Менің бір інім өте қорқақ. Кешқұрым үйде отырғанда сырттан сықыр еткен дыбыс естілсе әжемнің қойнына кіріп кете жаздайды. -Бұл қоян жылы туылған , қоянжүрек содан деп айтып отырады әжем. "Жүрек жұтқан","жүрегінде түгі бар"-дейді ғой бір жігіттерді. Інімді қалай өзгертсем болады? Табиғатынан қорқақ адам батыл бола ма? Сұрақ етіп қойғаным дұрыс па, бұрыс па? Сіздер мені түсінесіздер ме жоқ па білмеймін?!. Оның болашағы үшін қатты алаңдаймын. Өсіп жігіт болғанда қандай болады. ... Баланы бастан қалай батыл етіп тәрбилеуге болады?