+3 дауыс
3.1k көрілді

"Табысқа жетудің жолдары","Байлыққа бастайтын бес қадам" -деп молшылықта өмір сүрудің жолдарын жазып ақ жатыр . Сонда да "жетпейді","жоқ" "әзер күн көріп жүрміз' деген адамдар көп елімізде. Миллионер болғандардың құпиясы қандай сонда?! Осы кедейліктің себебі неде?

Керемет жауаптар берілген екен. Рахмет. Оқыңыздар, ой түйіңіздер, бай бақуатты болыңыздар!
Аумин,айтқанын келсін!

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Кедейлік психологиясы
Ауқатты өмір сүруге кедергі болатын, кең таралған бірқатар себептер бар. Олардың біразін тізіп өтсек.

- Жалақы аз болса да, жұмыс тұрақты.
Жағдайы нашар адам жалақысы аз болса да, тұрақты жұмыс іздейді. Кейін жетіспеу салдарынан, ашуын жақындарынан алады.
Адам өз мүмкіндігін іске асырып, қандай да бір кәсіпті алға жылжыту туралы ойламайды да.

- Өтпелі кезеңнен қорқу. 
Әрине, өтпелі кезеңде тоқырау, қаржы тапшылығы пайда болады. Жан сақтау үшін амал қарастыруға жоспар құрып, әрекет ету ықтималдығы аз болады.
Бұл кезде адам ешкімге керексіз болып қалады. Ал, бұндай типтегі адамдар айналасындағы адамдардың назарына тәуелді.

- Өзін төмен бағалау.
Бұл типтегі адамдар уақытты емес, уақыт оларды басқаруда. Ойлайтыны қара шаруа. Дем алу, ішіндегі ашуды шығарудың жолдарынан алады. Хоби, көңіл көтерудің этикалық нормаларға сай өтуі өте сирек.
Қолданыстағы тұрмыстық заттардың жаңаруы сирек.

- Белсенділік танытып, жауапкершілікті мойнына алу өте сирек. Өзіне пайдалы бір істің аяқталуы үшін жоспар құрып, оны нәтижелі аяқтау да сирек.

- Барлығы міндетті. Жұмыс істей ме, демек оған төлеуі керек. Нәтиже маңызды емес, маңыздысы - жұмыс істеді деген аты ғана бар. Осыны себеп қылып, шағымданумен жүреді.
Оның жалақысы барлығына да жетуі керек, сөйте тұра, бастапқыда аз жалақыға өзі келіскен.

- Үнемшіл болуға тырысу.
Бұндай психологиялы адамдар өзіне еріксіз тартудың орнына, жауапкершілікті басқаға лақтырып, күшпен ұстап, жабысып қалуға тырысады. Дүкен заттарының арасынан арзанын іздеуге уақыт жоғалтады. Өзіне қатысы жоқ глобалды істі талқылуға әуес. Және өзі соған өлердей сенеді. Өзінің қырық жылғы ескірген моралін жаңартып, пайдалы материал оқып, өзін жетілдірудің орнына.

P.S.: бұл мақалаға келіспейтін кей тұстар бар және толықтырғым келетін де тұстар бар. Жеке пікір ғана ғой, әрине. Бұл тек аударма.
Стартап. Начать с нуля и изменить мир! vk.com

+4 дауыс
Білесіз бе, жоқшылық-баршылық, негатив-позитив бұлар өмірге қажетті дүниелер. Бірақ, баланста болуы керек.

Егер осылардың бірінің мөлшері өте көбейіп кетсе, соңы жақсылыққа әкелмейтін сияқты.

Біздің қазіргі қоғамда капитализм заңдылықтары жүріп тұрғанымен, көп қарапайым адамдар оған бейімделмеген. Социализмнен тәуелсіздік жарияланғанына 20-ақ жыл болды, бір ұрпақ енді ғана ауысайын деп жатыр.

Жалпы, өте көп айтуға болатын өте қызық тақырып. Бұны менталитет, психология, экономика және әрине, физикалық заңдылықтарды мысалға ала отырып, майын тамызып әдемілеп талқылауға болатын қызық тақырып.

Адамдар!!!))) Бұл өмірде барлығы өз қолдарыңызда. Үнемі өз өздеріңізді жетілдірумен болыңыздар. Ештеңе де өзінен өзі келмейді. Талпыныс жасау керек. Ал, қазіргі қағидалар мен көзқарастар және оның нәтижесі - өзіңіздің білімдеріңіздің салдары ғана. Білім - диплом емес! Ол жәй ғана қағаз! Нағыз білім - санада және жүректе! Тәжірибе мен ептілікте! Өз ойың - өз өміріңді қалыптастырады дегеннен басқа атар жоқ!
+4 дауыс
Көркем қыз! Ұлы жазушы Оноре де бальзак айтқан екен: "Кез келген байлықтың түбінде қылмыс жатыр" - деп. Оны өзіміздің шенеуніктерден-ақ аңғаруға болады. Кеше ғана депутат Косарев Парламентте айтты: "Жылына екі жүздей шенеунікті түрмеге тоғытсақ та, жемқорлық тоқтар емес"- деді. Аблязов, Храпунов, Рахат Алиев жайлы естіп жүрміз ғой. Міне, адамдар осылайша қаржылық байлыққа қол жеткізеді. Бірақ. көп ақша адамға байлық болмайды. Байлық дегеніміз - денсаулық, білім, сыйластық, дос-жарандарың, отбасы, жақсы ұрпақ.
Неге жауаптарыңды Көркем қыз деп бастайсың ?
+4 дауыс
Ешқандай да миллионер өзінің миллионды қалай жасағанын білмейді, білсе де айта алмайды. Бір анығы басқа ел туралы сөзім жоқ, дәл біздің қазақстанда ешқандай адам өз еңбегі, маңдай терімен миллионер (доллармен) болады дегенге өз басым сенбеймін.Ал жоғарғы аты аталған кітаптардың өзі белгілі бір топтың аферасы, елдің ақшасын сол кітаптың айқайлап тұрған аты арқылы алдап жинаудың үлгісі.Мен шынымды айтамын, осы қазіргі жағдайыма жету үшін, мемлекетті де, адамдарды да алдауыма тура келді.
:D
________________________________
+1 дауыс

Аллам байлықты біреуге көп береді,ал біреуге бермейді.Себебі содан бәрі тағдырға байланысты.

+2 дауыс

Басқаны білмеймін менің түсінуім жоқшылық пен кедейлік Алланың берген сынағы. Біреуге ырысын асырып, ал бірінікін жасырып береді. Қолыңдағы барыңды сақтап қалу мен алға ұмтылу адамның өзінің қажыр қайраты мен еңбегіне байланысты.

+2 дауыс
Сіздің тұрмыс жағдайыңызды өзіңізден басқа ешкім де – еліңіз де, мемлекет те, заң да жауапкершілігіне алмайды. Алдыңызга койған мақсатты іске асыру үшін, бізге басқа ойлау ағымы, басқа көзқарас, басқа тәжірибе қажет. Адамның миындай жетілген нәрсе жоқ, тек қана осынын мүмкіншілігін қолдануды үйренуіміз керек. Айналамыздағы адамдардың 98 пайызы ескі, қатып қалган ойлау жүйесімен ойлайды. Бұлар біздің туыстарымыз, достарымыз, таныстарымыз. Бәрінің де айтатындары: ақшам болса өз ісімді бастар едім, ақшам жоқ, амал не, ештеңе істей алмайсың. Ақиқат олай емес. Бай болу үшін іске кірісу қажет, өз арманыңды іске асыру үшін, жаңа біліммен өзіңді жетілдіру шарт. Өзіңізден сұраңыз: «адамдар алдымен байып барып ақылды бола ма, алде ақылды болып барып бай бола ма? – деп. Әрине, алдымен ақылды болып барып, молшылыққа қолын жеткізеді. "Несібе берген Алла тағала, саған ақыл парасат әділеттілікті берді. Солай екен артықша нәрсені сұраудан ұял».  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.г.с.) Кедейлік пен жоқшылыктың себебі: баюға, молшылыққа жетуге болатыны болатыны туралы еш уақытта ойланбайды. Ойланбағаннан кейін осы бағытқа қарай қадам басып әрекет қылмайды.
...