+1 дауыс
727 көрілді
Қоғамда білімсіз, сауатсыз дәрігерлер көп деп жатады, сіздердің пікірлеріңіз қандай? Қосыласыздар ма , әлде басқаша ойдасыз ба?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Білімсіз дәрігерлер көп. Оны қоғам болып мойындаймыз. Ал сол дәрігерлер қайдан келеді? Бірінші мектепте ол оқушы сабақ оқымай, кейін мектеп бітірген соң ақшамен ЖОО-ға түседі. Кейін ақшасы мен көкесінің арқасында сабаққа бармай дилом алады. Ондай студенттен қандай маман шығады? Әрине бәріне топырақ шашудан аулақпын. Білімді де білікті мамандар да бар. Яғни сауатсыздыққы парақорлық себеп. Парақорлықты жоймай білім дәрежеміз көтерілмейді. Бұл өз ойым!!!
–1 дауыс
Мықты дәрігерлерде , білімсіз дәрігерлерде бар. Алайда екіншісі саны жағынан көбірек болып саналады. Олармен жүйелі түрде күрес жүргізу керек деп ойлаймын . Себебі олар адам өміріне жауапты. Ал адам өмірі ойыншық емес. Мен өзім білімсіз дәрігердің қателігінен өлім аузынан қалғам. ИншаАллах қазір жағдайым жақсы. Бірақ менің қиналғанымды, ол дәрігер ешқашан түсіне қоймас. Бүгінгі таңда барлық мәселе ақшамен шешіледі ғой. Сол себепті білімсіз дәрігердің қателігінен қаншама адам көз жұмып жатыр. Сол жағы өте аянышты
–1 дауыс
Білімсіз, адамға жаны ашымайтын, парақор дәрігерлер көп. Оларға ештеңе де істей алмаймыз. Себебі, елімізде дәрігерлер жетіспейді қандай болса да.
Ақшасын берсе медкомиссия ақсақ, соқыр адамды әскерге жарамды қыла салады ))
Қайдан көрдің ақсақ , соқырдың әскерде жүргенін (fubar)
Общм жазуын дұрыстаса жарар ед. қалғаны норм
Мүмкін дәрігерлердің айлығы аз шығар . Дәрігердің айлығын көтерсе шіркін...Сен сияқты "вирустар"  шығар дәрігерлерге пара беріп, дәрігерлердің дәрежесін түсіріп жатқан.
Бұның маған кіна артқаның ба? Жоқ әлде Қазақстанда дәрігердің алдына баратын жалғыз мен ғана ма? Әлде өзің немесе туыстарың дәрігерге пара беріп көрмеп па екен? Жоқ, әлде өзіңді басқалардан тазамын, заңның алдында адалмын деп ойлайсың ба? Бекер айыптама мені.
Заң алдында адалдығыма күмән келтірмесең де болады. Парақор деп дәрігерді айыптағанша ,дәрігерге пара беретін өзіңді айыпта
Ақшасын берсе медкомиссия ақсақ, соқыр адамды әскерге жарамды қыла салады )) Бұл жерде тура мағынасында айтылып тұрған жоқ, шыны керек пара берсең керек справкаңды ала аласың. Барлық дәрігерлер ондай демим, араларында барғо адалдары.
–1 дауыс
Келісемін. Емделуге барған адамдар мүгедек болып,қайтыс болатын жағдайлар көп. Осының бәрі солардың сауатсыздықтарынан
+1 заң керек қаттаң заң керек?
Адам өмірі бір Алланың қолында , дәрегер тек көмекші ғана. Рас, кейде асқынулар болып қайтыс болып та жатады.Ешкім дүниеде сақтандырылмаған. Ажалы келген болар
0 дауыс

Мықты дәрігерлерде , білімсіз дәрігерлерде бар.b_s саған қосыламын бес саусақ бірдей емес дәрігерлердің арасында да мықтылары бар білімсіздері де бар ?

+1 дауыс
"Қазақ"тарға жамандауды беріп қойсаң , ШІРКІН... )))
...