатын тағамдардың ішіндегі заттарда көмірсулар зор маңызға ие. Олардың 400-500 грамы адамның бір тәулікте ішетін асының жартысынан көбін, яғни 1600 – 2000 калориямен қамтамасыз етеді. Ғалымдар семіруге майлы тағамдармен бірге көмірсулар мол аста себеп болатынын айтады. Содан, дене еңбегімен шұғылданбайтына дам шамамен тәулігіне 300-350 грамм көмірсу қажет екенін ұмытып, құрамында көмірсулар мол тағамды көбірек жесе де семіріп кетеді.
0 дауыс
канттын пайдасы адамнын есте сактау кабилетин жаксартады ал жаман жагы кан курамын озгертип жибереди ен дурысы коп те аз да колданбай орташа колданган дурыс деп санаймын
0 дауыс
әр нәрсенің мөлшерін білсек, ағзамызға келер зиян болмас. Мүлдем қанттан бас тарту мүмкін болмас. Десек те, арасында қанттың орнына бал немесе тосап қолданған жөн. Немесе қазір супермаркеттерде қант алмастырғыштар - фруктоза сатады (сахарозаменитель). Қант ағзама зиян келтіреді десеңіз, соны қолданған дұрыс.
...