0 дауыс
388 көрілді
Дәрігерлер байқаусызда адамды өлтіріп алса сотату керекпа?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кез келген адамда кателік болады, қателікпен өлтіріп алса ол адамға сол уақытқа дейін өмір сүру бұйырған деген сөз. Соттатқаннан ешқандай пайда жоқ.
0 дауыс
Бұл сұрағына жалпы жауап жоқ, әр жағдайды жекелей қарау керек. Нақты дәрігердің білімсіздігінен өлген болса ендігіне медицинаға жоламайтындай ету керек шығар, ал әдейі өлтірген болса бұл уже уголовное дело. Кейде, ақ халаттыларды қанша қолдан келгенін жасаса да олар да пенде, ажалы келгенді арашалап қала алмайды, сол кезде дәрігерді кінәлай салады. Ал ол дәрігер оған дейін қаншама адамның жанын сақтап қалған адам болса да, бір шарасыздығы үшін оған жаза қолдану дұрыс емес деп ойлаймын. Ауруды сынақ ретінде жіберетін де Аллаһ, оның емін жіберетін де бір Аллаһ, ал дәрі дәрмек, ақ халаттылар жәй ғана себепші.

Дәрігердін салғырттығынан болса дипломынан, лицензиясынан айыру керек, ал шарасыздығынан болса ол кінәлі емес, деп ойлаймын. Әр жағдайды, әр бөлек алып қарау керек, жолпылай заң болмау керек шығар.
+1 дауыс
Әртүрлі жағдайлар болады бұл сұрақтың жауабы қиын
+1 дауыс
Ол сол адамның санасына байланысты. Егер адамгершілігі бар адам болса, абайсызда екенін түсінсе сотқа бермейді. Ал адамгершілігі жоқ адам болса, абайламақ түгіл өз ажалымен адам өлсе де сотқа бере салады. Бәріміз саналы, адамшершілігі мол адамдар болайықшы. Дәрігерлер өліп қалса екен деп емес, жазылып адам қатарына қосылса екен деп емдейді емеспе?(бәрі емес, диплом сатып алғандар да бар)
...